2.1. Қазақ коғамының саяси жэне әлеуметтік жүйесіндегі батыршылык ...
85
екі жақ адам өлімінен сақ болуға тырысатын. Соған байланысты
«Бас жарылса, бөрік ішінде, қол сынса, жең ішінде» деген сөз тір-
кесі барымтаның басты қағидасы болған.
Барымта кезінде өлім-
жітімге жол бермеуінің басты себебі құн төлеу жүйесінде жатты.
Мысалы, тобықтылар мен матайлар арасындағы бір барымталасу
кезінде матай руының батыры Тәнеке Дөсетұлы жігіттеріне сақ
болыңдар өлім болмасын, бір бейбақтың құны - 100 жылқы, оны
төлейтін жайымыз жоқ десе, керей
мен найман арасында орын
алған барымтадағы сойылдасуда керейдің эйгілі барымташы ба
тыры Төлен найманның үш бірдей жігітін аттан құлатады. Сол
кезде найманның 16 жасар Барлыбай атты жас батыры Төленмен
алыса кетеді де күші асып оны қолындағы балтасымен ұрайын
дегенде,
экесі қолынан ұстап алып, өлтірме құнын немен төлей-
сің деп тоқтатады249 Сол себепті де барымта уақытында қазақтар
қандай ашу үстінде болмасын істі насырға шаптырмауға тырыс-
қан. Ең бастысы құн төлеуден ерекше қорыққан.
Осыдан алып
қарағанда қүн төлеу жүйесі барымта кезінде адам өлімін болдыр-
мауда прогрессивті рөл атқарған.
Барымтаның сәтті аяқгалуы көбіне бір топтың қатарында есімі
сол өлкедегі жалпақ жұртқа танымал айтулы батырлардың көптеп
тартылуына байланысты болтан. Сол себепті де бай-шонжарлар
өздерінің маңайына тақымы мықты, білекті
жігіттерді топтасты-
рып, көршілес руларға жэне сауда керуендеріне барымта ұйымдас-
тырған. Ал кейде керісінше болып барымташы батырлар бай-шон-
жарлардың, сүлтандардың малдарын барымталап кедей-кепшікке
үлестіріп беріп отырған. XX ғасырдың басында Шыңжаңда өмір
сүрген Зуха батыр маңайына өзі тәріздес жаужүрек жігіттерді топ-
тастырып қазақ, қытай, моңғол
байларының жылқыларын айдап
әкетіп тұрмысы нашар ауылдарға таратқан. Монғолияның Баянөл-
гей аймағында Рамазан деген атақты барымташы болып, ол 19 жыл
бойы барымта арқылы бір ауылды асырап түрған250
Тарихи мәліметтерге жүгінсек көп жағдайда барымтаға бас
ка мүліктен гөрі, мал түскен жэне оны белгілі бір талапты орын-
Достарыңызбен бөлісу: