90
Шу-Талас өзені алабы шегіндегі соңғы онжылдықтардағы жылішілік ағындыны бағалау
Климаттың өзгерісі алаптағы су ресурс та-
рының үлестірілуіне тікелей әсер етеді. Шу –
Та лас алабында 1961-1990 жылдар аралығында
ауа температурасының
көпжылдық орта
-
ша мәні 10,26 ˚С-тан, 1991-2020 жылдар
аралығында 11,19 ˚С-қа дейін артты. Жылдық
ауа температурасының
орташа мәндерінің
тренді 1970-2020 жылдар ара лығында Шу-
Талас алабы үшін +0,36 °С/10 жыл құрады. Ауа
температурасындағы мұндай өзгерістер зерттеліп
отырған алаптағы ағындының жылішілік
үлестіріміне әсерін тигізбей қоймайды.
Ұсынылып отырған мақаланың мақсаты –
Шу-Талас су шаруашылық алабы ағындысының
соңғы онжылдықтардағы жылішілік үлестірімін
бағалау. Қарастырылып отырған алапқа қатыс ты
мұндай зерттеулер өткен ғасырдың 70-жылдары
жүргізілген (Ресурсы пoверхнoстных вoд
СССР, 1973: 200), ал
ҚР БҒМ География және
су қауіпсіздігі институтының су мамандары
Қазақстанның, сондай-ақ аталған алаптың су
ресурстарын есептеп,
бағалау жұмыстарын
жүргізуде (Алимкулов С.К., 2018: 80).
Зерттеу объектісі
Шу-Талас су шаруашылық алабы әкімшілік-
аумақтық бөлінісі бойынша Қазақстанның
оңтүстік бөлігінде
орналасқан Жамбыл облы
-
сын, сондай-ақ Түркістан облысындағы Созақ
ауданының солтүстік-шығыс бөлігін қамтиды.
Жалпы алғанда, Шу-Талас су шаруашылық
алабының ауданы 186, 79 мың км
2
(Достай Ж.Д.,
2018: 84) немесе республика ауданының 6,8 %
құрайды (2-сурет). Алап шегіндегі жер беті су
-
лары ағындысының жалпы көлемі жылына 5,39
км
3
(Алимкулов С.К., 2018: 80) құрайды, оның
негізгі бөлігі – 4,10 км
3
(76,1 %)
алап шегінен
тыс қалыптасқан ағынды есебінен жинақталады,
ал 1,29 км
3
(23,9 %) алап шегінде қалыптасады.
Ескерту: Карта ArcGIS 10.6 платформасында SRTM жер бедерінің сандық моделі негізінде тұрғызылды
2-сурет –
Шу-Талас су шаруашылық алабы
Алаптың ірі өзендері – Шу, Талас және Аса
өзендері. Сондай-ақ
зерттеліп отырған алап
шегінде 242 кіші өзен, 35 көл, 3 ірі кешендік су
қойма, 38 кіші су қойма және жүзден аса тоған
бар (Достай Ж.Д., 2018: 84).
Б.Д. Зайков жіктемесі бойынша Шу-Талас
алабы өзендері суы жылдың жылы мезгілінде
таситын өзендер тобын құрайтын тянь-шаньдық
типке жатады (Ресурсы речного стока Казахста
-
на, 2013: 360), (Достай Ж.Д., 2018: 84). Шу және
Талас өзендері
алаптарындағы өзендердің жал
-
пы ұзындығы 38 500 км, ал өзен желісінің жиілігі
орта есеппен 0,45 км/км
2
, еңістіктері 2-200 ‰.
Достарыңызбен бөлісу: