74
1-ТАРАУ. Қазак коғамындағы батырлык дәстүрлердін тарихи бастауы ...
еді. Олардың билігі мен беделінің артуы мен төмендеуі қазақ қо-
ғамындағы жоғарғы элеуметтік топтарға да тікелей байланысты
болды. Сондықтан қазақ хандары да өз есімдерімен қатар «баһа-
дүр», «батыр» атағын иеленген.
Ал, хандықтың бас әскербасын хан өзі тағайындаған. Оған
ұйымдастыру қабілеті бар, қол бастай алатын, шабуыл мен қор-
ғану ісіне шебер, эрі ұрыстарда батылдық көрсеткен, жекпе-жек-
терде жеңіске жеткен адам болуы керек. Осындай батырды ғана
әскербасы етіп қойған226
Негізінен таптық ұстанымға негізделген кеңестік зерттеуші-
лердің еңбектерінде қазақ қоғамындағы батырлардың мұндай
айрықша рөлі мен орны дұрыс түсіндірілмеді. Мэселен, М. Вят-
киннің өзі батыр терминін элеуметтік-таптық мэні жоқ ұғым ре-
тінде қарастыра отырып, эсіресе XVIII ғасырда ерекше рөлге ие
болған батырлардың қоғамдық сипатын (общественная природа)
анықтаудың қиындығын алға тартады. Мұндай «қиындықты» қо-
ғамдық қатынастарды тек таптық тұрғыдан түсіндіретін эдісте-
мені (методологияны) басшылыққа алған кеңестік зерттеушінің
бастан өткеруі таңданарлық жайт емес. Себебі, қазақ қоғамында-
ғы батырлар өздерінің таптық сипаты жағынан үстем тап немесе
қаналушы жэне езілген тап арасынан да шыққан тұлғалар болған-
дығын ұмытпауымыз керек.
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы элеуметтік жіктелу барысында
батырлардың үстем тапқа жатқызылуы тарихи кезеңдегі эске-
ри-басқару қүрылымының үлкен рөл атқаруымен, демек, эскери
қарсыласу дэуірінде батырлар - көсемдер ие болатын зор билік
ықпалымен анықталды. Бұл жағдайдың тарихи себептеріне келе-
сі бөлімде толығырақ тоқталамыз.
- Батырлар дәстүрлі қазақ қоғамында жауынгерлік дәстүрді
жалғастырушылар ретінде өзіндік ерекшелігі айқын әлеумет-
тік топ ретінде өзіндік ұғымдық бет-бейнесі мен ерекшелігі
қазақ қоғамының үлттық күндылыктарымен бірге үнгтасып кет_
кен, ажырагысыз элеуметгік өлшемнің жиынтығын құраңды.
Достарыңызбен бөлісу: