4.1. Батырдьщ әлеуметтік-рухани болмысы мен беделі
163
Ел аузында сақталған әңгімелерде
Арғын мен Найман тайпа-
лары арасында үлкен дау-дамай туып, оның арты ушығып бара
жатқанда Аралбай батыр өзінің он
жеті жасар баласы Жандыр-
ды оққа қиғаны туралы оқиға баяндалады. Батырлар арасындағы
бірлікті ру мүдцесінен жоғары қойған Аралбай батыр мынадай
шарт қояды. Құн даулап келген найман
батырларының бірі көзін
байлап, алдынан шауып өтуге келіскен Жандырды атуға тиіс бо-
латын. Бүл Аралбай батырдың екі тайпа арасындағы кісі өліміне
соқтырар кұн дауын бейбіт жолмен шешуге тырысып,
өзінің жар
дегенде жалғыз баласын қүрбандыққа шалып, тәуекелге барған
харекеті еді. Ал, Ақтамберді, Қабанбай батырлар өз кезегінде әке-
сінің сөзін екі етпей көзделген жерге барып қалшиып нысана бо-
лып тұра қалған Жандырдың бетінен сүйіп: «Адам бол, Жандыр
балам! Жүрегің - жаудан, тілегің елден қайтпасын!» деп батасын
беріп, екі ру бейбіт жолмен тарқасқан екен 433 Міне, ел бірлігі жо-
лындағы батырлардың биік принциптері
осындай қасиеттерінен
көрінсе керек.
Батырлыққа тән қасиеттің бірі - шыдамдылық. Олар аптап ыс-
тыққа да, ызғарлы суыққа шыдамдылық танытып, денете түскен
жарақатын да елемей үрысын жалғастыра береді. Олардың бұл
қасиеті қазақ «Етігімен су кешіп» деген сөзінен көрінетін сияқты.
Батырлардың шыдамдылыты туралы
Базар жыраудың шығарма-
ларында көрініс тапқан. Ақынның толғауындағы:
«Ерегіскен хандарды,
Алтын тақтан тайдырған,
Жетіде тағам бір татқан,
Қысқа күнде қырық шапқан»434,
- деп келетін жыр жолдары айқын білдірсе керек.
Батырлардың басты намыс кодекстерінің бірі - кек алу. Кек
алу жауға кеткен есені қайтару, кек алу ерлік,
кегін қайтара ал-
мағандарды ел-жүрт намыссыз деп таныған. Бұл кезде «қанға -
қан, жанға - жан» заңын қолданады. Ата кегін, халық кегін алу
Достарыңызбен бөлісу: