А. К. Маханова хормен ән айту тәрбиесі


sp subito piano (субито пиано) - кенеттен тыныш; sf



бет10/34
Дата05.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#134645
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34
Байланысты:
Оқу құралы

sp subito piano (субито пиано) - кенеттен тыныш;


sf sforzando (сфорцандо) – кенеттен күшейтіп (жеке дыбысты)
Музыкадағы динамикалық қаттылықтың айқындауыш мүмкіндіктері адамның сезімімен, сөйлеуімен, іс-әрекетімен ұқсас болады. Мысалы, музыкадағы динамикалық салыстыру әдетте, қалыпты дамуға енгізілген жағдайдың күрт өзгерістерімен байланысты қарастырылады. Әсіресе, әртүрлі контрастылы музыкалық бейнелерді баяндауда жиі қолданылады. Дыбыс күшінің тұрақты деңгейі, күрт тербелістердің болмауы жай сипаттағы музыкалық бейнені жасауға ықпал етеді. Әнді орындауда белгілі сипат пен көңіл-күйді жеткізу үшін, композитор ұсынған динамикалық реңктердің барлығын пайдалану маңызды. Әннің көркемдігін жеткізу үшін, бір әнді динамикалық реңкін сақтамай және ньюансты қолданып орындауға болады.
Динамикалық реңкпен қатар, музыкада агогика деген термин қолданылады, ол сөз грек тілінен аударғанда «қозғалыс жылдамдығы» деген ұғымды білдіреді:
accelerando – (аччелерандо) үдете, жылдамдата;
ritardando – (ритардандо) баяулата.


Қайталау үшін сұрақтар



  1. Музыкадағы «динамика» дегеніміз не?

  2. Қандай екі динамика тірегін білесіз?

  3. Музыкадағы «агогика» дегеніміз не?

  4. Қандай агогика тірегін білесіз?

  5. Орындаушылықта «динамика» мен «агогика» не үшін керек?



8. ДИРИЖЕРЛАУ

Қол қимылымен өлшемді көрсету, дирижер схемасымен анықталады, онда қолдың бағыттарына сәйкес келетін, тактінің үлесін көрсететін әрбір құлашы, тактінің күшті және әлсіз үлестерін көрсетеді. Дирижерлік схема бойынша оң қолдың қимылының төрт бағыты болады: төмен, солға қарай, оңға қарай, жоғары. Бұл қимылдар күшті және әлсіз үлестердің кезектесіп берілуін көрсетеді. Тактідегі ең күшті, бірінші үлес, қолдың төмен қарай қимылымен көрсетіледі; соңғысы, ең әлсіз үлес – қолдың жоғары қарай қимылымен көрсетіледі. Аралық үлестер тактідегі үлестерің өлшемі мен санына қарай таратылады.


Дирижерлік қол қимылдары әрдайым дәл, үнемді, табиғи, икемді және мәнерлі болуы қажет. Музыкалық шығарманың партитурасын міндетті түрде жатқа білу, хормен көз байланысын құруға көмек береді. Ауыздың артикуляциясы дыбыс пен дикцияның сипатын құруға мүмкіндік береді. Артикуляцияның басқа маңызды құралы – хордың кіріспесінің алдында тыныс алуды ауызбен көрсету.
Ауфтакт – бұл ым-ишара, оған енетін: зейін, тыныс алу, үнемді жұмсауды және кіріспені реттеу үшін тыныс алуды ұстап тұру.
Ауфтактпен орындаушылық міндеттердің бірқатарын алдын ала көрсетуге болады: тыныс алу, кіріспе, акцент, жаңа штрих, дыбысты түсіру және т.б.
«Зейін» - сахнада хордың зейінін ұйымдастыру әдетте келесі үлгіде жүргізіледі: дирижер көзбен хордың кіріспеге дайындығын тексереді, содан кейін қолдарын көтсереді, мұнда дирижердің қимылы қатып қалғандай болады. Содан соң тыныс алуды көрсету жүзеге асады. Дирижер орындауға қойылатын өзіндік талаптарына хордың алдында жүргендей көрсетеді. Бұл ым-ишарада орындаушы мен сөйлеушіге түсінікті, өз орындауындағы үлкен ақпараттық жолдау қалануы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет