4.1. Батырдың әлеуметтік-рухани болмысы мен беделі
1 6 7
бидің батасын алып, Арал батырдың қара сауытын киіп жекпе-
жекке шығады. Жекпе-жекте Қармыс қалмақ батырын өлтіреді.
Мұнан кейін қазақ эскері бел алып, қалмақтарды шығынға ұшы-
444
ратады
Адайдың Мұңалынан шыққан Шотан батыр - жасқану білмес,
сескену таппас тастүйіндікпен күрескен елеулі тұлға. Ел аузын-
дағы жырлардағы:
Жолдасы Есболай мен Есек мерген
Өңшең батыр, қайыспас көпті көрген.
Еліне қоныс іздеп шыққан ерге
Би Әжібай Шотанға бата берген»
- деген жолдардан олардың Кете тайпасының атақты Әжібай биі-
нен бата алғанын білуге болады4
4
4
445
Енді батырлардың кескін-келбеті, түр-тұлғасы туралы мәселе-
ге де тоқтала кетсек. Қазақтың батырлық жырларында батырдың
бейнесі өте эсіреленіп беріледі. Оларды тіпті аттары көтере ал-
май жатса, соққылары да жойқын, дауыстары жер жарады, ұйқы-
лары да ерекше. Ұрыстан соң немесе үлкен жорықтан оралған
олар бірнеше тэулік бойы ұйықтап, соның салдарынан қиындық-
қа, алдауға, тұтқынға түсіп те қалып жатады.
Батырлықтың келбетін Шалкиіз жырау: «Дулығамның төбесі,
туған айдай болмаса, батыршылық сүрмен-ді!» деп толғайды446
Қайып ханның елшісі, батыры Арыстанбай Айбасұлының бір-
де Әбілқайыр ханға айтқаны мынау екен: «Жорыққа кісі көп нәр-
се алып шыға алмайды той, алдияр. Мен де бір тоқты қойда жүр-
генше, бойда жүрсінші деп мына алдаспанды алғанмын, бір тай
саяқта жүргенше, аяқта жүрсінші деп мына үзеңгіні алғанмын.
Бар күшім өзімнің бойымда жүргенше, жүрттың ойында жүрсін-
ші деп не істесем де еркін істейтін тәуекелді алғанмын. Содан
қалған жеріне сабырды жүктегем!»447
Достарыңызбен бөлісу: