91
А.К. Мусина және т.б.
мәліметтері жинақталып, есептелді (Ежегoдные
дaнные o режиме и ресурсaх пoверхнoстных вoд
суши, 2015: 82), ), (Мнoгoлетние дaнные o режи
-
ме и ресурсaх пoверхнoстных вoд суши, 2005: 80).
Ағындының жылішілік үлестірілуінің әркелкілігі
сипаттамалары туралы ақпараттың негізгі көзі
ретінде және өзен алаптарының гидрографиялық
сипаттамалары ретінде (Ресурсы пoверхнoстных
вoд СССР, 1973:200) келтірілген мәліметтер пай
-
даланылды. Сондай-ақ бұл еңбекте келтірілген
ағындының жылішілік үлестірілуі салысты
-
ру үшін қолданылды. Зерттелетін өзендердің
су өтімдерінің айлық орташа мәні туралы мә-
лі меттер гидрологиялық жылнамалардың, не-
гізгі гидрологиялық сипаттамалардың тиіс-
ті шығарылымдарынан алынды. Барлық
мә лі меттер Шу-Талас су шаруашылық ала бын-
дағы қазіргі кезде жұмыс істеп тұрған бекет-
тер бойынша, атап айтқанда Шу өзені алабы
бойынша 6 гидрометриялық бекет, Талас өзені
алабы бойынша 4 гидрометриялық бекет бой
-
ынша 1970-2016 жылдар аралығындағы орта
-
ша айлық су өтімдері статистикалық өңдеуден
өтті. Есептеулердің өткен ғасырдың 70 жылда
-
ры басталуы қарастырылып отырған алаптағы
метеорологиялық параметрлердің осы кезеңнен
бастап айқын бағыттық өзгерістерге ұшырауымен
түсіндіріледі (Litvak R.G., 2011: 75), (Sahvaeva.
E.P.,2012: 23). Алап ағындысының жылішілік
үлестірілімін зерттеу айқындалған климаттық
өзгерістерге байланысты 1970 жылы басталды.
Ағындының есептік календарлық жылішілік
үлестірімін анықтау нормативтік құжаттарға
сәйкес (СНиП, 2003: 203), (Методические ре
-
комендации по определению расчетных гидро
-
логических характеристик при наличии дан
-
ных гидрометрических наблюдений, 2005:123),
(Рoждественский A.В., 1974: 424) В.Г. Андреянов
әдісі бойынша жүзеге асырылды.
Өзеннің жылдық су режимінде ағынды
қалыптасуының үш негізгі кезеңін бөліп көрсетуге
болады: еріген қар суларының басым болу кезеңі;
жаңбырлы қоректену көзінің басым болу кезеңі;
мұз құбылыстарының байқалу кезеңі. Өзендер
ағындысының жылішілік үлестірілімін есептеу
суы мол кезеңнің бірінші айынан басталатын су
шаруашылық жыл бойынша жүргізіледі. Осыған
байланысты алаптағы су шаруашылық жылдың
алғашқы айы ретінде (Методические рекоменда
-
ции по определению расчетных гидрологических
характеристик при наличии данных гидрометри
-
ческих наблюдений, 2005:123) сәуір айы алынды.
Өзеннің су режимінің типіне және өзен ағындысын
пайдалану түріне байланысты су шаруашылық
жылдың ұзақтығы бойынша ерекшеленетін 2
кезеңге: шектеуші кезең және шектеусіз кезең, ал
шектеуші кезең сәйкесінше 2 маусымға: шектеуші
маусым және шектеусіз маусымға жіктеледі. Осыған
сәйкес шектеусіз кезеңге – наурыз, сәуір, мамыр ай
-
лары, ал шектеулі кезеңнің шектеусіз маусымына
– маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша
айлары, ал шектеуші маусымына – желтоқсан,
қаңтар, ақпан айлары жатқызылды (Методические
рекомендации по определению расчетных гидро
-
логических характеристик при наличии данных
гидрометрических наблюдений, 2009: 193),(СНиП,
2003: 203). Су шаруашылық жылдағы жиынтық су
өтімдерінің қатары статистикалық біртектілікке
тексеріліп, ықтималдық үлестірім қисықтарының
параметрлері есептеліп, су шаруашылық жыл,
шектеуші кезең, шектеусіз маусым, шектеуші
маусымның жиынтық су өтімдері үлестірімінің
эмпирикалық және аналитикалық қисықтары
тұрғызылды. Аналитикалық қисық ретінде
Пирсонның III типті қисығы таңдалды және оның
көмегімен алаптағы барлық бақылау қатарларының
эмпирикалық нүктелері жақсы сипатталды.
Достарыңызбен бөлісу: