А. К. Жундибаева Алматы «Атамұра» 2018 А. С. АҚтанова, А. К. Жундибаева, Л. К. ЖҰмекенова жалпы бiлiм беретiн мектептiң 8сыныбына арналған оқулық



бет11/86
Дата20.12.2023
өлшемі0,67 Mb.
#141832
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   86
Байланысты:
Танова, А. К. Жундибаева-emirsaba.org

1-тапсырма. Жырда қандай оқиға суреттеледі? Түсін гендеріңді баяндап
беріңдер.
2-тапсырма. Жырдың идеясы неде? Жырда қандай ұлттық дәстүр туралы
айтылады?
3-тапсырма. Жырдағы кейіпкерлердің есімдерін дәптерлеріңе теріп жа
зып, әрқайсысына мінездеме беріңдер.
4-тапсырма. Үзіндіні оқи отырып, жалғасын өз ойларыңмен қорытын
дылаңдар.
«Күндерден күн өтіп, тәңірі Байбөріге ұл, Байбіжанға қыз берді.
Мұны есіткенде бүкіл оғыз елі қуанып, той жасады. Байбөрі бек өзінің
саудагерлерін шақырып алып, бұйрық берді: «О, саудагерлерім, тәңірі
мені жарылқап ұл берді. Балам өскенше Рум еліне барып, соған жақсы
қаружарақ әкеліңдер», – деді. Саудагерлер жол шегіп, Стамбұлға келді.
Бағалы бұйымдар, оған жақсы тартулар сатып алды. Олар Байбөрі бала
сына бір теңіз айғырын (су жылқысын), бір емен садақ, бір күрзі (шоқпар)
сатып алды. Сөйтіп, еліне қайта тартты. Бұл уақытта Байбөрінің баласы
бес жасқа толып еді. Одан соң ол онға, он беске толды. Өзі сұлу, жақсы
жігіт болып өсті».
5-тапсырма. Жыр мазмұнымен танысыңдар. Хрестоматияны негізге ала
отырып, композициялық құрылымына талдау жасаңдар.
6-тапсырма. Жырдағы кейіпкерлердің сөздеріне диалог құрап, айтып
беріңдер.
7-тапсырма. Хрестоматияны пайдалана отырып, жырдағы көріктеу (көр
кемдегіш) құралдарына мысал келтіріп, дәптерлеріңе теріп жазыңдар.
9–10 мысал – 5 ұпай;
7–8 мысал – 4 ұпай;
5–6 мысал – 3 ұпай;
3–4 мысал – 2 ұпай;
1–2 мысал – 1 ұпай.
8-тапсырма. Берілген үзіндіден түсінгендеріңді үшінші жақтан баяндап,
«Бұлақ басындағы кездесу», «Ағасын сағынған ару», «Байрақтың қарын
дасымен кездесуі», «Байрақтың сағынышы» тақырыптарының біріне эссе
жазыңдар.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217


21
9-тапсырма. «Қорқыт ата» жырының мазмұны мен қазақ ауыз әдебие 


тіндегі қандай жырлардың мазмұны, оқиғалары сәйкес келетінін дәлел
деңдер. Шағын жоба жұмысының жоспарына сәйкес негізгі бөлімін
жазыңдар.
10-тапсырма. Шығармадағы салтдәстүрге байланысты рухани құнды лық
тарға мән бере отырып, олардың өміршеңдігіне баға беріңдер. Өз ойла
рыңды қорытып, ортаға салыңдар.
:
1. Мәтінді тыңдаңдар. Берілген уақыт ішінде тапсырмаларды орын
даңдар.
1. Жарташық суайттың ісәрекетінен түсінгендеріңді қысқаша дәптерлеріңе
жазыңдар.
2. БануШешектің жоқтауындағы ісәрекеттерінен көріктеу құралдарын
теріп жазыңдар.
3. Жырдағы үзіндіде қай дәстүр баяндалады? Қысқаша сипаттама жазыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет