А. И. Исаева Қазақ халқындағЫ


Қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік жүйесіндегі



Pdf көрінісі
бет73/219
Дата18.11.2023
өлшемі7,97 Mb.
#124470
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   219
2.1. Қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік жүйесіндегі
батырлық дәстүрдің қызметі
Әрбір қоғамдық қүбылыстың жан-жақты талдамасы оның 
туындау, пайда болу жэне эрі қарайғы дамуы тэрізді ішкі мүмкін- 
діктерін көрсететін белгілерден түрады. Дәстүрлі қазақ қоғамын- 
да сипаты мен қызметі жағынан әлеуметтік топ ретінде жетілген 
батыршылық институты дэл осы қағидаға сай дамыды. Ал оған 
эсер етуші қандай белгі дегенге келсек, ол - көшпелі қоғам қа- 
рым-қатынастарының басты жиынтығын құрайтын ру-тайпалық 
жүйе. Тарихи кезеңдерде орын алған түрлі оқиғаларға байланыс- 
ты көшпелі қоғамдық қүрылымдар тез арада қайта қалыптасып, 
соның негізінде әскери-саяси мүдделер алдыңғы орынға шығып, 
элеуметтік-экономикалық ұстанымдарға негізделген салалар ке- 
йінге шегерілді не болмаса, мүлде істен шықты. Бұл жерде ре- 
сейлік талым Г.В. Марков ұсынған көшпелілердің қоғамдық құ- 
рылымындағы кезектесіп отыратын екі түрлі жағдай идеясымен 
келісуге болады227 Идея бойынша бейбіт уақытта шаруашылық 
мүдделері көшпелі қоғамның өз бетінше дамып және тайпалық 
билік институттарының элсіреуіне экелді; ал соғыс кезінде ша- 
руашылық мүдделері ысырылып, тайпа көсемдерінің билігі арта
227 
Марков Г.Е. Кочевники Азии. Структура хозяйства и общ ественной организации
- С . 311-312.
76


2.1. Қазақ коғамының саяси жэне әлеуметтік жүйесіндегі батыршылык ...
77
түсті жэне барлық қоғамдық ұйым «әскери-көшпелі» қалыпқа кө- 
шірілді. Мұндай ұйымдардың басында ру жэне тайпа басшыла- 
рының басқосуларында сайланған ықпалды жэне саяси қабілеті 
мол жетекшілер түрды да, олардың басты қызметі ішкі тұрақты- 
лықты сақтай отырып, сыртқы саяси мәселелерді шешу болды. 
Міне осы кезде тақырыбымыздың өзегі болып отырған батырлар- 
дың сын сағаты соғып, қоғамның болашағы олардың іс-әрекетіне 
қарай дамыды.
XVII 
ғасырдың аяғы XVIII ғасырдың басындағы қазақ қоға- 
мының ішкі жэне сыртқы саясатының даму ерекшеліктері батыр- 
лар институтының ықпалының артуы мен олардың жеке әлеу- 
меттік топ ретінде толыққанды қызмет атқаруын айқындап берді. 
XVII ғасырдың аяғы XVIII ғасырдың басындағы қазақ халқының 
сыртқы жауы тек жоңғарлар ғана емес еді. Батыстан Еділ қал- 
мақтары қысты, оңтүстікте Хиуа мен Бұхара хандығы мазалады, 
теріскейде башқұрттар қиқу салып, сырттан орыс патшасы азу 
салуға даяр тұрды228.
Міне, осындай аласапыран, қилы кезеңде Тэуке ханнан кейін 
билік тұтқасын ұстаған қазақ хандары арасында алауыздық туып, 
елдің елдігін сақтап қалу жолында батырлардың ықпалы айтар- 
лықтай артып шыға келді. Тиісінше, сыртқы жауларға халықты 
бірлікке жұмылдырып бір орталықтан басқару жолында әлсіздік 
танытқан қазақ хандарының беделі төмендеді. Енді осы бойынша 
бірқатар деректерге кезек берсек. Жалпы, қазақ хандарының би- 
ліктегі осалдығы туралы эр түрлі кұжаттарда куэлік етеді.
Қазақ жүздері арасындағы хан билігінің әлсіздігі жөнінде 
1732 жылғы М.Тевкелевтің Сыртқы істер Алқасына Ор өзені 
бойына бекініс салу жэне Хиуаға Әбілқайыр ханның ұлын жө- 
нелтіп, сауда қатынасын орнату бойынша жазған хатынан да 
аңғаруға болады. Тарихи құжатта мынадай дәйексөз берілген: 
«...қырғыз - қайсақтар - тұрақсыз адамдар, хандарынан мүлдем 
қорықпайды»229


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет