А. К. Маханова хормен ән айту тәрбиесі



бет16/34
Дата05.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#134645
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34
Байланысты:
Оқу құралы

11.1. Параллельді тональдыктар
Барлық тональдықтар «мажор-минордың» жұптасқан түрінде болады, оларды бірдей кілттік белгілерінің саны немесе олардың болмауы біріктіреді. Мажордың параллельді тональдығын табу үшін, бірінші басқыштағы тоникадан төмен қарай кіші терцияға түсу керек, мысалы: До-мажор тональдығын аламыз, тоникадан бастап (До-дыбысы) төмен қарай кіші терцияны аламыз, нәтижесінде Ля дыбысын аламыз. Алынған нота параллельді минордың тоникасы болып саналады, яғни ля-минор. Есте сақтаймыз: кілтте бірдей белгілері бар тональдықтар параллельді деп аталады. Әрбір мажорға арналған бір параллельді минор және керісінше әрбір минорға бір параллельді мажор болады.

Параллельді тональдықтардың аты және олардың альтерациялық кілттік белгілері

Альтерация белгілерінің саны

Мажор

Белгілер

Минор

0

До мажор



Ля минор

1 #

Соль мажор



Ми минор

2 #

Ре мажор



Си минор

3 #

Ля мажор



Фа диез минор

4 #

Ми мажор



До диез минор

5 #

Си мажор



Соль диез минор

6 #

Фа диез мажор



Ре диез минор

7 #

До диез мажор



Ля диез минор

7 b

До бемоль мажор



Ля бемоль минор

6 b

Соль бемоль мажор



Ми бемоль минор

5 b

Ре бемоль мажор



Си бемоль минор

4 b

Ля бемоль мажор



Фа минор

3 b

Ми бемоль мажор



До минор

2 b

Си бемоль мажор



Соль минор

1 b

Фа мажор



Ре минор

Әннің қандай үндестікте жазылғанын анықтау үшін, біріншіден, кілттік белгілерге немесе олардың болмауына қарау қажет. Екіншіден, кестеде мажор және минор үндестігене сәйкес келетін осы белгілерді кестеде табу қажет. Содан кейін әннің аяқталатын соңғы нотаға зейін аудару қажет. Әдетте, ән тоникада аяқталады, бірақ кейде басқа жағдайлар да болады. Мысалы, кілтінде бір диез бар әнде, кестеде – бір диезі бар соль-мажор мен ми-минорды табамыз. Әрі қарай әннің соль нотасына аяқталанынын білеміз, яғни ән соль-мажор үндестігінде жазылған.


Аталған тәжірибе оқушыларды ән жазылған үндестікке бейімдеу үшін қажет. Хорда унисонды құру үшін, балаларды берілген үндестікке бейімдеуге үйрету маңызды. Алдын ала бейімдеу, балалардың ішкі есту қабілетін тәрбиелейді және мәнерлі ән айту интонациясын дамытуға ықпал етеді. Мұғалім бейімдеуді әннің алдында береді. Бұл аспаптағы аккорд, мұғалімнің дауысы болуы мүмкін. Содан кейін мажор немесе минор үндестігіндегі үш дыбыстықты буындарға бөлу түріндегі бейімдеуді сынып оқушыларының барлығы өз бетімен айтады.


11.2. Ансамбль

Хормен ән айтуды орындағанда барша көркемдікті келісімді сақтау. Партиялардың теңдік күшін сақтай білу, тембрі мен биіктігі арасындағы әр дауыстың өз орнында келістілігін, үндестігін сақтап айта білу. Үнді, үндестікті, ырғақты-динамикалы, екпінді және дикциялы ансамбль жасау үшін көрсетілген қажеттілікті толық сақтай отырып хорды дайындау. Әрбір партияның өз ішіндегі ансамбль. Хормен арадағы ансамбль және музыкалық аспаптармен арадағы ансамбльді сақтау арқылы ғана хорды дайындауды толық меңгеру.


Ансамбль –шығарманы бірлесіп, барлық тұрғыда келісіп орындау. Кіші мектеп жасындағы балаларда көп жағдайда біліктер мен дағдылардан гөрі, зейіні мен шыдамдылығының жетіспеушілігінен, мұндай ән салуға жету қиынға соғады. Сондықтан, хор жетекшісі балаларды белсенді жұмысқа үнемі баулып, олардың бойында жауапкершілік сезімдерін дамыту керек.
Ансамбльде бірлікке қол жеткізу үшін, барлық компоненттер бірдей маңызды:
– интонациялық реттелгендік;
– дыбыс шығару мәнерінің біркелкілігі;
– ырғақтық және қарқынды үйлесімділік,
– әрбір берілген сәттегі партияның динамикалық бір жоспарлылығы;
– шығарманы біртұтас және оның жеке бөлімдерінің бір мезгілде басталуы және аяқталуы.
Хордың орналасуы үлкен рөл атқарады. Музыка сабақтарында балаларды концертте тұрғандай қалыпта отырғызу ұсынылады. Алғашқы сабақтардан бастап, динамикалық ансамбль сезімін тәрбиелеу және қалыптастыру қажет. Динамикамен жұмыста айқын бейнелі мазмұны бар шығармаларды жаттау үлкен пайда келтіреді.
Ырғақтық ансамбль балалардың негізгі метрикалық үлеске пульсациясына қатысты сезімталдығында байқалады. Бұл дағдыны дамытуда қозғалыс компоненттеріне үлкен рөл беріледі. Шығарманың ырғақтық суретін шапалақтау, тарсылдатып ұру пайдалы. Хор шығармаларын дирижерсіз айтып орындау, ырғақтық және қарқынды тұрақтылықты қалыптастыруға көмек береді. Ырғақтық және динамикалық ансамбльді құруда, мәтінді дауыстауда және дыбыс шығарудағы бір түрлілікте, сонымен бірге, хор мен сүйемелдеу, хор мен жеке дауыстағы әншілер арасындағы ансамбльде дирижердің ым-ишарасына ерекше рөл беріледі.
Кіші мектеп жасында әрбір дауыстың жеке ерекшеліктері көріне бастайды, яғни дауыстың бояуы байқала бастайды, сондықтан оларды дамытуға қамқорлық жасау – педагогтің тікелей міндеті. Хор жұмысында дыбыс жүргізудің бірыңғай мәнерін құруға ұмтылу қажет. Бірақ, ансамбльге әрбір партияның әуендік сызығын құру, метроырғақтық және ладтық-үндестіктің дамуы, жазудың құрылымы, тесситура, нюанс және жылдамдық әсер етеді. Әрбір нақты жағдайда педагог қиындықтың сипатын анықтауы және оны жоюдың жолдарын табуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет