А. И. Исаева Қазақ халқындағЫ


 Ахметжанов Қ.С. Жараған темір кигендер: Батырлардың қару-жарағы, әскери өнері



Pdf көрінісі
бет60/219
Дата18.11.2023
өлшемі7,97 Mb.
#124470
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   219
208
 Ахметжанов Қ.С. Жараған темір кигендер: Батырлардың қару-жарағы, әскери өнері,
салт-дэстүрлері. - 1 5
6
.
209
Алимбаев Н. Вопросы типологии традиционной кочевой культуры казахов /, Культура
кочевников на рубеже веков (ХІХ-ХХ вв.). Проблемы генезиса и трансформации: тезисы
докладов межд. конф. - Алматы, 1995. - С. 47.
210
Шемякин Я.Г. Проблема цивилизации в советской научной литературе 60-80 годов 
I1
История СССР. - 1991. - № 5. - С. 94.
62
1-ТАРАУ Қазак коғамындагы батырлык дәстүрлердін тарихи бастауы ...


1.3. Батырлардың әлеуметтік кұрамы және институционалдык статусы
63
ғалымдар мен зерттеушілер қазақтардың сана-сезімі, әдет-ғұрпы, 
салт-дэстүрі, танымы, бір сөзбен айтқанда бүкіл өмірі көшпелілік 
үрдісімен тығыз астасып жатқандығына ерекше назар аударады. 
Көшпелі қазақ қоғамын зерттей отырып, С.Е. Толыбеков «Батыр- 
лықсыз көшпелі халықтың қалыптасуы ойға сыйымсыз»211, - деп 
атап өткен еді.
Сондықтан батырлардың қазақ қоғамының элеуметтік-саяси 
күрылымында әлеуметтік институт ретінде ерекше орынға ие 
болуының мәселелерін қарастырмас бұрын, алдымен әлеуметтік 
құрылым дегенміз не, оның институтциялануының өзіндік ерек- 
шеліктерінің жалпы заңдылықтары қандай деген сұрақтардың 
басын ашып алуымыз қажет. Құрылым түсінігі обьектің ішкі қү- 
рылымын құрайтын байланыстар мен тәуелділіктерден тұратын 
бір-бірімен байланысты қызметтер жиынтығын білдіреді. Объек- 
тің күрылымын оны құрауніылардың саны, олардың орналасуы 
жэне өзара байланысу ерекшеліктері анықтайды. Бұл өлшемді 
осылайша түсіну әлеуметтік құрылымды зерттеуде де расталған. 
Б.Расселдің пікірінше, объект құрылымын ғана зерттеу оны тану- 
да жеткіліксіз. Тіпті, күрылымға талдау жасалынған тұстың өзін- 
де, біз ол объект бөліктерінің қандай екенін жэне олардың бір-бі- 
ріне қатынасын ғана біле аламыз. Ал, ол обьекті өзінің қүрамдас 
бөлігі немесе компонентпен бір емес басқа обьектілермен байла- 
ныстыратын қатынастар туралы ештеңе айтпайды.
Көптеген авторлар, құрылымның тұтастық шегіндегі элемент- 
тердің байланыс жүйесінің қайталануы мен тұрақтылығы сияқ- 
ты қасиеттеріне баса назар аударады. Олар, элементтердің өзара 
тәуелділік сипатына жэне олардың қарастырылып отырған тұ- 
тастық ішіндегі қызметі мен өзгеруін анықтау қажеттілігіне тоқ- 
талады. Тұтас жүйелер (соның ішінде, элеуметтік) динамикалы 
болғандықтан құрылымның тұрақтылық пен қайталану сияқты 
қасиеттері қалай жүзеге асады деген сұрақ туындайды. Жүйе -
динамизмін бір күйден екінші күйге ауыстырып тұратын қүры- 
лымдық элементтердің өзгеруі мен олардың өзара байланысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет