3.1.3. Бақылаудың негізгі түрлері
Қазіргі бақылау жүйесінде білімді тексеріп бағалаудың (диагностикалаудың) алуан түрі қолданылады.
Уақытша фактор бойынша бақылаудың келесі түрлерін бөліп қарауға болады: алдын ала (кіріспе, қорытынды, алдын ала), ағымдық, кезеңдік (тақырыптық, сатылы, аралық) және қорытынды
(емтихандық).
Алдын ала бақылау оқу басында оқушылардың білімдерін, ептіліктері мен дағдыларын, сондай-ақ даму деңгейін анықтауға арналған бақылау. Көбінесе оқу басында немесе жаңа тақырыпты (бөлімді) оқыту алдында қолданылады. Сыныпқа жаңадан келген оқушыларға да қатысты пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |