А. И. Бегимтаев


Тапсырма 1. Төмендегі әңгімені оқып мазмұның айтыңыз  Мөңке би мен Сырым



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата03.03.2017
өлшемі453,46 Kb.
#7275
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Тапсырма

1. Төмендегі әңгімені оқып мазмұның айтыңыз 
Мөңке би мен Сырым
Мөңке бидің үйіне арық  құнанын мініп Сырым бала келеді. Баланы көзге
ілмеген би бәйбішесіне: «Балаға айран әкел» депті.
Таңертең аулада семіз қызыл тұсақтың үйелеп өліп қалғанына налыған
Мөңке:
-
«Құтты қонақ қонса, қой егіз табады, құтсыз қонақ қонсе, малыңды
қырсық шалады» деген, қызыл тұсақ үйелеп өліпті, бала құтсыз қонақ болдың.
Енді үйімнен кет! –деп ызғар шашады. Сонда Сырым бала:
-
Олай   болса,   биеке,   -   депті.   Құтты   қонақ   қонса,   малы   өліп,   басы
аман қалады, құтсыз қонақ қонса, өзі өліп малы иесіз қалады дейді. Мөңке би
баланың бұл сөзіне аң-таң болыпты да: 
-
Рас, айтасың балам, сен шынында құтты қонақ екенсің,- деп оған
сый-сияпат көрсетті.
Тапсырма 
1. Төмендегі әңгімені мәнерлеп  оқыңыз 
Алдар би мен Сырым
Сырым үлгі алып, ұстаз тұтқан батырлар мен шешендер үлгілі сөз үйретіп
қана   қоймай   Сырымның   тапқырлық   сөздерін,   өжеттік   ерлік   істерін,   құптап,
көтермелеп  отырған. Алдар би Сырымның алдынан шығып:
-Қарадан хан болдың,
Айырдан нар болдың,
Жоқтан бар болдың.
Көнеден дәурен озды,
Көндей боп қамқа тозды,
Атадан ұл озды.
Анадан қыз озды – деп тақпақтап қарсы алады. Сонда Сырым:
 Қарадан хан болсам,
Халқым қалаған болар.
Айырдан нар болсам,
Атым жараған болар.
Көнеден дәурен озса,
Жасы жеткен болар.
Көндей боп қамқа тозса,
Дәурені өткен болар.
Атадан ұл озса,
Еркіндігі болар.
Анадан қыз озса,
Еркелігі болар- деп жауап береді.
Әрине,   Алдардың   сөзі   –   мақтау,   оны   Сырым   жақсы   түсінеді.   Батыр
масайрап бас шұлғымай, шешендік жұмбақтың шешімін тауып өзіне айтылған
мадақтауды ел-жұртының атына аударады. 
Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Т.Садықов. «Қазақтың шешендік сөздері». Алматы 1997ж
2.А.Нұрпейісова. «Тіл мәдениеті курсы». Талдықорған
3.М.Әлімбаев. «Өрнекті сөз ортақ қазына». Алматы 1977ж
4. Шынбатыров Ә., Жарқынбаев Т. Шешендік сөздер, ақындық толғаулар.
Алматы: 1985
№ 4 № Тәжірибеліқ сабақ
Сырымның әңгімелері
Сабақтың мақсаты:Студенттерді Сырым шешеннің өмірімен таныстыру,
халық алдында өтеген қызметін білгізу. Шешендік өнерін үлгі етіп практикалық
іс-дағдысында қолдануға үйрету.
Тапсырма 
1. Балтабай Адамбаевтың Сырым батырдың  шешендік өнерін зерттеуі 
туралы айтыңыз 
         2. Малайсарының және Сырымның сөздерін зерделеп, талдаңыз  
Сырымның шешендік өнері
Сырым   Датұлының   батырлығы   жөнінде   орыс   зерттеушісі   М.Вяткин
монография жазды. Балтабай Адамбаев Сырым атына байланысты шешендік
сөздерді   жинастырып   жариялады   және   кандидаттық   диссертация   қорғап   көп
еңбек   сіңірді.   Қазақ   батыры,   шешен,   билері   ішінде   Сырым   шешен   мұрасын
жинастыру  зерттеу ісі біршама дұрыс жолға қойылған деп айтуға болады. 
Осы   кітапқа   еніп   отырған   Сырымның   шешендік   сөздері   негізінен
Б.Адамбаевтың жинақтарынан алынады.
Олар мына төмендегілер:
Сырым   жиырма   алты   жасында   бір   жолдасымен   Нұралы   ханның   үйіне
барса, Қараман ана Малайсары мен сөйлесіп отыр екен.
-
Балалар аман ба? –депті де, елемей өздері сөйлесе беріпті. Сырым
жолдасына дауыстап: 
-
Жүр   кетейік,   бұлар   бізді   адам   деп   отырған   жоқ   қой!   –   дейді.
Малайсары жалт қарап:
-
Ата тұрып ұл сөйлегеннен без,
  Ана тұрып қыз сөйлегеннен без 
Сырнайдан сайраған мына бала кім еді?-дейді.
-
Ата тұрып ұл сөйлесе, ер жеткені болар,
-
Ана тұрып қыз сөйлесе, бой жеткені болар – дейді Сырым.
-
Сен толған екенсің, мен болған екенмін, - деп Малайсары Сырымды
қасына шақырған екен.
Сырым Малайсары ауылында
Малайсарының ауылы төменгі Топайлы қаласының аузында екен. Сырым
ауылына келгенде қарт азғантай қойының алдында жүр екен.
-
Аға кім болдыңыз? – деп сұрапты Малайсары:
-
Шырағым, кім болайық, осы жердегі аз үй Танамыз-дағы, - депті.
Сонда Сырым:

-
Тананың   қайсысысың?   Жеті   үй   Жиенбекпісің?   Бес   үй
Бессарымысың?   Тышқан   құлақ   Асанбысың?   Төлеуден   алған   Құнанбысың?   -
дегенде, Малайсары:
-
Шырағым, Тананың пәленімін деп неғылайын. Танысаң танырсың.
Мен де сені танып тұрмын. Даттың аузына шайтан түкірген, бір қу аяқ баласы
атқа мінді деп естіп едім. Сен сол бала боларсың?-депті.
Сонда Сырым:
-
Бәлі,   аға,   сол   балаңыз   мен   боламын.   Ауылдан   шыққанда   сізді
сөзден   ұтсам   ат   мінгізіп,   шапан   жауып   батаңызды   алайын   деп   аттанып   ем,
ұтылдым, батаңызды беріңіз, атыңыз мына астымдағы атым, шапаным мынау! –
деп үстіндегі шапанын шешіп беріпті.
Сырымның Нұралымен кездесуі
Сырым Нұралыға наразы болып жүргенде «Аз бен көпті, ақ пен қараны,
нашар   мен   мықтыны   теңгере   алмадың»   -   деп   өкпелепті.   Нұралыға   бір   кез
келгенде Сырым амандаспай жүре беріпті . Сонда Нұралы:
-Батыр!   Қайырылып   сәлем   бергің   келмейді,   тасып   жүрсің-ау!   –   депті.
Сонда Сырым:
- Хан, тасып жүргенім жоқ, қазақ баласының басын қоса алмай сасып
жүрмін, - депті.
Тапсырма 
Сұрақтар
1. Сырым Бөкен биге не себептен келеді ?
2. Бөкен би Сырымға не деп бата береді ?
3. Сырым Бөкен бидің берген батасының мағынасын қалай айырды ?
4.   Бөкен   би   неліктен   Сырымға   «жасың   алпысқа   жетпесін»   -   деп   бата
береді ?
5. Қоштасарда Бөкен би басын шертіп, Сырымның оған аузын ашып, тілін
шығаруының мағынасы неде ?
Басқа пәле тілден
       Сырым жас кезінде Есентемір Бөкен биге батасын алайын деп және
ақыл сұрайын деп ат, шапан алып барады. Барып қонақ болғаннан кейін Бөкен
Сырымнан келген жұмысын сұрайды.Сонда Сырым: 
      - Менің сізге келген жұмысым – біріншіден, сіздің батаңызды алайын
деп келдім, екіншіден, ақыл сұрайын деп келдім, - дейді.
         Сонда Бөкен: «Саған батамды берейін, сен жас болғанмен елге бас
болғандай екенсің», - деп бата береді:
                             Арқаң қара нардай жауыр болсын,
                             Мінезің қара жердей ауыр болсын.
                             Өкпең жоқ – бауыр болсын,
                             Құлағыңнан сыбыр кетпесін,
                             Жасың алпысқа жетпесін, - дейді.
 Батасын бергеннен кейін: «Мен не десем де бәрінің мағынасы бар, қалай
түсіндің, өзіме айырып бер», - дейді Бөкен қарт. Сонда Сырым: 

       -   Арқаң көп мінгеннен жауыр болсын дегенің – халық үшін жұмыс
жаса,   халықты   өзіңе   ерте   біл-дегенің.   Мінезің   қара   жердей   ауыр   болсын
дегенің-беріден ойлама, әріден ойла, салмақты бол, жеңіл болма дегенің. Өкпең
жоқ бауыр болсын дегенің - не болса соған өкпелеп, инені жіпке тізіп өкпешіл
болма - дегенің. Құлағыңнан сыбыр кетпесін дегенің – ел арасында дау-жанжал
көп кездеседі, сол мәселені өзің шешіп, ақ - қарасын айырып, дұрыс төресін
бере   біл   –   дегенің.   Жасың   алпысқа   жетпесін   деген   батаңызға   мен   түсіне
алмадым, - депті.
       Сонда Бөкен қарт Сырымға ақырған екен:
       -   Мен сенен құдайдың берген жасын қызғанам ба, жүз алпысқа кел.
Менің жасым сексен төртке келді. Алты бәлеге тап болдым. Мен сені сол алты
бәледен аулақ болсын деп едім. Ол мыналар: үлкен үйге кіре алмадым, кіші үйге
сия алмадым. Қара сақалды әкем болды, қара шашты шешем болды. Ауру келді,
кәрілік жеңді, - міне, алты бәле деген осы. Бұған қалай түсіндің ? – дейді. 
       Сонда Сырым батыр: 
     - Үлкен үйге кіре алмадым дегеніңіз, адамның қатары кетеді, баратын
үй таусылады. Кіші үйге сия алмадым дегеніңіз өзінен жасы кіші адамдардың
үйіне жасы үлкен адам шақырусыз бара алмайды. Қара сақалды әкем дегеніңіз
өзіңнен   туған   кей   бала,есейген   соң   әкенің   тілін   алмайды,   әкені   дұрыс   баға
білмейді.   Бір   сөз   айтсаң   бетіңді   қайырып   тастайды.   Қара   шашты   шешең
дегеніңіз сол баланың әйелі, келінің. «Осы шалға не керек екен, берген асты
ішіп жата бермей», - дейтін шығар. Ауру мен кәрілік түсінікті ғой, ата, - депті.
Сонда   Бөкен   қарт:   «Бақытты   бол,   балам,   жақсы   шештің»,   -   дейді.Сырымға
қарап Бөкен басын шерткен екен.
               Сырым оған аузын ашып, тілін көрсетіпті. Сырымның қасындағы
жолдастары:   «Бөкең   саған   неге   басын   щертті,   оған   аузыңды   ашып,   тіліңді
шығардың, ол не сөз ? » - дейді. Сонда Сырым: «Ол кісі маған басын шерткені –
басқа бәле қайдан келеді», - деген жұмбағы еді; менің оған тілімді көрсеткенім:
«Басқа пәле тілден келеді дегенім», - депті.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қосымова Г.  Қазақ шешендік өнерінің негіздері және тілдік танымы
    Алматы:    «Ғылым»  ғылыми баспа орталығы, 2005 – 296 б.
2. Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш//Шығармалары. Алматы, 
                                                         1989 ж,  137-304 б.
3. Қабдолов З.   Сөз өнері. – Алматы: «Санат», 2002. – 360 б.
4. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. 2- басылуы. – Алматы, «Санат», 1994.
272 б. 
 5. Негимов Ш. Шешендік өнер. Алматы: Мектеп-1997
№ 5 № Тәжірибеліқ сабақ
Сырымның әңгімелері
Сабақтың   мақсаты:  Студенттерді   Сырым   шешеннің   өмірімен
таныстыру, халық алдында өтеген қызметін білгізу. Шешендік өнерін үлгі етіп
практикалық іс-дағдысында қолдануға үйрету. 

Тапсырма 
1.
Сырымның сөздеріне талдау жасаңыз 
2.
Сырмның сөздерін жатқа айтыңыз 
3.
Төмендегі мәтіндердің мазмұның айтыңыз 
Ханның Сырымды сынауы
Сырым   Үргеніштің   ханына   барып   жүз   көріс   қылған.   Хан   Сырымның
атағына сырттай қанық : «Қазақтың өзі шешен, өзі батыр кісісі» деп естиді екен.
Хан Үргеніш шешен мен Сырымды айтыстырыпты.
Үргеніш шешені:
- Сөз анасы не?
  Су анасы не?
Жол анасы не ? – деп сұрайды.
Сырым батыр: 
-
Сөз анасы – құлақ
-
Су анасы – бұлақ
-
Жол анасы –тұяқ! - деп жауап беріпті.
Үргеніш шешені:
-
Дау мұраты не?
-
Сауда мұраты не?
-
Қыз мұраты не?
-
Жол мұраты не?
Сырым батыр:
-
Дау мұраты –біту!
-
Сауда мұраты –ұту!
-
Қыз мұраты - кету
-
Жол мұраты – жету!- дейді.
Үргеніш шешені:
-Намазда жан-жағыңызға қарай береді екенсіз, оның не ? – деп сұрайды.
-   Жан-жағыңызға   қарамасаңыз,   менің   қарағанымды,   қарамағанымды
қалай көрдіңіз? – депті Сырым.
Үргеніш шешені:
-Сізді екі аяқты, бір тілді адам баласы жеңді ме? – дейді.
Сырым батыр:
-Сырымның   айтқанын   тыңдамай   өз   сөзін   соға   берген   адам   Сырымды
күнде жеңеді депті.
Сырымның тапқырлығы
Сырым әрі батыр, әрі шешен, әрі тапқыр ақылды адам болған. Ол халық
қамқоры,   батыл   да   адал   бейнесінде   көрінеді.   Бір   мәжілісте   Нұралы   хан
Сырымнан:
-
Ханның құны не болады? – деп сұрапты? Сонда Сырым:
-
Ханның құны бір арба жібектің күлі- дейді.
-
Жібектің күлі болушы ма еді? – дейді хан. Сонда Сырым:
-
Тақсыр сіздей ханда құн болушы ма еді? – деген екен.
*  *   *
Бір күні біреу Сырымға:

-Қатты адамға, мал тұрады деген не? Соны айтшы – дейді.
Сонда Сырым:
-Қатты адамға мал тұрса, шөп шықпайтын тақыр-дағы – депті.
Өлмек хақ, тумақ хақ
    Ерденнің жалғыз баласы қайтыс болғанда аяқ жетер жердегі ел түгел
келіп,   ақ   жауып   арулап   қойған   соң   да,   әр   тараптан   келген   жайсаңдар   мен
жақсылар көңіл айтуға келгенде, басын көтермей, жалғыз баласының қайғысы
қабырғасын қайыстырып, сартөсек боп сарғайып жатып алыпты.
     Бұл хабар Сыр бойындағы Досбол, Шоқайларға да жеткен. Ел арасы
шалғайлықтан мүрде жерленгеннен кейін жетінші күні жетіпті. Үйге кіре аят
оқытып, өлгенге - иман, тіріге - береке тілеп, бет сипасқанда да Ерден жатқан
орнынан қозғалмапты.
     -Уа, Ерден! –депті Досбол. - Қайғырғанда көңіліңді демейтін ағайын-
туыс   болмаса   бір   сәрі!   Құдайға   шүкір,   ойдан-қырдан   жапырылып   -   ағылып
келіп жатса, бұл өліктің сәні, әрі көңілге дәрі емес пе?
