4.1. Батырдьщ әлеуметтік-рухани болмысы мен беделі
1 6 9
И.В. Ерофеева жекпе-жекте жеңіп батыр атанудың өзіндік
шарттары болғанын атап өтеді. Мәселен, зерттеуші XVIII ғасыр-
дың аяғы - XIX ғасырдың басындағы қазақ қоғамына қатысты
мәліметтерді жинаушылардың еңбектерінен нағыз батыр атағын
иелену үшін соғыс кезінде жау жағына үш рет өтіп, қылыш неме-
се найзамен жау батырын түйреп өлтіргенде ғана батыр атануға
болатыны туралы мәліметтер кездестіргенін алға тартады 45°.
Бір-біріне жақын келген екі жақтың эскері ең алдымен хас ба-
тырларын шығарып жекпе-жек өткізеді. Жекпе-жек алдында ба-
тырлар бір-біріне айбар көрсетіп, сөз қағыстырып, бір-біріне ай-
бат шегіп алады.
Қазақ, қырғыз, қарақалпақ, якут, башқүрт, алтай, өзбек т.б.
эпостарындағы батырлар бейнесін ашуды мақсат тұтқан Р.С. Ли
пец өзінің еңбегінде батырлардың жекпе-жегі кезең-кезеңмен
өтетінін жазады. Алдымен садақтан атысады, одан кейін алыс-
тан шауып келіп найза түйреп, аттан жұлып түсіруге тырысады,
соңынан қылыпі сермеседі. Бойларындағы барлық қару-жарақта-
ры күйреп, сынып іске жарамсыз болып қалған соң қоян-қолтық
ұрысқа кіріседі4
5
0
451 Ұрыстың жекпе-жек саласы да бірқатар зерт-
теушілердің қаламына арқау болған. Олар жекпе-жектің маңыз-
дылығын былай түсіндіреді:
- білекті, жүректі сарбаздары мен сардарларын танытып, жап-
пай шайқас алдында қарсыластарының меселін қайтарып,
басып, ықтырарлық дөңайбат көрсету;
- уақыт ұту, арт жақтағы жасақтардың келуін күту, тактика-
лық әдістерді ойластыру;
- ұзақ жыл соғысқан екі жақ батырларының өшігуінің салда-
рынан кек алу мақсаты.
Жекпе-жектің екі түрі: 1. Екі жақ жүптасып күш сынасуы.
2. Жеңімпаз батырға қарсы жақтың бірнеше батыры шығады.
Жекпе-жек кезінде мэрттік танытқан батырлар аз болмаған.
Егер қарсыласының найзасы сынса, аты мертіксе ауыстырып ал-
уына мүмкіндік берген. Ондай сэтті пайдаланып кетуге құнық-
Достарыңызбен бөлісу: