Оқу әрекетін ұйымдастыру
|
Сынып сағаттық жүйе (дидахография); дидахография мен техникалық құралдарды пайдалана отырып заманауи дәстүрлі оқыту, топтық және дифференцияланған оқыту тәсілдері және т.б.
|
Баламен қарымқатынас
|
Авторитарлы; жеке бағдарлы; ынтамықтастық технологиясы және т.б.
|
Білімді игерудің ғылыми
тұғырнамасы
|
Ұғымдарды қалыптастыру теориясы (Богоявленская, Менчинская, т.б.); Гештальт теориясы; ақыл-ой әрекетін сатылы қалыптастыру теориясы (Гальперин, Талызина); суггестивті теория (шамадан тыс еске сақтауға жетелейтін эмоционалды иландыру негізінде оқыту); В.В. Давыдовтың және т.б. мазмұнды жалпылай теориясы.
|
Жаңа технологиялар жалпы мынадай мақсаттарды көздейді: а) ынтымақтастық;
б) ұжымдаса жұмыс істеу;
в) өзіндік бастама (иницатива);
г) өз жұмысын бағалауға үйрету;
д) логикалық ойлау;
е) мәселелерді шеше білу;
ж) ақпарат алу жөне керектісін пайдалана білу.
Жоғары сыныптар үшін тиімді технологиялар: өздігінен даму технологиясы, модульдік оқыту технологиясы (МОТ), бағдарлап оқыту, ынтымақтастық, компьютерлік, сын тұрғысынан ойлау (СТО).
Орта буын сыныптарына тиімді технологиялар: түсіндіре оза оқу, дамыта оқыту, тірек сигналы арқылы оқыту, проблемалап оқыту, СТО, МОТ.
Бастауыш сыныптардағы тиімді технологиялар: ойын арқылы оқыту, білім беруді ізгілендіру, ақпаратты оқыту, зерттеу, көрнекілік технологиялары.
Өздігінен даму технологиясы – баланы жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі. Оқыту баланың дамуына сәйкес табиғи болу керек, сонда бала өзін өзі дамытады. Баланың: «Мынаны менің өзімнің жасауыма көмектесіп жібер» – деуіне жету.
Оза оқыту технологиясында – грамматикалық ұғым, түсініктер тірек сызбаларды пайдалану арқылы блок бойынша оза оқытылады.
Тірек сигналы – сызба бойынша сөйлем құратуға, сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсетуге болады. Сызбаларда көбіне дерексіз байланыстар мен қатынастар көрсетіледі. Тілдік категориялар ұқсастығын, айырмашылығын, ерекшеліктерін салыстырып көрсетуге болады.
Белсенді оқыту технологиясы – оқу әрекеті арқылы үйретуші (мұғалім), үйренуші (білім алушы) рөлін өзгертуге ықпал ететін, шәкірттерді жаңа білімді өздіктерінен ізденіп білім алуына мүмкіндік жасайды. Бұл үшін сабақта төмендегі мәселелерге баса назар аударған жөн:
сабақ құрылымының икемділігі, оқығаны бойынша
пікірталастың болуы;
дидактикалық ойындар, интенсивті өзіндік әрекет,
бірліктерді салыстыру, топтау, жүйелеуді ұйымдастыру;
жеке тұлғаға бағдарланған технологияда оқу тәрбие процесінде балалардың жеке ерекшеліктерін ескеру; әр білім алушының оқу тапсырмаларын орындауға қолайлы жағдай туғызу
көзделеді;
жеке тұлғаның өзіндік ерекшелігін ескеру ұстанымы (әрбір шәкіртті қабылдау мүмкіндігіне сай оқыту);
білім беру траекториясын таңдау еркіндігі ұстанымы (міндетті білім беру деңгейінен төмен болмауы тиіс).
оқытудың жағдаяттылығы ұстанымы (тапсырманы орындауға жағдай туғызу).
Достарыңызбен бөлісу: |