     Өлмесе қайда кетті бұрынғының кәрісі? Әлемді жалмап - жұтса да,
өмірінде   тоймаған   қара   жердің   толысы!   Ерден-ау,   өткенге   өкінбе,   келмеске
күйінбе, өлім деген- ұзақ жолдың алысы. Өлмек хақ, тумақ хақ, барлық жанның
қабір емес пе барысы? Құдайға мұнша наз қылатындай ашынасы ма ең, әлде көз
көрген танысы ма ең?!-дейді. Бұған да мызғымаған.
     Шоқай молдас құрып отырған қалпынан ауысып, жүгіне қос тізерлеп,
қамшысын мықынына таяна ұстап, аңға түсер мұзбалақтай шаңқ етіп:
     -Ей, батыр Ерден! Басыңды көтер жерден! Құдайдан да құдіреттімін
деп, мейманасың тасып кеткен екенсің керден?! Мыңды айдаған әкең Сандыбай
да қара жерге енген! Әулие болсаң, әкеңді де, балаңды да алып қалуға әлің қане
келген?!
                                      Көкті бу көтереді,
                                      Жүйрікті ду көтереді.
                                      Өлімді ер көтереді,
                                      Ауырды нар көтереді!
   Ер емес пе едің, талайды көрген?! Құнсыз беріп, пұлсыз алды, нең бар
еді құдайда берген?!- дейді ашына.
   Ерден төсегінен шүйіле көтеріліп, сарғайған жүзін орамалымен сипап:
       -Уа, асып туған асылдар! Қайғырсаң да қаншама, өлі артынан өлмек
жоқ.   Құрдымға   хайыл   кеткен   соң,   екі   айналып   келмек   жоқ.   Көтермесем
басымды, көңілім өксік қаяулы! Ардақтыларым едің аяулы, саңлақтарым едің
санаулы!   Көңілде   қайғы   шемен-шер,   төбелерің   көрінбеген   соң,   күтіп   жатыр
едім, өздеріңдей асыл ерлерді!- деп құшақтаса көрісіп, көңілдегі нала-құсасын
тарқатысып, үш-төрт күн болып көңілін демеп, қайғысын бөлісіп аттанған екен.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Н.Төреқұлов. «Қазақтың қанатты сөздері».Алматы 1988ж
2.А.Бисенғалиева. «Сөз тапқанға қолқа жоқ».Алматы 1988ж
3. Шқанова Б. Шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктері. Алматы: 1995
4.   Шындалиева   М.   Шешендік   пен   ақындықтың   дәстүрлі   байланысы.
Алматы: 1996

№ 6 № Тәжірибеліқ сабақ
Сабақтың тақырыбы: Билердің сөз шеберлігі
Сабақтың   мақсаты:  Студенттерге   шешендік   сөз   үлгілерін   меңгерту,
сөздің мағынасын түсінуге, сөзге мән беруге, шебер сөйлеуге баулу.
Тапсырма
Сұрақтар:
1.
Әңгіме не туралы?
2.
Әйтекенің шешендігін қай жерден байқадыңыз?
Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін
Жер дауына байланысты Орта жүзде Ормамбет биге айтқан бір сөзінде
Әйтеке: «Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң жауға найзаң тисін,
бай болып жауға найзаң тимесе, елден бөтен үйің күйсін» деген.
Суалмайтын суат жоқ,
Тартылмайтын бұлақ жоқ.
Тамыры суда тұрса да,
Уақтысы жеткенде,
Қурамайтын құрақ жоқ.
Дүние деген фәни бұл,
Баласы жоқта мият жоқ.
Бәрінен қиын сол екен,
Артында жанған шырақ жоқ...» - 
деп Әйтеке атынан айтылған нақыл сөз де оның ойы терең, өмірден білген
түйгені мол өз заманының ақылгөй екенін аңғартады.
Қысқасы,   би   –  шешендер   мұрасы  –   ұлт,   замана,   мемлекет   тағдырын,
өмір,   тіршілік,   тұрмыс   құбылыстарын,   адамгершілік   дүниесін   жан-жақты
қозғап, әділ таразылайтын, ғаламат тұжырымды, тұрлаулы пікірлер қорытатын,
нәзік   талдаулар   жасайтын,   туған   халқының   ақыл-ой   дәрежесін,   рухани
болмысын танытатын теңдесі жоқ өмір оқулығы болып табылады.
*  *   *
       Ұлы жүздің жігітіне атастырып қойған Орта жүздің бір қызы өз елінің
бір   жігітімен   қашып   кетеді.   Соған   байланысты   Ұлы   жүз   жағының   жігіттері
Орта жүз ауылдарынан жылқы айдап алады. Ақыры Ұлы жүздің биі Төле мен
Орта жүздің биі Қазыбек айтысады:
Аға болып алдымен туасың,
Алдымнан жылқымды неге қуасың?-  дейді Қаз дауысты Қазыбек би.
Артымнан ерген еркемсің,
Ағаңның көзі тірісінде
Жеңгеңді неге ертесің? – дейді  Төле би ашуланып. Сонда екі жағының да
сөзін тыңдап отырған Әйтеке би былай депті:
-
Сабыр етіңдер билер! Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.
Ашу деген ағын су,
Алдын ашсаң арқырар.

Ақыл деген дария, 
Алдын тоссаң тоқырар.
Кісі бірге туыспау керек,
Туысқан соң сөз қуыспау керек.
Сөз қуған пәлеге жолығады,
Жол қуған олжаға жолығады.
Төле, сен жылқыны қайыр,
Қазыбек сен жесірін қайыр!
Әйтекенің төрелігін екі жағы да қабыл алып, ауысқан адамын, малдарын
бір-біріне қайтарып, ел арасы тыныш болыпты-мыс.
                                                            Тапсырма 
1.
Шешендік дау туралы түсінігіңізді айтыңыз 
2.
Ер дауы дегенді қалай түсінесіз? 
3.
Бала би мен қарттың сөздеріне талдау жасаңыз 
 «Мен жастың жайсаңы едім»
Кіші жүз Жарасбай елі Қыпшақ Хангелді батырды өлтіріп, артынан құн
даулап   неше   рет   барса   да   теңдік   бермепті.     Ол   кезде   Бала   бидің   шын   аты
Ыбырай екен. Қыпшақ елі баршамыз деп тағы да жиналғанда Ыбырай тілек
қылып   бірге   кетеді.   Жарасбай   елінің   Ысмайыл   деген   егде   тартқан   қарт   биі
жұртты   сөзден   тосып,   теңдік   бермей   жүреді.   Ел   тағы   да   сол   Ысмайылды
алдырыпты. Бас қосқан кезде екі жағынан да үш адамнан шығыпты. Қыпшақ
жағынан үштің бірі болып бала Ыбырай  шығады. Баланы көріп қарт би былай
дейді:
«Баланы мұнда неге әкелдіңдер? Бұл келіннің тойы, кемпірдің өлімі емес,
ердің құнын, нардың пұлын даулайтын үлгілі би, үнемі жүйрік түсетін, ердің
арысы,   елдің   намысы   сөз   болатын   жер   емес   пе!   Түйенің   тайлағы,   баланың
ойнағы ма бұл?!  - дейді.
Сонда Бала би былай деп жауап қайырған екен:
-
Үш жүздің баласы бас қосқанда Орманбет би: «Ердің құнын жастың
жайсаңы   даулайды,   кәрінің   сайтаны   даулайды»,   -   деген   екен.   Сен   кәрінің
сайтаны едің мен жастың жайсаңы едім. Қартайғанша   дауға араласатын   нең
бар? – депті.
-
Қарт сөзден тосылып, құн берген екен. Ыбырай содан былай Бала
би атанып кетіпті.  
Пайдаланған әдебиеттер:
   1. Дәдебаев Ж. Шешендік сөздер. Алматы: 1993
2. «Билер сөзі». Кәкішов Т., Алматы1992
3. Б.Адамбаев. «Қазақтың шешендік өнері».1984ж
4. Б.Адамбаев. «Халық даналығы».1976ж
№ 7 № Тәжірибеліқ сабақ
Шешендік арнау
Сабақтың   мақсаты:  Шешендік   арнаудың   түрлерін,   айтылу   ережесін,
шешендік бейнесін түсіндіру.
Тапсырма 

1.
Тілек туралы не білесіз? 
2.
Алғыс дегеніміз не? 
3.
Қарғыс дегеніміз не? 
      Мысал келтіріңіз 
Белгілі бір адамға арнайы айтылған сәлем, сын, әзіл және бата сөздерді
шешендік арнау дейміз. Жаңалық пен жақсылыққа құтты болсын айту, қаза мен
қайғыға   қайыр   болсын   айту,   қазақтың   ежелден   келе   жатқан   әдет-ғұрпы.
Келгенде   «Қош   келдіңіз»   деп   қарсы   алу,   кетерде   «Жолыңыз   болсын»   деп
шығарып салу жаңа сатымызға жат емес. Жақсы лебіз жарым ырыс деп тілектес
сөзді   жоғары   бағалаған   халқымыздың   бата   тілегін   бейнелейтін   шешендік
сөздердің неше алуан нұсқалары бар. Қазақ халқы Ас адамның арқауы, Астан
ешкім үлкен емес, деп заттық игіліктің адам өміріндегі шешуші мәнін дұрыс
түсінсін, деп астың алды артында жақсы тілек игі ниеттерін білдіретін болған.
Бөлшіл, бөлшіл, бөлшіл бол,
Боз торғайдай төлшіл бол
Тәңір берген несібең
Тепкілесең кетпесін, - дейтін бата, алғыс сезімді әр халықтың үмітімен
келешегі   болып   табылатын   балаң   көп   болсын,   тұрмысың   жақсы   бақытты
баянды болсын деген ешбір дәуірде ескермейтін игі тілекті білдіреді.
Алтын ерлі ақ боз ат
Астында жүріп арысын
Қалың шашты қой көзі
Тоңдап қалған бұраң бел
Қасыңда жатып қарысын... -дейтін сөз біріншіден, ердің баласына бақыт
пенен   байлық   тілігі,   екіншіден,бақытпен   байлық   иелі   деген   Халық   ұғымын
көрсетеді.
«Алғыспен   ел   көгереді,   Жаңбырмен   жер   көгереді»   деп   елдің   алғысын,
үлкеннің   батасын   қазақ   жоғары   бағалаған,   сөздің   рухтандырушылық   дем
берушілік күшіне кәміл сенген осы батаны Қанжығалы Шөнкі қарт айтқанда:
«Бүкіл денем шымырлап, буын буыным жіпсіп» тұрды – деген екен ұлы жүзде
Ысты Бөлтірік шешен. Мұндай батаға біреу мақтанса, біреу үміттенеді. Үміт -
талаптың   жетекшісі,   талап   табыс   кілті.   Олай   болса   осындай   бата   тілектің
негізінде   халықтың   мұратшыл   ой   арманы     болашақтан   күткен   үміт   жатады.
Сонымен бірге халықтың үлкенге  деген құрметін, сыйын, бата  сөзге  сенімін
қара   басыңның   қамы   үшін   пайдаланған   билерді   әшкерлейтін   сөздер   де
сақталады.
Тапсырма 
Сұрақтар 
1.
Досболдың тапқырлық сөздерінің мәнін түсіндіріңіз 
2.
Әзіл туралы не білесіз? 
3.
Әйел адамға деген құрмет туралы не түсіндіңіз, айтыңыз
4.
Уайым дегеніміз не? 
5.
Байлардың кедейге көзқарасын түсіндіріңіз 
Досбол би жолаушылап жүріп бір үйге түседі, үй иесі союға бір тоқты
алдырып бата сұраса, тоқтыны арықсынып былай дейді:

- Япырай мына тоқты емген бе,
Әлде қойдан қалдырып шөп жемеген бе,
Болмаса малшы жөндеп бақпаған ба, 
Әлде енесін қатырып қақтаған ба,
Ұлан жаздай қонаққа мұны соймай
Әдейі Досбол биге сақтаған ба?
Сонда   үй   иесі   тоқтыны   қоя   бергізіп   басқа   қой   әкеліп   сояды.   Қойдың
терісіне қызығып, ас артынан би:
Кеңейте көр өрісін
Ұзарта көр желісін
Тонымның бір бойы кем еді, 
Бергізе көр терісін, - деп бата беріпті.
Қазақ ежелден қалжыңды жақсы көреді. Баласы әкесімен, келіні атасымен
әзілдесе береді. Әзіл үстінде айтылған артық  кем сөзді көңіліне ауыр алмайды.
Мұндай   салт   бір   жағынан   жастарды   жақсылыққа   тәрбиелесе,   екіншіден
ұстамдылыққа,   еркіндікке   баулиды.   Бай   –   патшалар   әйелді   кем   санағанмен
халық еркекпен тең санаған. Халықтың ертегі аңыздарда  батырлық ғашықтық
жырларда     арыстан   жүректі,   жолбарыс   қайратты   батырлардың   атын   баптап,
қаруын   сақтап,   ақылшы   болған   арулар   көп.   Сондай-ақ   ақындық   шешендік
айтыстарда, сөз саласында еркектен ешбір кемдігі жоғын аңғарған халық сөз
жарысында да әйелге тең қарап еркіндік берген. Жақсы әзіл-қалжың танысып,
білісудің   ақыл-ой     санасудың   таптырмайтын     тәсілі   болған.   Бала   би   көсе,
Досбол сақалды кісі екен. Бала би жолдастарымен жолаушылап келе жатып,
далаға түнеп қара шай ішіп отырған Досболды  көріп: Сауулы түйелерің бар
көрінеді, қара шай ішкенше түйе сауып сүт қатып ішпейсіңдер! – дейді. Сонда
Досбол: -Ұрғашыға үйренген інген еді, сақалымыздан шошып бізге сауғызбай
тұр, - депті әзіл -қалжың қыз бен жігіттің қатарлас,  қадірлес адамдардың атасу
сырласу тәсілі болуымен бірге кейде көңілде жүрген наза – наразылық сөздерді
айтып   біреуді   біреу   көп   алдында   кекетіп-мұқатып   қалуға   да   сылтау   болған.
Нұралы ханның баласы Қаратай Орынборда оқу бітіріп патшадан аға сұлтандық
алып, Кіші жүзді аралап жүргенде Атай Атақозы биге кездесіп қалады. Атақозы
ашық арық, қатпа кісі екен. Биге көзі толмаған сұлтан:
-
Әй, Атақозы! Ойда қалмақтың, қырда қазақтың малын қоймасаңда
алғаның бойыңа жұқпаған екен ау – дейді.
Сонда Атақозы шешен:
Өлеңді жерде өгіз семіреді,
Өлімді жерде мал да семіреді.
Қаралы үйде қатын семіреді,
Қайтсем топтан торғай шығармаймын деп,
Қазақтың бір тайын дұшпанға алдырмаймын деп,
Бір түнде тоғыз оянып, тоқсан толғанамын, 
Мен арық болмай кім арық болады- депті. Қаратай  жұмған аузын  аша
алмапты.   Тек   қасындағы   бір   би:   Өз   жөнімізбен   өлмей,   үйдегі   қатын,   балаға
зәбіріміз тиіп кетті-ау деп қисая кетіпті. Бірақ бұдан халықтың дұшпаны - хан,
сұлтан досы - би болыс екен деп ұқпақ керек. Хан да, би де кейде қарапайым

көпшілікті   менсінбей   байды   жоқтап,   сонан   соң   сөйлеген.   Бұл   жерде   ханды
мұқатып  халыққа қамқорсып, ел жұрт алдында өз беделін, өз ықпалын  сақтап
қалу   үшін   ежелден   айтылып   келе   жатқан   ақылды   сөздерді     би   шешендер
пайдаланған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет