1.3. Батырлардың әлеуметтік кұрамы және институционалдык статусы
63
ғалымдар мен зерттеушілер қазақтардың сана-сезімі, әдет-ғұрпы,
салт-дэстүрі, танымы, бір сөзбен айтқанда бүкіл өмірі көшпелілік
үрдісімен тығыз астасып жатқандығына ерекше назар аударады.
Көшпелі қазақ қоғамын зерттей отырып, С.Е. Толыбеков «Батыр-
лықсыз көшпелі халықтың қалыптасуы ойға сыйымсыз»211, - деп
атап өткен еді.
Сондықтан батырлардың қазақ
қоғамының элеуметтік-саяси
күрылымында әлеуметтік институт ретінде ерекше орынға ие
болуының мәселелерін қарастырмас бұрын,
алдымен әлеуметтік
құрылым дегенміз не, оның институтциялануының өзіндік ерек-
шеліктерінің жалпы заңдылықтары қандай деген сұрақтардың
басын ашып алуымыз қажет. Құрылым түсінігі обьектің ішкі қү-
рылымын құрайтын байланыстар мен
тәуелділіктерден тұратын
бір-бірімен байланысты қызметтер жиынтығын білдіреді. Объек-
тің күрылымын оны құрауніылардың саны,
олардың орналасуы
жэне өзара байланысу ерекшеліктері анықтайды. Бұл өлшемді
осылайша түсіну әлеуметтік құрылымды зерттеуде де расталған.
Б.Расселдің пікірінше, объект құрылымын ғана зерттеу оны тану-
да жеткіліксіз. Тіпті, күрылымға талдау жасалынған тұстың өзін-
де, біз ол объект бөліктерінің қандай екенін жэне олардың бір-бі-
ріне қатынасын ғана біле аламыз. Ал, ол обьекті өзінің қүрамдас
бөлігі немесе компонентпен бір емес басқа обьектілермен байла-
ныстыратын қатынастар туралы ештеңе айтпайды.
Көптеген авторлар, құрылымның тұтастық шегіндегі элемент-
тердің байланыс жүйесінің қайталануы мен тұрақтылығы сияқ-
ты қасиеттеріне баса назар аударады. Олар,
элементтердің өзара
тәуелділік сипатына жэне олардың қарастырылып отырған тұ-
тастық ішіндегі қызметі мен өзгеруін анықтау қажеттілігіне тоқ-
талады. Тұтас жүйелер (соның ішінде, элеуметтік)
динамикалы
болғандықтан құрылымның тұрақтылық пен қайталану сияқты
қасиеттері қалай жүзеге асады деген сұрақ туындайды. Жүйе -
динамизмін бір күйден екінші күйге ауыстырып тұратын қүры-
лымдық элементтердің өзгеруі мен олардың өзара байланысы.
Достарыңызбен бөлісу: