А. К. Маханова хормен ән айту тәрбиесі



бет20/34
Дата05.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#134645
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34
Қайталау үшін сұрақтар



  1. Шығарманы көркемдік тұрғыда орындау үшін қандай мәселерге назар аудару керек?

  2. Шығарманы көркемдік тұрғыда орындау үшін қандай қосымша құралдарды пайдалануға болады?

  3. Музыкамен сүйемелдеу барысында қандай аспаптарды пайдалануға болады?

  4. Музыкамен сүйемелдеу барысында қандай қазақтың фольклорлық аспаптарды пайдалануға болады?

  5. Мектеп репертуарынан бір әнді таңдап мектептегі сынып сияқты, тобымен үйретіп мәнерлеп орындап беріңіз.

Келесі әндер талдау мен орындауға арналған:



Көкек, көкек, көкек деп,


Бұтаққа қонақтап.
Көкек, көкек, көкек деп,
Отырар алақтап.
Көкек, көкек
Қулана қарайды.
Көкек, көкек
Жасыңды санайды.
Әнді айтар алдында балалармен әңгіме жүргізуге болады. «Көкек қалай дыбыстайды?» – Кім естіді? деп сұрау керек. Балалар әрине «ку-ку» деп жауап береді. Балалардын назарын көкек үнінің алыстан естілетіндігіне, және әрбір «ку-ку» деген дыбыс арасында үзіліп айтылатын пауза бар екеніне аудару керек. Әнді жаттау кезінде «көкек» деген сөзден кейінгі, әсіресе «жасыңды санайды» деген сөздің алдындағы паузаға көңіл аудару керек.

1. Көктемде, көктемде
Күн нұрын төккенде.
Қар еріп ақты су,
Жоғары ұмтылды.
Биікке, биікке, биікке.

2. Көк шыбық былтырғы


Көгерді, құлпырды.
Құлпырды, құлпырды
Жоғары ұмтылды.
Биікке, биікке, биікке.

3. Көктемде, көктемде


Күн нұрын төккенде.
Қар еріп ақты су,
Жоғары тартты бу.
Биікке, биікке, биікке.
Биікке, биікке, биікке.
Мағынасына сәйкес көктемгі әнді p дан f динамикалық белгісін қолданып айтуға болады. Домбыраның көңілді әуені - күй естілгенде фортепианода ойнатып, балаларға көңіл бөлу керек.




  1. – Бүгің қай күн?

– Дүйсенбі.
– Ертең қай күн?
– Сейсенбі.
– Оят онда Дүйсенді,
– Оят онда Сейсенді,
– Сабағынан қалмасын.



  1. – Бүгің қай күн?

– Сәрсенбі.
– Ертең қай күн?
– Бейсенбі.
– Оят онда Сәрсенді,
– Оят онда Бейсенді,
– Сабағынан қалмасын.

3. – Бүгің қай күн?


– Жұма ғой.
– Ертең қай күн?
– Сенбі ғой.
– Тұрсын онда Жұмажан,
– Тұрсын онда Сенбіжан,
– Сабағынан қалмасын.

4. – Бүгің қай күн?


– Жексенбі!
– Демалыс та
– Тез келді!
– Оят онда Жексенді,
– Дүйсен, Сейсен, Сәрсендер,
– Асыр салып ойнасын.
Бұл ән балаларға әунеді – ойын түрінде апта күндерін есте сақтауға мүмкіндік береді. Жаттағаннан кейін оны балалардын шағын топтарымен рөлге бөліп орындауға болады.



1. Өзің мені өсірген,
Айналайын ақ әжем.
Тентек болсам кешірген,
Шөлдедің бе, дана әжем?!

2. Шай қайнатып келейін,


Шекер салып, жан әжем.
Өзім құйып берейін,
Балдай тәтті бал әжем.




  1. Выйди, солнышко,

Выйди, красное,
Полно спать тебе
В мягком облаке.
Не к лицу тебе
Лежебокой быть,
Не к лицу прослыть
Привередою…
Поднимись скорей
В небо чистое,
Освети, согрей
Землю матушку.
Лирикалық ән, бұл жерде дыбыстың айтылуы мен сапасына мән беру өте маңызды. Алдыңғы айтулыдағы ұзақтылықты сақтап, тынысты сөйлемге байланысты алу керек. Негізгі мақсат дыбыстың әуенін реттеу. Жұмсақ та мәнерлі айту керек.



1. Судан шықпас жаздайын,


Қаңқылдаған қаздарым, қаздарым.
Мойындарың, білемін,
Мойынындай түйенің, түйенің.
Қайырмасы: Тәй-тәй, қаздарым, тәй-тәй-тәй.
Тәй-тәй, қаздарым, тәй-тәй-тәй.

2. Суға түссе балықтай,


Жүзе берер жалықпай, жалықпай.
Судан шықса баладай
Тәй-тәй басып қалады-ай, қалады-ай.

Қайырмасы: Тәй-тәй, қаздарым, тәй-тәй-тәй.


Тәй-тәй, қаздарым, тәй-тәй-тәй.
Әнді үйрену кезінде балалардың ән шумақтарын дұрыс айтуына көңіл бөлу керек. Әннің үндестігін есту үшін сүйемелдеумен бірнеше рет қайталау керек. Қаздың балапандарына деген сүйіспеншілігін нәзік беру керек. Балапандардың балпандаған жүрісін қимылымен көрсетуге болады




  1. Первые снежинки на землю летят.

Два маленьких гусенка в соломе сидят.
Ох, больше не бегать по тропке гуськом!
Ох, холодно по снегу ходить босиком.



  1. Шел сапожник мимо гусят пожалел:

Он двум гусятам мерку снять с лапок велел.
– На каждую лапку сошью сапожок,
И лапки не остудит пушистый снежок.



Жаттығу созылыңқы әндердегі жұмсақ, әуезді, жеңіл дыбыстауды дамытуға арналған.

1.Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы
Достығымыз жарасқан.

2. Ортақ бізге бір Отан,


Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ жыр ортақ
Ортақ бізге барлығы.

3.Туыспыз біз бәріміз,


Бір Отанды сүйеміз.
Бақытты елде туған соң,
Бақытты өмір сүреміз.






  1. То жара, то дождик льется,

То дороги снег занес.
Как, скажи, тебе живется?
В конуре, мой рыжий пес?



  1. Нет с тобою рядом папы,

Рядом мамы тоже нет.
Кто тебе согреет лапы,
Купит к празднику конфет?



  1. У тебя друзей немного,

Ну, какие там друзья.
Ты на цепь посажен строго,
Убежать никак нельзя.

4. Хочешь, я с тобой полаю,


Хочешь, рядом посижу,
Хочешь, книгу почитаю,
Хочешь, фокус покажу?

5. Загорелась в доме люстра,


Погрузился дом во тьму.
Знаю я, что очень грустно
Жить на свете одному.

6. Только пес не отвечает


Мне на это ничего,
А уходишь – громко лает,
Знает: я люблю его.
Сезімге әсер ететін ән балалардың төрт аяқты достарына деген сезімін тәрбиелейді. Үйренген кезде тыныстың сөйлемге байланысты асықпай, байыппен алынатындығына көңіл аударып, алдыңғы сөйлемді міндетті түрде соңына дейін айту керек. Үшінші тактыда репризадан кейін, синкопаны қайтып алып, сүйемелдеудің бірінші бөлігіне көңіл аудару керек.



1. Асау тайлақ, Ақтайлақ
Мініп келем қақпайлап.
Желеді ол тайраңдап,
Жұрт қарайды қайран қап.
Желеді ол тайраңдап,
Жұрт қарайды қайран қап.

2. Бала біткен шулайды,


Тайлақ үркіп тулайды.
Шөк дегенді ұқпайды,
Үй маңынан шықпайды.
Шөк дегенді ұқпайды,
Үй маңынан шықпайды.

3. Асау тайлақ, Ақтайлақ


Мініп келем қақпайлап.
Ақтайлақ-ау, Ақтайлақ,
Бұл мінезің жақпайды-ақ.
Ақтайлақ-ау, Ақтайлақ,
Бұл мінезің жақпайды-ақ.

1. Аты шыққан биімен, мен боламын ортеке,


Ойқастаған ортеке, қой бастаған ер теке.
Мен бір билеп берейін, тұяқтарым сыртылдап,
Мен бір билеп берейін, буындарым былқылдап.

2. Қоңыр тоқты, көк тұсақ, сен де биле мен құсап,


Қарап тұрмай бекерге, серік болып текеге.
Қобыз мойын түйелер, шудаларың желкілдеп,
Өркештерің селкілдеп, тайраңдап бір билеңдер.
Ортеке – лақ бейнесімен жасалған құыршақ, ойыншық. Ертеде қазақ домбырашылары жіптен ілгешектер жасап, саусақтарына іліп, домбыра күйімен ортекені билететін болған.
Композитор Ә.Еспаев «Ор теке» әнін жылдам екпіндете айтылатын, әр түлік малдың жас төлдерінің суы бал, шөбі шүйгін далада ортекедей ойнақтап билейтінін бейнелеген. Әннің басталуымен, жылдам бидің ырғағы байқалады. Музыкасында ән мен би жанры қосыла ұласып, ойнақы айтылады. Әнін үйренерде пунктир ырғақты дұрыс сақтау үшін асықпай жаттап, шапшандыққа біртіндеп көшкен жөн. Сөздерінің буынына және дикцияға көңіл аудару керек, әйтпесе әнді тез орындағанда оның мәні жоғалуы мүмкін.




  1. Кетіріп қыстың каһарын,

Келтіріп уақыт баһарын.
Төрт түлік малын төлдетіп,
Молайтқан ақты селдетіп.
Жеріме жетті Наурыз,
Наурыз іскер тәуір қыз.

2. Бидай, ет, тары, қамырын,


Тұз, сүт, су қосып барлығын,
Пісірген қөқтем әжесі,
Ұсынып наурыз көжесін.
Жеріме жетті Наурыз,
Наурыз жомарт тәуір қыз.

3. Нұрлы күн күлген сөзіндей,


Бұлбұл үн жылы сөзіндей,
Бұлақтар бұрым шашындай,
Құрақтар қиғаш қасындай.
Жеріме жетті Наурыз,
Наурыз нағыз тәуір қыз.

Алдын ала балалармен Наурыз жайлы әңгіме жүргізіп, әннің сүйемелдеуіне көңіл аудару керек. Біріншіден үшінші шумаққа дейін қуаныштың ашыла бастауына, шумақтардың арасындағы музыкада өмірге ризашылық пен шаттық үні естіледі. Әнді өте әдемі, жан тәніңмен орындау керек.




  1. Солнце, небо, звёзды,

Звонкий детский смех –
Это всё так просто-просто,
Нам разделить на всех.
Это всё ещё не поздно
Нам сохранить для всех.
Припев: Мир для меня, мой друг, – тепло ладоней твоих,
Голос счастливый твой.
Мир для меня, мой друг, – надёжный мир для двоих,
Мир над землёй.



  1. И уйдут однажды

Все беды без следа,
Если просто скажет каждый:
Мир – это навсегда».
«Если просто скажет каждый:
Мир – это навсегда».
Патриоттык ән, салтанатты әрі сезіммен орындалады. Шумақтпры лирикалық әуенде, сондықтан легато штрихымен, созылыңқы үнмен, сөйлемге терең мағына беріп айту маңызды. Қайырмасы жоғары регистрде орындалады, сондықтан мәтін тыңдаушыларға жету үшін әнді қатаң атакамен орындау қажет.




  1. Жайлау гүлге тұнатын,

Атам, әжем тұратын,
Мен ауылды, мен ауылды сүйемін.
Мен ауылды, мен ауылды сүйемін.



  1. Көше гүлге тұнатын,

Папам, мамам тұратын,
Мен қаланы, мен қаланы сүйемін.
Мен қаланы, мен қаланы сүйемін.



  1. Атам, әжем мекені,

Папам, мамам мекені,
Туған жерді, туған жерді сүйемін.
Туған жерді, туған жерді сүйемін.

Бұл ән туып-өскен жерге деген адамның сүйіспеншілігі туралы. Нәзік, әуенді үнмен орындалады.





1. Қарт Алатау 2. Бұлақ аққан


Бұлтты құшқан, Балқып мыстан,
Көгінде «ту» Жері дархан,
Зулап ұшқан, Алтын құсқан,
Менің жерім Ғажап сенің
Туған елім – Байлық кенің,
Кун сәулелі Қазақстан. Туған елім Қазақстан.
3. Желің самал 4. Кун елісің
Ескен майда Күлімдеген,
Толқындаған Гүл елісің,
Егін жайда. Гүлі берен.
Далам менің, Мейірбанды,
Анам менің Ізгі жанды
Туған елім Қазақстан. Туған елім Қазақстан.



1. Бүгінгі ел ішінде


Дәстүрді жалғастырған,
Татулық белгісі ме,
Жағалай малдас құрған.

Қайырмасы: Ей, менің асқар тауым!


Қазақы дастарқаным,
Өзіңсің бақ-берекем,
Ақ қайнар бастауларым.
Өзіңсің бақ-берекем,
Ақ қайнар бастауларым.

2. Анаға ақ пейілді,


Иілсе келін, балаң.
Ықылас, ізет еткен,
Сыйластық елін табам.

Вальс екпіндегі әдемі ән. Үйренген кезде, кең секіріске көңіл аударып, оларды орындағанда, төменгі нотаға күш салмау керек. Жылдамдыта, ашық та нәзік айту керек.






  1. Ақ таяғын таянып,

Таңмен бірге оянып,
Аяз ата келіп тұр
Ақ күпіге оранып.

Қайырмасы: Ал, балалар, тұрмайық,


Би билейік, жырлайық.
Аяз ата қуансын,
Дөңгеленіп зырлайық.

2. Кетті көңіл шалқып-ақ,


Жұлдыздардай қалтырап,
Аяз ата үстінде
Ақша қар тұр жарқырап.
Қайырмасы:
3. Көрдің бе аяз атаны,
Аппақ екен сақалы,
Аппақ екен мұрты да,
Аппақ екен шапаны.
Қайырмасы:




  1. Уақыт мол бөлеміз,

Қыс қызығын көреміз.
Сары аязда шыңдалып,
Шымыр болар денеміз.

Қайырмасы: Аппақ, аппақ дала,


Аппақ ауыл, қала.
Жапалақтап ақша қар
Жауа берсін, жауа.
Көңіліміз қаласа,
Сыртқа шығып таласа,
Қар атысып ойнаймыз,
Қыстың күні тамаша.
Тамаша.
2. Жылда осылай келеді,
Көп қауныш береді.
Шашу етіп біздерге,
Ақ күмісін төгеді.
Қайырмасы:

1. Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
Ля-ля-ля, ля-ля-ля.
Мұз болады, қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.

2. Аралайды бақшаны,


Үзілмейді жақсы әні.
Гүлденеді бақшалар,
Жауса жаусын ақша қар.
Ля-ля-ля, ля-ля-ля.
Гүлденеді бақшалар,
Жауса жаусын ақша қар.
Бұл ән жұмсақ та жеңіл айтуды талап етеді. Оқушының көңілін «фермата» белгісіне аударып, оны сақтау керек. Келесі ырғақ «стаккато» және акцентті бірінші бөлікте жеңіл және әдемі орындау керек.

1. Әлди, әлди, бөпем-ай,


Әлди әнге салам-ай.
Әлди әнге мен салсам,
Бөпем ұйықтап қалама-ай.

2. Әлди, әлди, бөпешім,


Жылай беріп не етесің.
Қаз тұрасың ертең-ақ
Тәй-тәй басып кетесің.

3. Бал, бөбегім, базарым,


Пәс түспесін назарың.
Сенің күлкің ашады
Дүниенің ажарын.
Ән орташа, нәзік дауыспен орындалады. Бұл жерде балаларды тынысты еркін алып және оны сөйлем бойында үзбеуге үйрету керек. Тыныс алғанда, сөйлем үзіліп қалмас үшін, оны әрі қарай жалғастыру керек. Ең маңыздысы төрттік нотаны әннің соңына дейін орындау керек.




  1. Ана – өмір шырағы,

Ана – өмір бұлағы.
Бесігімнің жыр әні
Жүрегімде тұрады.

Қайырмасы: Әлди, әлди, әлди-ай –


Анамыздың бұл әні.

2. Гүлді өмірде мәуелі,


Нұрлы өмірде мәуелі.
Анамыздан тыңдадық
Әсем әнді әуелі.

Қайырмасы: Әлди, әлди, әлди-ай –


Мәңгі өмір әуені.

«Ана!» Адамның алғаш айтатын сөзі және ол бүкіл әлем тілдерінде бірдей нәзік естіледі. Біз бұл әнді қайырмасынан бастап үйренуді ұсынамыз. Осы әнді үйрету барысында осындай сөздерді және дауыс ырғағы бар қандай ән орындағандары туралы әңгіме жүргізуге болады. Балалар «Әлди-әлди», «Бала уату» сияқты бесік жырларын естеріне түсіреді. Иә, бұл әндерді бізге бала кезімізде аналарымыз баяу айтатын, біз «Ана» әнін нәзік сезіммен орындауға тиіспіз.



1. Мейірі мол балаға,
Бар әлемде анаға,
Басымызды иеміз.
Бабамыздың тілі деп,
Даламыздың үні деп,
Ана тілін,
Ана тілін,
Ана тілін сүйеміз. (3 жол 2 рет)

2. Ақ сүтінен жаралған,


Ақ сүтінен нәр алған
Анаға бас иеміз,
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің үні деп,
Ана тілін,
Ана тілін,
Ана тілін сүйеміз. (3 жол 2 рет)

1. Ел жатқанда жатпаған,


Мен деп тыным таппаған.
Бақыты үшін баланың
Аман – сау жүр, ақ мамам.

Қайырмасы: Күлімдеген көзіңнен


Күн мейірімі сезілген.
Бұл жалғанда балаға
Жақын жан жоқ өзіңнен.
Жақын жан жоқ өзіңнен.

2. Өзің маған мият күн,


Сен деп таңым жиі атты.
Ақ мамамның айқайы
Айналайын сияқты.

3. Қуат беріп құшағың,


Қанат бітіп ұшамын.
Естіртемін алып кеп,
Ел білмейтін құс әнін.
4. Мен деп кірпік қақпаған,
Менсіз тағам татпаған.
Бақыты үшін балаңның
Аман – сау бол, ақ мамам!



Берілген әуезді әуен кең тыныс алу дағдысын дамытуға арналған. Ән айтуда тыныс алуды белсендіру үшін, оны нон легато тәсілі арқылы орындауға болады.





1. Нұрын төккен маған, 2. Аялаған мені,
Шуағымсың – сен! Ән қанатымен.
Айналайын мама, Құттықтаймын сені,
Қуанышыңмен! Салтанатыңмен!
Шаттандырған мені Бақытты ғой заман,
Жұбанышым – сен! Қандай көнілді!
Құттықтаймын сені, Мен тілеймін саған
Туған күніңмен! Ұзақ өмірді!




  1. Елдің жырын жырлаған,

Қайғысын да толғаған.
Домбырасыз ешқашан,
Жүрекке ем қонбаған.

Қайырмасы: Домбырасыз сән қайда,


Домбырасыз ән қайда,
Ән мен күй бар өмірде
От алаулап жанбай ма!..



  1. Құрманғазы, Тәттімбет

Домбырамен сайраған.
Жүрегіне от жақсын деп,
Елге күйін арнаған.



  1. Абай, Жамбыл, сал Біржан

Таң қалдырып ән салған.
Жүрегіңді жандырған,
Естіген жан тамсанған.




  1. Гүлдей жайнап,

Күптей жайнап,
Мен ер жетіп толамын.
Әжем айтқан
Дәу жігіт боп,
Ағалардай боламын.

Қайырмасы: Бір, екі, үш!


Бойға жинап күш,
Шынығамын таңертең,
Ағалардай Отанға
Солдат болам мен ертең.

2. Мөлдір таным,


Мөлдір жаным,
Мен ер жетіп толамын.
Атам айтқан
Дәу жігіт боп,
Ағалардай боламын.




  1. Білімнің кілтіндей

Әліппе ұстатқан.
Оқуға іркілмей,
Тоқуға ұстартқан.
Қамқоры ұл-қыздың
Мұғалім ол біздің.



  1. Қиынға төзуге

Үйреткен қашан да,
Жаманнан безуге,
Жақсылық жасауға.
Қамқоры ұл-қыздың
Мұғалім ол біздің.



1. Шіркін, сурет сабағы,


Ауылды еске салады,
Мың құбылтып бояймын,
Туып – өскен даланы.

2. Қызыл бояу қызғалдақ,


Сары бояу сарғалдақ.
Жасыл бояу жайлауым,
Іздеп барар армандап.

Бұл ән балалардың үлкен шабытпен қатысатын сурет сабағы жайлы. Ән жоғарғы регистрде басталып, көңілді де салтанатты орындалады.





1. Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп.
Ауылдың жаңы – терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп.
2. Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді – өзі.
Көрінбей жердің топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.


  1. Светит в небе солнышко, солнышко,

Золотое донышко, донышко,
Шепчет ветер облачку, облачку:
«Ну-ка, спляшем полечку, полечку!»

Припев: Тра-ля-ля,


Тра-ля-ля,
«Ну-ка, спляшем полечку, полечку!»



  1. Струны скрипки тонкие, тонкие,

Звуки флейты звонкие, звонкие,
Медь на трубах яркая, яркая,
Пляска будет жаркая, жаркая.

Припев: Тра-ля-ля,


Тра-ля-ля,
Пляска будет жаркая, жаркая.



  1. Руки сами хлопают, хлопают,

Ноги сами топают, топают,
Дружат танец с песенкой, песенкой,
Всем ребятам весело, весело.

Припев: Тра-ля-ля,


Тра-ля-ля,
Всем ребятам весело, весело.
Бұл би-әнді орындағанда шын жүрекпен, әуелетіп көңілді орындау керек. Әнді жаттағанда, ырғақ суретке көңіл бөлу керек. Және мына сөздерді: «донышко», «облачку», «полечку» дауысты дыбысты ызың дауыссыздардың алдында айтуға тура келеді. Бұл сөздерде дауысты дыбысты созып, соңында ызың дауыссызды қысқа да нақтылап айту керек. Қайырманың соңында да ырғақты суретке өңдеп, әр түрлі ырғағына көңіл бөлу керек. Би-әнді би қозғалыстарымен бірге орындауға болады.



1. Айды әперші, апатай!


Алқа қылып тағайын.
Алқа қылып тақпайын,
Ақ доп қылып қағайын.

2. Айдынында аспаннын,


Дөңгелесін, зырласын.
Дөңгелесін, зырласын,
Бір орнында тұрмасын.

3. Ай добыма әдемі


Барлық бала қарасын.
Доп айдыны етейік
Жер мен көктің арасын.
Әзіл түріндегі ән. Мазмұны мынадай: «Кішкентай бала тәтесіне аспандағы айды алып бер, мен оны төсбелгі қылып кеудеме тағамын немесе футбол ойнайтын доп етсем тіпті жақсы», депті. Фортепиано аспабынан жеңілістен әнге марштық әуен беретін футбол маршының үні шығады. Әуеннің бәсеңдеген кезінде, балаларды адымдатуға болады.


  1. Раз сидел веселый гном

На пеньке под елкой,
И латал свой колпачок
Хвойною иголкой,

Ти-ла-ла, да ти-ла-ла,


На пеньке под елкой,
И латал свой колпачок
Хвойною иголкой,



  1. Гному было много лет

Он не удивлялся,
Что колпак за столько лет
У него порвался.

Ти-ла-ла, да ти-ла-ла,


Он не удивлялся,
Что колпак за столько лет
У него порвался.



  1. От заплаток – колпачок

Пестрым был у гнома.
Синий, красный, голубой,
Розовый, зеленый.

Ти-ла-ла, да ти-ла-ла,


Пестрым был у гнома.
Синий, красный, голубой,
Розовый, зеленый.



  1. Ну, а гномик песню пел

На пеньке под елкой.
И латал свой колпачок
Хвойною иголкой.

Ти-ла-ла, да ти-ла-ла,


На пеньке под елкой,
И латал свой колпачок
Хвойною иголкой.



1. Спроси у жизни строгой:


Какой идти дорогой.
Куда по свету белому -
Отправиться с утра?
Иди за солнцем следом,
Хоть этот путь неведом,
Иди, мой друг, всегда иди
Дорогою Добра!

2. Забудь свои заботы,


Падения и взлёты,
Не хнычь, когда судьба
Ведет себя не как сестра.
Но если с другом худо,
Не уповай на чудо...
Спеши к нему, всегда иди
Дорогою Добра!

3. Ах, сколько будет разных


Сомнений и соблазнов!
Не забывай, что это жизнь –
Не детская игра.
Ты прочь гони соблазны,
Усвой закон негласный:
Иди, мой друг, всегда иди
Дорогою Добра!




  1. Шөп, шөп – шөп шөжелерім,

Шөп – шөп, шөп – шөп шөжелерім.
Мамық жүнді шөжелерім,
Нәзік үнді шөжелерім.
Көк шалғында жайылым бар,
Тез келіңдер, жайылыңдар.
Әй, менің шөжелерім,
Әй, менің шөжелерім,
Әй, менің шөжелерім,
Әй, менің шөжелерім,
Мамық жүнді шөжелерім!

  1. Шөп, шөп – шөп шөжелерім,

Шөп – шөп, шөп – шөп шөжелерім.
Мамық жүнді шөжелерім,
Нәзік үнді шөжелерім.
Не жейсіңдер, мен берейін,
Су берейін, жем берейін,
Әй, менің шөжелерім,
Әй, менің шөжелерім,
Әй, менің шөжелерім,
Әй, менің шөжелерім,
Балғын бөбек шөжелерім!

Аталған әуен динамикалық ансамбльді қалыптастыруға арналған. Жаттау кезінде алдымен бір дыбыстауда бірқалыпты орындауға болады. Содан кейін, f және қолдану арқылы орындауға болады. p динамикасын орындауда тыныс алудың енжар болмауын қадағалау қажет.








  1. Көлдей шалқып жас өмір,

Тасып жатқан шағында,
Кемерінен шалықтап,
Асып жатқан шағында,
Ойын ойнап, ән салмай,
Өсер бала болар ма,
Күміс күлкі көрмей ол,
Кемеліне толар ма?

Қайырмасы: Айгөлек-ау, айгөлек,


Айдың жүзі дөңгелек.
Айгөлек деп ән шырқа,
Ел бөбегі, кел, бөбек!
2. Асыл сөздің ұстасы –
Ақын болар ұрпақпыз.
Өнер, білім, еңбекке
Жақын болар ұрпақпыз.
Он саусағы майысқан
Шебер болар ұрпақпыз.
Тұла бойы толған бір
Өнер болар ұрпақпыз.

Қайырмасы: Айгөлек-ау, айгөлек,


Айдың жүзі дөңгелек.
Айдай толған кезімде,
Би билеймін дөңгелеп.

1. Біздің келер шамамыз,


Бестен үшті аламыз.
Төртті бөліп екіге,
Жауабын тез табамыз.

2. Біздің келер шамамыз,


Көбейтуге данамыз.
Төрт амалды тең білер,
Өте зерек баламыз.
Бұл ән математика сабағы туралы. Әнді үйренуде негізгі қиындық 7-тактідегі ля нотасынан ре нотасына төмен түскенде туындайды. Осы қиындықты жою үшін, ля-ре интервалындағы әуенді жаттығу ретінде бірнеше рет айтуға болады.



1. Ақ сиса, қызыл сиса, сиса, сиса,


Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса.
Шорманның Мұстафасы атымды алып,
Атандым сол себептен Жаяу Мұса, ай!
Ей, гик-кәй, гик-кәй, гик-кәй, гик-кәй.
Ги-ги-ги, гик-кәй, гик-кәй,
Ги-ги-ги-ги, гик-кәй.
Шорманның Мұстафасы атымды алып,
Атандым сол себептен Жаяу Мұса, ай!

2. Жаныма батқандықтан ашынамын,


Мен неге жаяумын деп басыламын.
Малым жоқ Шорман айдап алатұғын,
Қылығын Мұстафаның паш қыламын, ай!
Ей, гик-кәй, гик-кәй, гик-кәй, гик-кәй.
Ги-ги-ги, гик-кәй, гик-кәй,
Ги-ги-ги-ги, гик-кәй.
Малым жоқ Шорман айдап алатұғын,
Қылығын Мұстафаның паш қыламын, ай!

3. Үш жүзге атым мәлім Жаяу Мұса,


Жігіттер, шамаң келсе, маған ұқса,
Сыртымнан мені қазақ қашқын дейді,
Көрер ем қашқындықты күнім туса, ай!
Ей, гик-кәй, гик-кәй, гик-кәй, гик-кәй.
Ги-ги-ги, гик-кәй, гик-кәй,
Ги-ги-ги-ги, гик-кәй.
Сыртымнан мені қазақ қашқын дейді,
Көрер ем қашқындықты күнім туса, ай!



Бұл жаттығуды талдап, үйреніп, содан кейін әр түрлі екпіндермен, қисындармен, динамика белгілерімен орындау керек.






  1. По школьным коридорам

Шумят все дружным хором,
Галдят, как тысяча галчат.
Кто басом, кто по-тоньше,
Кто тише, кто по-громче,
И в этих звуках
Все семь ноток звучат.



  1. По улице шагая,

Мы слышим звон трамвая,
Машины нам сигналят-кричат.
На крыше дождь играет
И не подозревает,
Что в этих звуках
Все семь ноток звучат.



  1. Спешу туда, где тише,

Туда, где шум не слышен,
Туда, где и сверчки молчат.
Я обречён на муки:
Опять всё те же звуки
Во мне звучат,
Всё те же нотки звучат.

Ән екі дауыста айтуға арналған, бірақ бір дауыста айтуға болады (екінші дауысты мұғалімнің айтуына болады). Синкопалық ырғақты реттеп, бірінші алақанмен ұрып - сезініп, сонан кейін айту керек. Көңілді, жалынды ырғақпен орындау керек.







  1. Ақ көгершін, көгершін,

Қолғанат құс сен едің.
Бар кезіп қайт ел үшін
Кең дүниенің көлемін.
Әділеттің құсы деп,
Көз алмастан жолыңнан,
Бақыт болып қоншы деп,
Ұшырамын қолымнан.

Қайырмасы: Ел тілегін алып ұш,


Адамзаттың бағына.
Қара бұлтты жарып ұш,
Мұхиттың арғы жағына.



  1. Сенен көзін алмайды,

Ақ ниетті бар адам.
Ақ қанатың талмайды,
Әділеттен жаралған.
Тыныш бейбіт өмірдің
Белгісі боп қанат қақ.
Әлемге ортақ көңілдің
Қайт шыңында қонақтап.

Қайырмасы:





  1. Қанатыңа жазылған,

Жалғыз ауыз ұран бар.
Не құдірет құралдан,
Ең күштісі сол құрал.
«Бейбітшілік» делінген
Белгіні оқыр әр адам.
Бақыт құсы келді дер,
Қанатыңа қараған.

Қайырмасы:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет