А. И. Исаева Қазақ халқындағЫ


 Абдоллаев Н.А., Сатыпалды Е.С. Дэстүрлі қазақ қоғамының батырлар институты: әлеу-



Pdf көрінісі
бет78/219
Дата18.11.2023
өлшемі7,97 Mb.
#124470
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   219
240 Абдоллаев Н.А., Сатыпалды Е.С. Дэстүрлі қазақ қоғамының батырлар институты: әлеу-
метті сипаты мен коғамдық қызметіндегі ерекшелік // Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің Хабаршысы. Тарих сериясы. -2 0 0 2 . - № 4. - 12-17 бб.
241 Аполлова Н.Г. Присоединение Казахстана к России в 30-х годах XVIII в. - Алма-Ата:
АН ССР, 1 9 4 8 .- С . 169.


Батырлар тобының институт ретіндегі әлеуметтік-экономи- 
калық қызметі ең алдымен «барымта», «олжа», «сауға» тәрізді 
ұғымдармен сабақтасып жатыр. Өйткені батыр жай ғана қол бас- 
таган жауынгер емес, қалыптасқан жағдайға байланысты ірі мал 
жэне жер иеленуші, барымташы, аңшы т.б. болатын. Тақырыбы- 
мыздың толық мазмұнын ашу үшін олардың әрқайсысына жеке- 
жеке түсіндірмелік талдау берсек.
Қазақ ұлттық энциклопедиясында «барымта» ұғымына мы- 
надай анықтама беріледі: «Барымта - қазақ халқының дәстүрлі 
құқықтык мэдениетінде ерте замандарда қалыптасқан ұғым. Ба­
рымта бастапқы кезде прогрессивті рөл атқарған: «қанға - қан, 
жанға - жан» дәстүрі адам мен адам, ру мен ру арасындағы қас- 
тықты күшейте түсетіндіктен, кек қайтаруды құн төлеумен ал- 
мастыру, егер де кінэлі жақ эр түрлі себептермен белгіленген қүн 
мөлшерін өтей алмаса немесе бұлтарса ақсақалдар алқасының, 
билер сотының кесімімен барымта жасауға, яки, оның өрістегі 
малын айдап экетуге рұқсат етілген. Сондықтан барымтаны ұр- 
лықпен, тонаушылықпен, шапқыншылықпен шатастыруға бол- 
майды. Кезінде барымтаны кегі қайтпаған, есесі кеткен жақ жа- 
риялы түрде жасаған. Оған біреудің ақ баталы жесірін не некелі 
әйелін азгырып әкету, кісі өлтірген жақтың кесімді құнды төлей 
алмауы, біреудің қорық жеріне мал жайып, қыс қыстауына, жаз 
жайлауына рұқсатсыз қону, ортаға түскен олжадан тиісті үлес-сы- 
баға бермеу, тойга шақырмай елеусіз қалдыру, т.с.с. дала заңына, 
салт-санасына қайшы келетін жагдаяттар себеп болған. Сондық- 
тан, барымталаушының ісі заңды әрекет саналған. Егер барымта 
шектеулі мөлшерден артық жасалса, онда жапа шеккен жақ ка- 
рымта қайтарған. «Барымтаға - қарымта» деген мэтел соған бай­
ланысты шыққан. Екі жақтың дауы біткен кезде барымталанған 
мал, мүлік түгелдей есепке алынган. Ал санақка ілінбей, білінбей 
қалғандары сырымта ретінде сіңіп кеткен. «Білсе — барымта, біл- 
месе - сырымта» деген сөз де содан қалған. Тэуке ханның тұсын- 
да құн төлеу институтының тэртіптелуіне баиланысты, барымта 
дала қоғамындағы заңдылық пен реттілікті сақтаудың бірден- 
бір құралына айналды. XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет