1.Білім беру мазмұны дегеніміз не? 2.Білім мазмұны немен анықталады? 3.Жалпы білім, политехникалық және кәсіптік білім беру дегенді қалай түсінесіз? 4.Жалпы білім беретін мектептерден кәсіптік білім беретін арнайы оқу мекемелерінің арасында білім беру мазмұны жағынан қандай айырмашылықтар бар? Олардың байланысын қалай үйлестіруге болады? 5.Білім сапасын көтеру үшін білім мазмұнын жетілдірудің қандай негізгі алғышарттары қажет? 6.Қандай мемлекетік құжаттар оқытудың мазмұнын анықтайды? 7.Оқыту процесінде оқу жоспары, оқу бағдарламасының қызметі қандай? Олардың құрылымына сипаттама беріңіз. 8.Оқу жоспары, оқу бағдарламасы және оқулықтарға қойылатын қандай бастапқы дидактикалық талаптар бар?
9-тақырып.Қазіргі оқыту әдістері мен құралдары. Оқыту әдістері туралы ұғым. Оқыту әдістері, амал-тәсілдері және құралдары. Оқыту процесінде әдістердің маңызы мен қызметі. Р.Г.Лемберг оқыту әдістері туралы.
Оқыту әдістерінің көп түрлігі, оларды топтастыру мәселесінің маңыздылығы. Әдістерді “білім алу көзіне” сай топтастырудың маңыздылығы. Сөзге негізделген немесе мұғалімнің ауызша баяндау әдістері. Көрнекілікке негізделген оқыту әдістері. Практикалық әдістер. Оларға сипаттама.
Мұғалімнің оқыту әдістерін сабатар жүйесінде қолдану ерекшеліктері және оларды таңдай білу мен пайдаланудың тиімділігін арттыру мәселесі. Шетел мектептеріндегі оқыту әдістерін қолдану мәселесі. Қазіргі жағдайда оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің әдіс-тәсілдері. Жаңашыл педагогтар тәжірибесі.
Оқытуда негізгі оқу құрал-жабдықтарын: көрнекі және техникалық құралдарын, дидактикалық оқу материалдарын пайдалану маңыздылығы.
Негізгі ұғымдар:оқыту әдістері, амал-тәсілдері, құрал-жабдықтары, әдістерлі топтастыру, білім беру көзі, сөзге, көрнекілікке, практикалық әрекетке негізделген әдістер, танымдық іс-әрекетті белсендіру.