А. К. Маханова хормен ән айту тәрбиесі



бет11/34
Дата05.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#134645
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34
Байланысты:
Оқу құралы

«Тыныс алу» шығарманың басталу жылдамдығын қалыптастырады, кіріспенің динамикасын және сипатын көрсетеді, сонымен бірге орындау мәнерін көрсетеді.
«Кіріспе» өзінің ең төменгі нүктесінде әншілердің дыбысты қайта жаңғырту сәтін қамтамасыз етеді. Бұл уақытта дирижер дыбысқа деген «жанасуды» сезінуді бастан өткеруі керек. Жанасу сәтінде, қол өзінің қимылын тоқтатпайды, ол сәйкес өлшемде дирижерлеуді жалғастырады. Нүкте қолдың білегімен тіркеледі. Сәтсіз кіріспе жасаудың себебі ретінде, кешіккен, енжар тыныс алу немесе тыныс алудың алдындағы қажетті шоғырланудың болмауы алынуы мүмкін.
«Түсіру» - орындаудың аяқталуын көрсету. Түсірудің маңызды ерекшеліктері болады. Түсіруге дайындалу, әдетте тек көзбен және мимикамен жүзеге асырылады. Қолдың қимылы тіркелген тоқтаумен аяқталады. Бұл әншілердің дыбысты орындауын тоқтау үшін қажет болады. Дыбысты түсірудің қажетті өткірлігі мен бір мезгілде жүруі үшін, түсіру нүктесінің дәлдігі мен сипаты үлкен мәнге ие болады.
8.1. Келесі әндерге әртүрлі дыбыс атакасының және соған сәйкес әуен жүргізу тәсілдерін анықта:

1. Қара-қара Қаратай,
Жаз келді жайнап алақай!
Қызғалдағын қызартып
Шақырады қыр мен сай.

2. Қөқ ала көбелек


Селтең етіп жөнелед,
Қызықсын деп біздерді,
Айналады дөңгелеп.

3. Ботақандар иіліп,


Бұзау мұрнын шүйіріп,
Қошақандар құржыңдар,
Лақ секіред сүйініп.

4. Қызық, қызық, алақай,


Еркелеткен бәрін май.
Талдың мініп тармағын,
Ән салады боз торғай.






  1. Әліппе, әліппе

Алғашқы әріппен,
Ана деп қазір біз,
Жазуға әзірміз.



  1. Әліппе, әліппе

Екінші әріппен:
Бала деп қазір біз?
Жазуға әзірміз.

  1. Әліппе, әліппе

Талай бір әріппен:
Отан деп қазір біз,
Жазуға әзірміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет