2.2. Батырлық дәстүр сыртқы саяси
қарым-қатынастағы орны мен рөлі
Қазақ хандығы қалыптасқан күнінен бастап мемлекеттік прин-
циптерге сэйкес мемлекетаралық, аймақаралық және халықара-
2.2. Батыршылық институтының сыртқы саяси қарым-қатынастағы орны мен ролі
111
лық байланысқа тартылды. Халықаралық жағдай экономиканы,
саяси идеологиялық, құқықтық, дипломатиялық әскери жэне бас
ка да байланыстарды, сонымен бірге элемдік аренадағы мемле-
кеттер мен ұйымдар арасында болатын саяси принциптерді бір
жүйеге тартатын орта болып табылады. Соған байланысты қарас-
тырылып отырған кезеңде батырлар институтының өкілдері де
соған тартылып, қазақ елінің болашағын айқындайтын қатынас-
тарда жетекші орынға ие болды. Оның басты себебі, халықтар
арасындағы саяси қарым-қатынастар үдерісі көптеген адамдар
мен түлғалардың тағдырына жэне мүдделеріне эсер еткен оқиға-
лар мен құбылыстардың жиынтығы тәріздес. Оның өрбіп, даму
қарқыны мен сипатына жеке тұлғалардың белгілі мүддені қорғау
жолындағы эрекеттерімен қатар өзге бір елдердің саяси ұстаным-
дарындағы өзгешеліктер мен геосаяси жағдайындағы өзгерістер
де өз әсерін тигізіп отырды деп айтуға болады. Осыларды ескерер
болсақ, халықаралық байланыстар өзара қақтығыстар мен ынты-
мақтастықтар негізінде дамығандығына көз жеткіземіз. Соған
байланысты қазақ батырларының да сыртқы саясаттағы қызметі
отан қорғау жэне елшілік тэрізді екі бағытта дамыды. Алғашқы-
сының өзі батырлардың іс-эрекеттеріне қарай бірнеше бағыттар-
ға жіктелетін. Енді осыларға жеке-жеке тоқталсақ. Алдымен ба-
тырлардың сыртқы саясаттағы қызметіне тоқталсақ. Ол ең бірін-
ші қазақ - жоңғар қатынастарымен, одан кейін қазақ-орыс жэне
басқа да көрші халықтар арасындағы байланыстарымен айқында-
лады. Қарастырылып отырған кезеңдегі саяси жағдайдың тұрақ-
сыздығына орай батырлардың қызметі үдайы атыс-шабыстарда
шыңдалды. Бір сөзбен айтқанда бұл қарым-қатынастардың бар-
лығын соғыс ұғымы біріктірді. Соғыс - қарулы күштеу арқылы
мемлекеттердің, белгілі бір топтардың саяси күресін қамтитын
күрделі қоғамдық құбылыс. Осы орайда қазақ батырларының со-
ғыстары да бірнеше бағытта жүріп, көбінесе сырқы жаудан қор-
ғануға негізделді.
XVII
ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында аракідік
қақтығыстар болмаса, негізінен мамыражай тіршілік қазақ халқы
үшін дауыл алдындағы теңіздің тыныштығындай өткінші уақыт
112
Достарыңызбен бөлісу: |