1-тапсырма. Мұрат Мөңкеұлы қай жерде дүниеге келген? Кімнің ұстазы?
2-тапсырма. Мұрат Мөңкеұлы шығармаларының тақырыбы мен идеясы
неде?
3-тапсырма. Мұрат Мөңкеұлы шығармаларында не туралы айтылады?
Қай заманның ерекшелігі суреттеледі?
4-тапсырма.Шалкиіз, Қазтуған толғауларын жеткізуде Мұрат Мөңке
ұлының еңбегі туралы не білесіңдер? Қосымша деректерден іздене оты
рып, ойларыңды қорытып, дәптерлеріңе жазыңдар.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217
49
5-тапсырма.Мұрат Мөңкеұлы шығармаларын кімдер зерттеді? Білген
деріңді төмендегі кесте бойынша дәптерлеріңе толтырыңдар.
Зерттеушілер
Мұрат Мөңкеұлы туралы
еңбектері мен пікірлері
Үш қиян Бұл толғау жаңа низам жүріп, ел «штатқа» көніп, елді оязнай, болыс,
ауылнайлар билей бастаған заманда, шамамен 1873 жылы айтылған.
2
Қайырсыз неге десеңіз,
Асанқайғы, Қазтуған,
Орақ, Мамай, Телағыс –
Қалған екен солардан.
Біз де бір сондай болармыз,
Артық па едік олардан?!
9
Қойды мыңнан өсірген,
Жылқыны санға жеткізген,
Арпа, қауын төктірген,
Жеріне жеміс ектірген,
...Қабыршақты, Қарасу,
Қанатымды залым қияр деп,
Қарға бойлы Қазтуған
Қайғыланып көшкен жер.
15
Балығы тайдай тулаған,
Бақасы қойдай шулаған,
4–3452
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217
50
Жайық пенен Еділден,
Сағыз бенен Жеміңнен
Тастан көпір салдырып,
Тайсойған мен Қарабау
Мекен еткен жерлерің,
Шалқып жатқан көлдерің –
Дендерден бергі баурайдан
Қазтуған шұбап өткен жер!
16
Ақтөбе менен Қорғанша –
Асанқайғы бабаның
Қызыл тастан үй салдырып,
Он жыл тұтас отырып,
Әңгіме құрып кеткен жер!
19
Өлеңтінің аяғы,
Шідертінің қоспасы,
Аңқатының басы – Тасоба,
Он сегіз жыл атысып,
Орманбет бидің өлген жер,
Он сан ноғай бүлген жер,
Орта бойын сырлаған
Оқ жаңбырдай жауған жер,
Мұсылманның басынан
Дәреже тайып, ауған жер!
25
Еділді тартып алғаны –
Етекке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны –
Жағаға қолды салғаны.
Ойылды тартып алғаны –
Ойдағысы болғаны.
Маңғыстаудың үш түбек
Оныдағы алғаны.
Үргеніш пен Бұхарға
Арбасын сүйреп барғаны,
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217
51
Қоныстың бар ма қалғаны?!
Мал менен басты есептеп,
Баланың санын алғаны –
Аңғарсаңыз, жігіттер,
Замананы тағы да
Бір қырсықтың шалғаны!
26
Бәйіт еттім бұл сөзді,
Қайғы шегіп заманнан.
Заман азып не қылсын,
Ай орнынан туады,
Күн орнынан шығады,
Бұның бәрі адамнан.
Адамның азған белгісі –
Екі кісі дауласса,
Тату бол деп айтпайды.
Екі айырып арасын,
Арасынан пара алған!
Мұсылманның баласы
Қашуды қойды арамнан.
Шапағат, қайыр қалмады
Жақынжуық жараннан.
Атқа мінген жігітте
Қалмады нәрсе қарардан –
Қайыр кетіп қазаннан,
Қуат кетіп азаннан.
27
Киім кисе, жеңі жоқ,
Етегі бар да, белі жоқ,
Бармақ сияр жері жоқ –
Қатпа* болған түйедей,
Киеңкі болған биедей
Ел биледі бір сымпыс
Екі бұты таралған.
28
Дұшпан – тазы, біз – түлкі,
Қашсақ, ерікке қоймайды,
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217
52
Інге кірсек, суырып,
Бір пәлеге жолықтық.
...Қазынасы кең Құдайым,
Сақтағайсың саламат!
29
Саламат қайтіп сақтасын:
Берсең, түгел келмейді
Базарға қосқан аманат.
Болмаса едік масқара,
Байдан кетіп сақауат,
Пақырдан кетіп қанағат.
Діні басқа біреулер
Ел биледі аралап.
Бір пәледен мың пәле
Өсіп кетті балалап.
31
Мен қауіп еткеннен айтамын:
Ақ борықтай иілген,
Кейінгі туған баланың
Ұстай ма деп білегін,
Шая ма деп жүрегін,
Шашын, мұртын қойдырып,
Ащы суға тойдырып,
Бұза ма деп реңін.
Адыра қалғыр заманның
Мен жаратпаймын сүреңін!