А. К. Игибаева1 А. Д. Аубакирова



бет1/2
Дата19.06.2023
өлшемі79,69 Kb.
#102286
  1   2

ҒТАМИ 37.014(574)


А.К. ИГИБАЕВА1 А.Д. АУБАКИРОВА2
«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» (Өскемен, Қазақстан)
ОНЛАЙН-ӘЛЕУМЕТТЕНУ ЖАҒДАЙЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ КАУІПСІЗ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ МҮМКІНДІКТЕІ

  1. Аңдатпа: мақалада әр түрлі психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік зерттеулерге талдау жасау негізінде онлайн-әлеуметтену ұғымы нақтыланған. Кәмелетке толмаған жеткіншектердің онлайн-әлеуметтенуі барысында қауіпсіз мінез-құлық тіжірибесін қалыптастыру мүмкіндіктері эксперимент арқылы тексеріліп, нәтижелері ұсынылған

Түйінді сөздер: әлеуметтену, онлайн-әлеуметтену, киберәлеуметтену, интернет, кәмелетке толмаған жеткіншектердің қауіпсіз мінез-құлық тәжірибесі.

Қоғамның қазіргі даму кезеңі жеке тұлғаның өмір іс-әрекетінің барлық салаларында ақпараттық коммуникациялық технологиялардың белсенді түрде басымдылық танытып келе жатқандығын көрсетіп отыр. Үшінші онжылдықтың бастапқы кезінде интернет көптің қолы жетпейтін дәрежеден бүгінгі күнде әр бір тұтынушы үшін объективті қажеттілікке айналды. Бүгінде интернет танымалдылығының артуы қазіргі қоғам өмірінің барлық салаларына әсер етуде.


Ғаламшарымыздың 53 пайыздан артық тұрғыны немесе 4,1 миллиард адам интернетті пайдалану мүмкіндігіне ие. Бұл көрсеткіш жыл өткен сайын артып барады. Бұл туралы Халықаралық электрбайланыс одағының «Сандық дамуды өлшеу: 2019 жыл фактілер мен сандар» баяндамасында айтылды.[1;1]
Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры З.Шәукенова «Интернеттің таралу қарқыны таңғалдырады: 50 миллиондық аудиторияны қамту үшін радиоға 30 жыл, теледидарға 13 жыл қажет болса, ал интернетке тек 4 жыл жеткілікті болды» дей келе, Қазақстан Республикасының ҰЭМ статистика комитетінің деректерін келтіреді, яғни елімізде 2018 жылы 6-74 жас аралығындағы интернет пайдаланушылардың үлесі 81,3% құрады. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2011 жылы бұл көрсеткіш тек 51,3% құраған. 6 жастан 15 жас аралығындағы балалардың интернетті пайдалануы 72,9% құрады. [2;1] Ал 2020 жылдың сәуір айында сол кездегі Қазақстанның цифрлік даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А.Жумагалиев Қазақстандағы интернет тұтынушылар барлық 18 миллион халқымыздың 84,2% құрайтындығын және де 2020 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш 99% артатындығын атап көрсеткен еді. [3;1] Бұл үдеріске әрине, әлемде орын алған пандемия, короновирустық инфекцияға қарсы қолданылған әлемдік іс-шаралар өзінің мәнді үлесін қосқаны сөзсіз. Бүгінгі күні кәмелетке толмағандардың барлығы дерлік қашықтықтан білім алуға мәжбүр болып, сәйкесінше уақытының басым бөлігін интернетте өткізуде. Жалпы алғанда, зерттеушілердің тұжырымдауы бойынша интернеттің негізгі тұтынушылары кәмелетке толмаған балалар болып табылады.
Ресей зерттеушісі А.В.Мудрик, ғаламдық интернет желісі – «қоғамның біріккен рухани және материалдандырылған ақпараттық мүмкіндігінің үздіксіз нақтыланған үлгісі, және де ол осы сапасында адам іс-әрекетінің сан алуан бағыты мен түрлері үшін қуатты ақпараттық негіз түрінде көрініс табады» деп тұжырымдайды. [4;165]
Зерттеуші Л.Н.Гладкова өз еңбегінде В.А. Плешаков және А.О.Кочневтің интернетті әлеуметтенудің мегафакторына жатқызатындығын айта келе, «Интернет-кеңістік жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін, жеке тәжірибесінің шегін кеңейту, адамның ашылуына қажетті жағдайды жасайды, және де сәйкесінше жеке тұлғаның өзін-өзі құрылымдастыруы және өз мүмкіндіктерін, әлемге және өзіне деген қатынасын жүзеге асыру мәселелерін шешу қажеттілігін өзектендіре түседі. Қазіргі кезде интернет-кеңістікте мақсаттар, құндылықтар, іс-әрекеттің жаңа түрлерінің және өзара қарым-қатынастың жаңа формаларының сан қилы шоғыры жүзеге асырылады, бұл виртуалды кеңістіктің жеке тұлғаның әлеуметтенуінің жаңа ортасына айналғандығының куәсі» деп көрсетеді.
Осылайша Интернеттің жаппай жоспарсыз түрде қолданылуы нәтижесінде бүгінгі күні қазіргі заман жастары мен жеткіншектердің әлеуметтік, педагогикалық және психологиялық девиацияның айтарлықтай кең көрінісіне куә болып отырмыз. Сондықтан кәмелетке толмаған жасөспірім жеке тұлғасының әлеуметтенуіне деген интернеттің әсерін зерттеу қажеттілігі анағұрлым өзекті болып табылды.
Елімізде киберәлеуметтену мәселесін зерттеп жүрген жас ғалым М.Ө.Насимов «ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы, Интернет жүйесінің кеңеюі, виртуалдық кеңістікте тұлға әлеуетінің өзгерістері орын алған ақпараттық қоғамға өту үдерістеріне жастар жылдам және белсенді түрде енді деуімізге негіз бар. Дегенмен, жастардың жаңа электронды қоғамдағы бірлесу үдерістерінің жүру барысын зерттеу маңызды саналады» деп тұжырымдайды.
Алайда сонымен қатар ол «бүгінде тұлғаның ғаламтор кеңістігіндегі, оның ішінде әлеуметтік желілердегі әлеуметтенуі мәселелері шет елдік ғалымдардың ғылыми-зерттеу қызығушылығын туындатуда. Әйтседе, мұндай зерттеулерді отандық ғалымдар аз жүргізіп жатқандығын мойындауымыз қажет. Зерттеулердің басым бөлігі Батыс және Ресей ғалымдарына тиесілі екендігін де айтқанымыз жөн» деп көрсетеді. [5;1]
Жоғарыда атап өткеніміздей онлайн-әлеуметтену процесінің ерекшелігі көптеген ресейлік зерттеушілердің зерттеу нысаны болып табылады. Бұл санатта С.В. Бондаренко,И.А. Васильева, Е.И. Горошко, А.Е. Жичкина,Л.Ю. Иванов, А.В. Мудрик, И. Паровозов,Н.Г.Марченкова, В.А. Плешаковты атап өтуге болады.
Қазақстанда киберәлеуметтену мәселелерін, әлеуметтік желілер мен оның адамға әсерін, ақпараттық-коммуникативті тәжірибені виртуалдандыру жағдайын, тұлғаның әлеуметтік-мәдени даму сұрақтарын зерттеп жүрген ғалымдар арасында М.Ө.Насимовты, З.К.Шаукенованы, С.Х.Барлыбаеваны айтуға болады.
Әлеуметтену - адамның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болатын мінез-құлық үлгілерін, әлеуметтік-психологиялық нормалар мен қалыптарды, жалпыадамзаттық құндылықтарды, кәсіби білім мен іскерліктерді меңгеруінің күрделі процесі ретінде көрініс табады. Әлеуметтену – бұл бүкіл адам ғұмырына созылатын процес, оның жеке жас ерекшелік кезеңдерінде өз міндеттері мен жүзеге асу ерекшеліктері болады. Балалар мен жеткіншектердің толыққанды әлеуметтенуі өзін-өзі жүзеге асыруға, қабілеттерін ашуға және әлеуметтік қолдау табатын салаларда таланттары мен дарындылығын ашу үшін сындарлы жол ашады. Әлеуметтену барысында индивидтер алдыңғы ұрпақтың жинақтаған әлеуметтік тәжірибесін, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынасты анықтайтын қоғамдағы қабылданған рухани қағидаларын меңгереді.
Бүгінде қалыптасқан ақпараттық қоғамның дамуы және тенденциялары өскелең ұрпақтың әлеуметтенуіне мәнді түрде әсерін тигізеді. Жаңа әлеуметтік кеңістіктердің пайда болуы кәмелетке толмаған жеткіншектік кезең дамуының әлеуметтік жағдайын өзге формалармен толтыруда, жеке тұлғаның қалыптасу процесіне әлеуметтенудің жаңа механизмдері кірігуде. Онлайн-ортадағы кеңістіктік және уақыттық шектердің шарттылық сипаты сандық дәуірде туылған ұрпақтың дүниетанымын қалыптастырудың өзіндік ерекшелігі болып отыр.
Кәмелетке толмаған жеткіншектердің әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс Өскемен қаласының «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған О.Бөкей ат. №44 мектеп-лицейде» жүргізілді, экспериментке 58 оқушысы қатысты.
Онлайн-әлеуметтену үдерісіндегі кәмелетке толмаған жасөспірімдердің әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың мәселелік аймақтарын анықтау мақсатында тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың бастапқы кезеңінде онлайн-сауалнама арқылы анықтаушы зерттеу жүргізілді, бұл зерттеу барысында кәмелетке толмағандардың Интернет кеңістігінде орын алуы мүмкін қауіп-қатерлер жөніндегі білімдерін, хабардарлық дәрежесі анықталып, бағаланды.
Зерттеу нәтижесінде келесідей маңызды мәліметке қол жеткізілді, яғни қатысушылардың 100 % әлеуметтік желілерге тіркелген, оқушылардың 73 % Интернетті білім алу және оқу барысында ақпарат алу мақсатында пайдаланады, сұралғандардың 63 % әлеуметтік желілерді достарымен қарым-қатынас үшін пайдаланады, 25, 3 % кинофильмдер, видеороликтер көру үшін, музыка т.б. жүктеу үшін қолданса, 12,6 % онлайн ойындар үшін пайдаланады
Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, сұралған жеткіншектер онлайн кеңістіктегі әрекеттерде жеткілікті дәрежеде өзбетінділік танытады, қатысушылардың 74 % Интернетке өзбетімен шықса, 26 % ата-аналарының бақылауымен немесе олардың рұқсатымен шығады. Сұралғандардың басым бөлігі, яғни 97 % интернет желісіне күнделікті шығады, ал олардың 48 % күні бойы онлайн тәртіпте болса, 52 % интернет желісінде уақыттарының 2 сағаттан 8 сағатқа дейінгі бөлігін өткізеді екен. Респонденттердің барлығы дерлік интернетке ұялы телефон, планшет арқылы кіреді, 21% жеке компьютер немесе ноутбук көмегімен қосылатыны анықталды. Сонымен қатар, сұралғандардың арасында кең тараған, жиі пайдаланатын әлеуметтік желілер анықталды, олар: Instagram, WhatsApp, tik tok, pinterest, Telegram.
Кәмелетке толмағандардың Интернеткеңістігінде жиі кездестіретін қауіптер қатарына келесілер жататындығы анықталды: алаяқтық, компьютерлік вирустар, жеке мәліметтерді тарату, виртуалды доспен қарым-қатынас. Респонденттердің 9,2 % интернеттегі вирустық бағдарламалармен, 11,8 % алаяқтықпен байланысты мәселелерге жолыққаны белгілі болды.
Сонымен қоса, сауалнаманың нәтижесі бойынша кәмелетке толмағандардың есептеуі бойынша Интернет желісіндегі қауіп немесе қауіпсіздікке әсер ететін факторлар анықталды, олар:
- ата-аналардың тарапынан баланың интернет сайттарына кіруін бақылауы (82%);
- компьютер немесе интернет желісіне кіретін өзге құрылғыға орнатылған ақпаратты ірктеу бағдарламасын орнату (79 %);
- оқушылардың ақпараттық білімі мен іскерліктерін көтеру (73 %).
Анықтаушы эксперимент барысында кәмелетке толмағандардың интернет желісіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін келесідей әрекет-тәсілдер жөнінде хабардар екендігін көрсетті, яғни өзі туралы жеке мәліметтер мен ақпараттарды таратпау, таныс емес сайттардан бойды аулақ ұстау, күмән туғызатын сілтемелерді жүктемеу, абайлық таныту, интернет желісіндегі қауіпсіздік туралы нұсқаулықтарға бейжай қарамау.
Тәжірибелік-эксперименталды жұмыс жоспарына сәйкес респонденттер саны бойынша тең екі топқа бөлінді: эксперименталды және бақылау тобы. Эксперименталды топқа онлайн-әлеуметтену үдеріснде әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру бойынша бағдарламалық іс-шаралар кешені кіріктірілген тәрбие жұмысы жүргізілсе, бақылау тобына кіретін кәмелетке толмаған жасөспірімдермен арнайы бағдарламалық іс-шаралар қамтылмайтын қалыпты тәрбие жұмысы жүргізілді.
Тәжірибелік-экспериметалды жұмыс 3 кезеңді қамтыды: анықтаушы кезең, қалыптастырушы кезең, қорытындылаушы кезең.Анықтаушы кезеңде кәмелетке толмағандардың әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлық тәжірибесінің қалыптасқандық деңгейін бастапқы өлшеу жүргізілді, мұнда оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай әдістемелер пайдаланылды. Қалыптастырушы кезеңде кәмелтке толмағандардың эксперименталды тобымен тәжірибелік-эксперименталды жұмыс жүргізілді, мұнда жеткіншектермен әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру бойынша арнайы бағдарлама іске асырылды. Қорытындылаушы кезеңде әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру бойынша бағдарламаны жүзеге асырылғаннан кейінгі әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлық тәжірибесінің қалыптасқандық деңгейі мен сапасы анықталып, алынған нәтижелер негізінде құрастырылған бюағдарламаның тиімділігі бойынша қорытындылар шығарылып, жіберілген қателіктер мен жеткен жетістіктерге талдау жасалынды.
Анықтаушы кезеңде эксперименталды және бақылау топтарындағы кәмелетке толмағандардың әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлық тәжірибесінің әр бір құрамдас бөлігінің қалыптасу дәрежесі бағаланды. Онлайн-әлеуметтену үдерісіндегі кәмелетке толмағандардың әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлық тәжірибесінің қалыптасқандығының өлшемі мен көрсеткіштері ретінде келесілер анықталды:
- ақпараттық сауаттылық, бұл орын алуы мүмкін әлеуметтік қауіп-қатерлер туралы, әлеуметтік ортамен өзара әрекеттесу ережелері мен тәртібі туралы білімінің болуы, яғни мақсаттық-уәждік және когнитивті құрасмдас бөліктерінің қалыптасқандығы;
- операционалды сауаттылық, бұл қоғамдық қатынастар жүйесінде әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлық тәжірибесін жүзеге асыра білу іскерлігі, яғни әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлықтың іс-әрекеттік сауаттылығы;
- қызметтік сауаттылық, бұл мінез-құлқын эмоционалды-еріктік тұрғыда басқара алуы, өз әрекеттерін жоспарлап, бақылай білуі, шешім қабылдай алу, өз мінез-құлқын және өзшелердің әрекет-тәртіптерін талдап, бағалай алуы, яғни реттеушілік және рефлексивті құрамдас бөліктердің қалыптасқандылығы
Уәждік-мақсаттылық құрамдас бөліктің көрініс табуын анықтауда жасөспірімдердің әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлыққа деген бағыттылығы мен ынталары, өзінің жеке қауіпсіздігін және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге деген тілектері мен қажеттіліктері зерттелді, бұл М.Рокичтің құндылықтық бағдарлары тесті арқылы іске асырылды, яғни әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты құндылықтардың ең жоғарғы көрсеткішін таңдау арқылы кәмелетке толмағандардың бағыттылығы мен ынта-тілектері айқындалды.
Әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлықтың когнитивті құрамдас бөлігін анықтауда «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» пәні бойынша тест сұрақтары арқылы әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлық тәсілдері бойынша білімдері зерттелді. Әлеуметтік мінез-құлықтың уәждік-мақсаттық және когнитивті құрамдас бөліктерінің қалыптасқандылық көрсеткіштері ақпараттық сауаттылық көрсеткішін бағалау кезінде есепке алынды.
Әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлық тәжірибесінің іс-әрекеттік құрамдас бөлігін зерттеу барысында қарым-қатынас және ұйымдастырушылық қабілеттер әдістемесі негізге алынды. Себебі қарым-қатынасқа түсе білу іскерлігі мен әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлық дағдылары мен іскерліктерінің даму деңгейі тығыз өзара байланыста болып табылады. Әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлықтың іс-әрекеттік құрамдас бөлігінің қалыптасқандылығының көрсеткіші операционалды сауаттылық болып табылады.
Реттеушілік құрамдас бөліктің даму деңгейін зерттеу кезінде өз мінез-құлқын эмоционалды-еріктік тұрғыда реттеу, өз әрекеттерін жоспарлау және бақылау, өз бетімен шешім қабылдай алу іскерліктері бағаланды, мұнда «Мінез-құлқын реттеу» сауалнамасы пайдаланылды. Ал рефлексивті құрамдас бөлікті қарастыру барысында кәмелетке толмағандардың қауіпті жағдайда өз әреке-тәртібінің нәтижелерін талдау және бағалауды іске асыру, әрекет тәсілдеріне уақытылы өзгерістер енгізе білу іскерліктері зерттелді, Мұнда А.В.Карповтың сауалнамасы қолданылды. Әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлық тәжірибесінің реттеушілік және рефлексивті құрамдас бөліктерінің қалыптасқандылық өлшемі қызметтік сауаттылық болып табылады.
Тәжірибелік-эксперименталды жұмыстың анықтаушы кезеңінде кәмелетке толмағандардың әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлық тәжірибесінің әр бір құрамдас бөлігінің қалыптасу деңгейін анықтау мақсатында, пайдаланылған әдістемелер негізінде диагностикалық карта құрастырылды, ол төмендегі кестеде келтірілген.
Кесте 3. Кәмелетке толмағандардың әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлық тәжірибесінің қалыптасқандық деңгейінің диагностикалық картасы

Қолданылған әдістемелер

Құндылық бағдарларды зерттеу әдістемесі

Өмір қауіпсіздігі негіздері бойынша тест

Коммуникативті және ұйымдастырушылық қабілеттерді анықтау әдістемесі

«Мінез-құлқын өзіндік реттеу түрі» сауалнамасы (В.И.Моросанова бойынша)

Рефлексивтілік деңгейін анықтау әдістемесі (А.В.Карпов бойынша)

Әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлық құрамдас бөліктері

Мақсаттық-уәждік

+













Когнитивті




+










Іс-әрекеттік







+







Реттеушілік










+




Рефлексивті













+

Диагностикалық картаға анықтаушы әдістемелер көмегімен алынған нәтижелер енгізілді, және де әр бір нәтиже бойынша пайыздық көрсеткіші есептеліп отырды, ол әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлық тәжірибесінің құрамдас бөлігінің қалыптасу деңгейінің нәтижесін әдістеме бойынша мүмкін болатын ең жоғарғы мөлшерге бөліп, алынған нәтижені 100 пайызға көбейту арқылы жүзеге асырылды.


Анықтаушы кезең барысында бақылау және эксперименталды топтың сұралған жасөспірімдері арасында әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлық тәжірибесінің қалыптасқандылығының үш деңгейі анықталды, олар бастапқы-өнімсіз, ортаңғы-қалыптасушы, соңғы-шығармашылықтық.
Төменде келтірілген диаграммадан (сурет 4) бақылау және эксперименталды топ кәмелетке толмағандарының әлеуметтік қауіпсіздік мінез-құлқының қалыптасқандығының бастапқы деңгейі бірдей дерлік екендігі байқалады, яғни екі топта да бұл көрсеткіш ортаңғы-қалыптастырушы деңгейді құрайды. Топтарда деңгейлер көрсеткіші шамамен бірдей:бастапқы-өнімсіздеңгей -, ортаңғы-қалыптасушы деңгей - , соңғы-шығармашылықтық деңгей –. Бақылаушы және эксперименталды топтар әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлық тәжірибесінің қалыптасқандылығы бойынша жалпылай алғанда тепе-тең болғандықтан, бұл кейіннен тәжірибелік-эксперименталды жұмыстың қалыптастырушы кезеңінен соң эксперименталды топта болған өзгерістер жөнінде дәлелді қорытындылар шығаруға мүмкіндік береді.



Сурет 4. Кәмелетке толмағандардың әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлық тәжірибесінің қалыптасқандық деңгейін анықтау нәтижелері

Сонымен қатар бақылау және эксперименталды топтардағы кәмелетке толмағандардың әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлқының жеке құрамдас бөліктерінің қалыптасқандылығы анықталды. Әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлықтың әр бір құрамдас бөлігінің қалыптасқандық деңгейіне талдау жасау нәтижесінде эксперименталды топ пен бақылау тобы жеткіншектерінің когнитивті, іс-әрекеттік, реттеушілік және рефлексивтік құрамдас бөліктері жеткілікті дәрежеде қалыптаспағандығы анықталды. Алынған нәтижелер негізінде келесідей қорытынды жасауға болады, яғни кәмелеттік жасқа толмағын жасөспірімдердің өзінің жеке қауіпсіздігін және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге деген ынтасы, тілегі жеткілікті дәрежеде жоғары, аса маңызды құндылықтар ретінде денсаулық, белсенді өмір сүру әрекеті және т.б. аталып көрсетіледі, алайда әлеуметтік қауіпсіздік, интернет кеңістігіндегі әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, инетернет кеңістігінде және де шынайы өмірде әлеуметтік өзара әрекеттесу барысындағы қауіпсіз мінез-құлық тәртіп-ережелері туралы білімдері мен қауіпті жағдайда әрекет ету іскерліктері, өз бетімен шешім қабылдау, өз әрекетіне жауап беру, жоспарлау мен болжай білу іскерліктерінде жүйесіздік байқалады.


Сонымен, тәжірибелік-эксперименталды жұмыстың анықтаушы кезеңі кәмелетке толмаған жеткіншектердің әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлық тәжірибесінің қалыптасқандығының орташа деңгейін көрсетті, мұнда мақсаттық-уәждік құрамдас бөлігі жеткілікті дәрежеде қалыптасқанымен, өзге когнитивті, іс-әрекеттік, реттеушілік және рефлексивті құрамдас бөліктері жеткіліксіз дамыған, яғни кәмелетке толмағын оқушылар виртуалды кеңістікте және де шынайы өмірде қауіпсіз мінез-құлықты іске асыру не үшін қажет екендігін білгенмен, олардың өз әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруы үшін, сыни тұрғыда талдап, жоспарлауы үшін іскерліктері мен білімдері жеткіліксіз болып табылады.
Тәжірибелік -эксперименттік жұмыстың қалыптастырушы кезеңі, яғни онлайн-әлеуметтендіру үдерісінде кәмелетке толмағандардың әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру бойынша іс-әрекет әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру моделіне сәйкес жүзеге асырылды және де келесідей кезеңдерді қамтыды:
1. Бастапқы - таныстыру кезеңі. Бұл кезеңінің негізгі міндеті кәмелетке толмағандардың әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлқының мақсаттық-уәждік және когнитивті құрамдас бөліктерін қалыптастыру болып белгіленді, яғни жеткіншектердің қауіпсіздік, денсаулық құндылықтарының ең маңызды, басымдылықты орын алатындығын саналы ұғынуына, олардың өздерінің жеке қауіпсіздігі мен қоғамдық қауіпсіздікке деген қажеттіліктері мен талпыныстарын дамытуға, орнықтыруға қол жеткізу, сонымен қоса виртуалды кеңістіктегі және шынайы өмірдегі әлеуметтік ортада орын алуы мүмкін қауіп-қатерлер туралы, олардың алдын алу немесе нәтижелі түрде жеңіп шығу тәсілдері мен ереже-тәртіптері жөніндегі білімдер жүйесін қалыптастыру.
Бұл кезеңдегі іс-әрекеттің негізгі мазмұны келесідей жұмыстарды қамтыды: кәмелетке толмағандарды интернет кеңістігінен әлеуметтік қауіп-қатердің шынайы белгілері бар әр түрлі фактілер, оқиғалар, мінез-құлық үлгілері және т.б. бірлесе іздеу үдерісіне мақсатты түрде ұйымдастырып қосу және де осы фактілер мен оқиға-жайттарды, олардың белгілерін, туындау себептерін, салдарын, олардың алдын алу мүмкіндіктерін және т.б. бірлесе талқылау, сондай-ақ қауіпті жағдайды болдырмауға немесе оны жеңіп шығуға мүмкіндік беретін «әлеуметтік қауіпті жағдай» мен «әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлық» үлгілері мен әрекет тәртіптерін құру және т.б.
2. Ортаңғы - жаттықтыру кезеңі барысында негізгі міндетті кәмелетке толмағандардың әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлқының іс-әрекеттік құрамдас бөлігін қалыптастыру құрады, нақтырақ айтқанда – әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлықтың өзіндік жеке үлгісін құру, қауіп-қатердің дәрежесіне байланысты әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлықтың оңтайлы, тиімді тәсілдерін таба білу іскерліктерін қалыптастыру, әлеуметтік қауіпсіздікті іске асыру бойынша кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншектердің тәжірибесін жетілдіру, қақтығыссыз мінез-құлық тәртібін меңгерту. Мұндағы іс-әрекет мазмұны кәмелетке толмағандардың жеке өзіндік қауіпсіз мінез-құлық тәжірибесін де, сонымен бірге әлеуметтік деңгейдегі қауіпсіз мінез-құлық тәжірибесін де көрсетуіне бағдарланды.
3. Соңғы - тәжірибелік-шығармашылықтық кезеңде қойылған негізгі міндет кәмелетке толмағандардың әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлқының реттеушілік және рефлексивтік құрамдас бөліктерін қалыптастыру болып табылды. Нақтырақ айтатын болсақ бұл міндет өзіне аталмыш кезеңде жасөспірімдердің өз мінез-құлқын эмоционалды-еріктік тұрғыда реттеуді жүзеге асыру қабілеттерін дамыту, олардың өз әрекеттерін жоспарлай, бақылай алу, өз бетімен шешім қабылдай білу, әлеуметтік қаупті жағдайда өз мінез-құлқының нәтижесін талдап және де бағалай алу іскерліктерін, ол мінез-құлқының қойылған мақсаттарға сәйкестілігін анықтай алу дағдыларын дамытуды қамтиды.
Аталмыш кезеңдегі іс-әрекет мазмұны кәмелетке толмағандардың алған білімдерін нақты қауіпті жағдайда қолдануын ұйымдастыру, яғни түрлі веб-квесттерден өту арқылы іскерліктерін дамытуды, дағдыларын қалыптастыруды қамтиды. Бұл кезеңде кәмелетке толмаған жасөспірімдердің өзі үшін, әрі қоғам үшін болашақта өздерін қауіпсіздікті сақтай ұстауға деген талпыныстары қалыптасады, өздерінің және құрдастарының мінез-құлқы мен әрекет-тәртіптерін талдап, бағалау дағдыларыдами түседі.
Тәжірибелік-эксперименталды жұмыстың қорытынды кезеңінде жүргізілген іс-шаралардың нәтижелілігін анықтау мақсатында, бақылау және эксперименталды топтағы кәмелетке толмағандардың әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлық тәжірибесінің қалыптасқандық деңгейін қайтадан диагностикалау жүргізілді.
Қорытынды диагностика нәтижелері және де бақылау тобы мен эксперименталды топтағы жеткіншектік жастағы кәмелетке толмағандардың қауіпсіз мінез-құлық тәжірибесінің қалыптасу динамикасы келесі кестеде келтірілген.

Кесте 4
Кәмелетке толмаған жеткіншектердің әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлық тәжірибесінің қалыптасу динамикасы



Әдістеме

ТЭЖ дейінгі орташа мәні

ТЭЖ дейінгі орташа мәні




Эксп. топ

Бақ. тобы

Эксп. топ

Бақ. тобы

Рокич тесті

26,2

28

34,3

29

Өмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша тест

18,6

17

23,9

19,2

Коммуникативті және ұйымдастырушылық қабілеттерді анықтау әдістемесі

16

13

18

14,1

«Мінез-құлқын өзіндік реттеу түрі» сауалнамасы

24, 9

22

26,8

23

Рефлексивтілік деңгейін анықтау әдістемесі (А.В.Карпов бойынша)

1

1

2

1

Алынған нәтижелер эксперименталды топта орташа көрсеткіштің жағымды дамуын, ал бақылау тобында мүлдем өзгермегендігін көрсетті. Бұл кестеде әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлық құрамдас бөліктерін диагностикалау әдістемесі бойынша орташа мәндер келтірілген, олар жоғарыда 2 кестеде берілген болатын, кәмелетке толмағандардың әр біреуі үшін диагносткалық карта толтырылғандығын атап өткен жөн.


Бақылау тобындағы кәмелетке толмаған жеткіншектердің әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлқының қалыптасуында мәнді өзгерістер байқалмайды, оны келесі диаграммадан көруге болады (5сурет).

Сурет 5.Жұмыстың бастапқы және қорытынды кезеңдеріндегі бақылау тобындағы жеткіншектердің әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлқының қалыптасқандық деңгейі


Сонымен, арнайы әдіс-тәсілдер мен құралдарды пайдаланбай дамыту барысында әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру кездейсоқ әрі тиімсіз өтеді деген қорытынды шығаруға болады.


Ал онлайн-әлеуметтену үдерісінде әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру бойынша бағдарлама жүзеге асырылған эксперименталды топтағы әлеуметтік қауіпсіз мінез құлықтың қалыптасу деңгейі бақылау тобының нәтижелерімен салыстырылып, диагностика өткізу барысында келесідей қорытынды алынды: әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлық, интернет желісінде болуы мүмкін қауіп-қатерлер мен олардың алдын алу және болдырмау жолдары, туындау себептері бойынша жеткіншектердің білімін көтеру, түрлі жағдаяттарға талдау жасау, әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыруда әлеуметтік қызметтерді пайдалану, кәмелетке толмағандардың білімін ғана көтеріп қоймай, түрлі қауіп-қатерлі жағдаяттарды өздеріне шешкізу арқылы, қауіп-қатер жағдайында өз беттерімен дұрыс шешім қабылдай алу іскерліктерін қалыптастыру, сыни тұрғыда ойлау, қалыптан тыс ойлауға үйрету арқылы өз әрекетін және өзгелердің әрекетін болжап, жобалай алу іскерліктерін қалыптастыру бойыншажүргізілген басқа да жұмыстар әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлық тәжірибесінің қалыптасқандық деңгейінің артуына, әр баланың еркін даму жағдайын ұйымдастыруға негіз болды. Бұл келесі 6 суретте көрнекі түрде келтірілген.

Сурет 6. Эксперименталды топта бағдарламаны жүзеге асыруға дейінгі және кейінгі әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлықтың қалыптасқандық деңгейінің нәтижелері

Сонымен қоса, әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлықтың құрамдас бөліктерін бағалау да кәмелетке толмағын жеткіншектердің онлайн-әлеуметтену барысындапғы әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлық бойынша білім, іскерлік және талпыныстары мен қажеттіліктерінің қалыптасқандығы бойынша жағымды өзгерістердің болғандығын көрсетті.


Ал бақылау тобындағы әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлықтың өлшеніп отырған құрамдас бөліктерінің орташа мәні зерттеудің бастапқы және қорытынды кезеңдері арасында шамалы ғана өзгерген, олар статистикалық тұрғыда мәнді болып табылмайды.
Жүргізілген жұмыс нәтижесі бойынша кәмелетке толмағандардың онлайн-әлеуметтену үдерісіндегі әлеуметтік қауіпсіздігіне негіз болатын әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлқының қалыптасқандық деңгейі нақты әрекеттер бойынша анықталды.
Тәжірибелік-эксперименталды жұмыс нәтижесібойынша эксперименталды топта әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлықтың өлшеніп отырған құрамдас бөліктерінің орташа мәні мәнді түрде артқандығы байқалады. Жұмыс қорытындысына сүйенетін болсақ, келесідей жағымды өзгерістерге қол жеткізілгені байқалады, яғни ең алдымен кәмелетке толмағандардың қоршаған әлеуметтік ортада, соның ішінде интернет кеңістігінде орын алуы мүмкін әлеуметтік қауіп-қатерлер, олардың шығу себептері, белгілері, қасиеттері, қоғамдағы әлеуметтік қауіпсіз мінез-құлық еределері мен тәсілдері жөніндегі білімдері толылығып, жүйелене түсті, сонымен қоса кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер қауіпті жағдайдағы өз әрекеттерін саналы түрде жоспарлап, бақылай алатын болды, өз әрекетінің нәтижесін талдап, баға беру іскерліктерін меңгерді, өз мінез-құлқының қойған мақсатқа сәйкестілігін анықтап, өз әрекетіне уақытымен түзету енгізе алу дағдысын игерді, олардың өз әрекеті мен мінез-құлқын эмоцианалды-еріктік тұрғыда реттей алу іскерліктері қалыптасып, дами түсті. Тәжірибелік-эксперименталды жұмыс нәтижелері көрнекі түрде келесі 4 кестеде бейнеленді.

Кесте 5.
Кәмелетке толмағандардың әлеуметтік қауіпсіз іс-әрекет тәжірибесінің қалыптасқандығын қорытынды диагностикалау нәтижелері



Өлшем

Ақпараттық сауаттылық

Операционалдық сауаттылық

Қызметтік сауаттылық

Құрамдас бөлігі

Мақсаттық-уәждік

Когнитивті

Іс-әрекеттік

Реттеушілік

Рефлексивтік

Көрсеткіші

Қауіпсіздік, денсаулық құндылықтарының басымдылығы, өзінің жеке қауіпсіздігі мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге деген талпыныс, тілектің болуы, әлеуметтік орта, соның ішінде интернет желісіндегі мүмкін қауіп-қатерлер, олардың туындау себептері мен салдары, ондай қауіп-қатерлердің алдын алу немесе нәтижелі жеңу ережелері мен тәсілдері, жолдары мен әдістері туралы білімдер жүйесі

Жеке әлеуметтік қауіпті жағдайларда, интернет кеңістігіндегі орын алуы мүмкін қауіпті жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық іскерліктері мен дағдыларын меңгеруі, мұнда кәмелетке толмағандарды мәселелік жағдаяттарды бірлесе шешу, желілік қызметтер көмегімен қауіпті жағдайларды үлгілеу арқылы интернет желісінде дұрыс, тиесілі әрекет ету, мінез-құлық тәжірибесін таңдау немесе көрсету талап етіледі

Өз әрекетін эмоционалды-еріктік тұрғыда реттеу, іс-әрекетін жоспарлап және де бақылай білу қабілеті, өз бетімен шешім қабылдай алу, әлеуметтік қауіпті жағдайда өз әрекетінің нәтижелерін талдап, баға бере білуі, әрекетінің қойылған мақсатқа сәйкестілігін анықтай алу іскерлігі

Дейін

ЭТ



27,3

20,1

15,3

15

1

БТ



28,1

18,6

14,9

15,1

1

Кейін

ЭТ



35,2

25,3

17,9

16,8

2

БТ



29

19,3

15

14,3

1

Сонымен көріп отырғанымыздай, тәжірибелік-эксперименталды жұмыстың қорытынды кезеңі бойынша алынған нәтижелерді талдау жүзеге асырылған бағдарламаның кәмелетке толмағандардың онлайн-әлеуметтену үдерісінде қауіпсіз мінез-құлық тәжірибесінің қалыптасу деңгейіне мәнді түрде әсер еткен.


Сандық буын алдыңғы буынмен салыстырғанда олардың дамуының ерекше әлеуметтік жағдайымен анықталған көптеген параметрлерде ерекшеленеді. Психикалық және жеке дамудағы өзгерістер туралы мәселені бағалау мүмкін емес, өйткені өзгерістердің нәтижесі көптеген жылдардан кейін әсер етеді. Технологиялық өзгерістердің балалар мен жасөспірімдерге әсерін бағалау және цифрлық әлеуметтенудің ерекшеліктерін зерттеу бойынша кешенді пәнаралық зерттеулерді ұйымдастыру, сондай-ақ олардың психикалық денсаулығы мен дамуына әсер ететін онлайн-тәуекелдерді жүйелі түрде мониторингтеу қажет. Мұндай талдау белгілі бір қорқыныштың дұрыстығын сенімді түрде көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар білім беру саясатына сенімді негіз бере алады. Біраз уақыттан кейін бізді алаңдататын өзгерістер өмірдің жаңа сапасына көшудің факторлары және интернеттің жақын әлемінде немесе нейронеттің алыс болашағында сәттіліктің кілті болуы мүмкін. Цифрлық құзыреттілік деңгейін арттыру бойынша оқыту бағдарламалары балалар, ата-аналар мен мұғалімдер үшін озық нәтижемен әзірленуі және АКТ саласындағы өзгерістерді ескере отырып, жедел түрлендірілуі тиіс.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Раушанұлы Т. Интернет пайдаланушылар саны 4,1 миллиардтан асты [Электронды қор]: мақала // https://massaget.kz/layfstayl/tehno/59579/ https://massaget.kz/layfstayl/tehno/59579/.
2. Шәукенова З. Интерент қатерлері [Электронды қор]: мақала // © egemen.kz: https://egemen.kz/article/200907-internet-qaterleri.
3. Покидаев Д. В Казахстане посчитали пользователей интернета [Электронды қор]: мақала // https://kursiv.kz/news/otraslevye-temy/2020-04/v-kazakhstane-poschitalipolzovateley-interneta.
4. Мудрик А.В. Социализация человека / А.В. Мудрик. - М.: 2007. – 256 с.
5. Насимов М.Ө. Жастардың киберәлеуметтенуінің өзекті мәселелері [Электронды қор]: мақала // © egemen.kz egemen.kz: https://egemen.kz/article/160932-zhastardynh-kiberaleumettenuininh-ozekti maseleleri)
6. Игібаева А.К.. Ерболатұлы Д., Турарова Г.У.Киберәлеметтендіру: Беталысы және келешегі. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. «Педагогика және психология»., 2020 ж. №4.
7. Солдатова, Г.У. Цифровое поколение россиян: компетентность и безопасность / Г. У. Солдатова, Е. И.Рассказова, Т. А. Нестик. – М.: Смысл, 2017. – 375 с.
8. Плешаков В.А. Киберсоциализация человека: от Homo Sapiens’а до Homo Cyberus’а. – М.: Изд-во «Прометей», 2012. – 45 с.)
9. Хорошилов А.В. Социализация электронного обучения и виртуальные сообщества практики / А. В.Хорошилов, Н. А. Дмитриевская, О. В. Шулаева // Труд и социальные отношения, 2009. – № 3. – С. 34-39.)
10. Гладкова Л.Н. Формирование опыта социально безопасного поведения несовершеннолетних в процессе online-социализации: 13.00.01 пед.ғыл.канд....дис. / Гладкова Любовь Николаевна; Тюмень ТМУ; ғыл. жет. О. А. Селиванова. – Тюмень, 2019. – 259 б.
11. Болдакова И. А. Основные риски киберсоциализации молодежи // Научно-методический электронный журнал «Концепт». – 2015. – Т. 37. – Б. 151–155. – URL: http://e-koncept.ru/2015/95653.htm.

REFERENCES


Gromov S.P., Fedorova O.A., Ushakov E.N., Stanislavskii O.V., Lednev I.K., Alfimov M.V., Dokl. Akad.Nauk SSSR, 1991, 317, 1134-1139 (in Russ).
1. Raushanuly T. Internet paidalanushylar sany 4,1 milliardtan asty, makala , https://massaget.kz/layfstayl/tehno/59579/ https://massaget.kz/layfstayl/tehno/59579/. (in Kaz)
2. Shaukenova Z. Internet katerleri, makala © egemen.kz: https://egemen.kz/article/200907-internet-qaterleri. (in Kaz)
3. Pokidaev D.V. V Kazakhstane poschitali polzovateley interneta, statya, https://kursiv.kz/news/otraslevye-temy/2020-04/v-kazakhstane poschitalipolzovateley-interneta. (in Russ)
4. Mudrik A.V. Socializaciya cheloveka, М, 2007, 256. (in Russ)
5. Nasimov M.O. Zhastardynh kiber-aleumettenuininh ozekti maseleleri, makala © egemen.kz: https://egemen.kz/article/160932-zhastardynh-kiberaleumettenuininh-ozekti maseleleri). (in Kaz)
6. Игібаева А.К.. Ерболатұлы Д., Турарова Г.У.Киберәлеметтендіру: Беталысы және келешегі. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. «Педагогика және психология»., 2020 ж. №4
7. Soldatova G.U., Rasskazova E.I., Nestik T.A. Cifrovoe pokolenie rossian: competentnost i bezopastnost, М., 2017, 375. (in Russ)
8. Pleshakov V.A. Cibersocializaciya cheloveka: от Homo Sapiens’а dо Homo Cyberus’а., М., 2012, 45. (in Russ)
9. Horoshilov A.V., Dmitrievskaya N.A., Shulaev O.V. Socializaciya elektronnogo obuchenya i virtualnye soobhsestva praktiki, Trud i socialnye otnoshenya, 2009., 3., 34-39. (in Russ)
10. Gladkova L.N. Formirovanie opyta socyalno bezopasnogo povedeniya nesovershennoletnih v processe online-socializacii, 2019, 259.
11. Boldakova I.A. Osnovnye riski cibersocializacii molodezhi, 2015, T 37, 151–155. – URL: http://e-koncept.ru/2015/95653.htm.

ОНЛАЙН-ӘЛЕУМЕТТЕНУ ЖАҒДАЙЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ КАУІПСІЗ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ МҮМКІНДІКТЕІ




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет