2-ТАРАУ. XVIII - XIX ғасырдың алғашкы жартысындагы казак қогамында ... болды. Бұл қазақ тарихындағы алабөтен орны бар Тэуке ханның
үш жүздің басын біріктіріп, жоңғардың алғашқы қарқынының бе-
тін қайырып, Күлтөбеде ел мәселесін би-батырлардың ортасында
отырып талқылап, «Жеті жарғы» ережесі негізінде ішкі-сыртқы
қатынастарды ретке келтіріп, ел тізгінін өз қолына алған шақ бо-
латын. Осыған қатысты Ш. Уәлиханов «қазақ тарихының Геродо
ты деп бағалаған А. Левшин былай деп жазды: «Тәуке хан жайлы
айтылғанда эрбір қазақтың жүрегінде ол туралы шынай ықылас
пайда болады. Ол қазақ даласының Ликургы, Драконты. Тэуке
бірнеше жылға созылған руаралық қантөгісті тоқтатып, халықты
күшпен емес, ақылмен және әділдікпен басқарды. Ол әлсіз рулар-
ды біріктіріп күштілерді басып отырды. Сонымен бірге халықтың
барлығына ортақ заң жүйесін енгізді»314 Алайда қазақ қоғамы-
ның ерекшелігі саналатын ру-тайпалық жүйенің күштілігі, әкім-
шілік-аймақтық бөлініс ретінде пайда болған қазақ жүздері ара-
сында өзара күшті саяси-экономикалық байланыстың болмауы,
оның үстіне дара билікке ұмтылған сұлтандардың іс-эрекеттері
Тэуке ханның тірі кезінде-ақ біліне бастаған. Қазақтың көмекей
әулиесі Бұқар жыраудың төмендегідей жыр жолдары осы кезеңге
қатысты айтылса керек:
«Ақтың жолын күзетпей,
Жамандықты түтқан жүрт,
Байсал тауып жортқан жұрт,
Ханға тізгін салмады,
Хан жарлығын алмады,
Баяғыдай бармындап,
Бірауызды болмады»315.
Бұл дегеніміз Еуразия кеңістігін ат дүбірімен дірілдеткен, оқ-
дәрі пайда болғанға дейін сайын даланың дырау қамшысы болған
алып көшпелі империялардың мұрагері саналатын қазақ ханды-
ғының өткеннің елесіндей болып, келмеске кетіп бара жатқанды-
314 Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких Орд и степей. - С. 64.