А. К. Жундибаева Алматы «Атамұра» 2018 А. С. АҚтанова, А. К. Жундибаева, Л. К. ЖҰмекенова жалпы бiлiм беретiн мектептiң 8сыныбына арналған оқулық


Кәмила. Тим, сонда біздің өз үйімізде қонақ күтіп, көңіл көтеруге де хақымыз жоқ па? Нәзила



бет62/86
Дата20.12.2023
өлшемі0,67 Mb.
#141832
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   86
Кәмила. Тим, сонда біздің өз үйімізде қонақ күтіп, көңіл көтеруге де
хақымыз жоқ па?
Нәзила. Бар. Бірақ бұл үйде жалғыз сендер ғана емес, бәріміз
тұрамыз. Өзгелермен де санасу керек емес пе? Жақында Ом диссертация
қорғайды, әпкем жұмыстан шаршап келді, мына бөлмеде бала ұйықтап
жатыр. Билегіш боп бара жатсаңдар ресторанға барыңдар.
Светлана. Онда, сіңілім, ревизия жүріп жатыр.
Нәзила. Онда «Тастаққа» кетіңдер, тауға өрмелеңдер немесе айдалаға
барып билеңдер. Ол жақта ревизия да, ремонт та жоқ.
Светлана. Қызғаныштан ішің өртеніп барады ғой, ә? Одан да бір
жігіттің етегінен ертерек ұста. Сонда өзгелермен ісің болмайды.
Нәзила. Байқауымша, сіздер мықтап ұстаған болуларыңыз керек.
Светлана. Ол біздің шаруамыз. Айтшы, сіз неге далаға шықпайсыз?
Әлде, сіз де әпкеңіз секілді үй бағуды жөн көрдіңіз бе?
Нәзила (тістеніп). Тым болмаса, шолақ ақылыңыз бар ма деуші едім,
ол да жоқ екен ғой. Сізге сөз әуре қылмаймын (дауыстап). Шығыңыз
үйден.
Светлана. Мына қыз бізді тағы да қуып шықты. Кетейік, жолдастар.
(Бәрі шығады).
Тимур. Сұлтан, Светлана!
(Кәмила креслоға отырып, солқылдап жылап жібереді).
Қамажай. Құдайау, маған бәрің де бірдейсіңдер. Қайсыларыңның
сөзіңді сөйлерімді білмей басым қатты ғой.
Нәзила. Әпке, басыңызды қатырмаңыз. Ермектің қасына барыңыз.
(Қамажай кетеді. Іштен Омар шығады. Қолында порт фелі бар
киініп алған).
Нәзила. Иә, саған жол болсын?
Омар. Жұрт кетіп қалған ба?
Нәзила. Біз сені жұмыс істеп отыр екен десек, ұйықтап тұрғаннан
саумысың?
Омар (таңданып). Кәмила неге жылап отыр?
Нәзила. Адам тек ренішқайғыдан ғана жыламайды ғой, қуаныштан
да жылайды.
Омар. Иә, ол не қуаныш?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет