89
А.К. Мусина және т.б.
бассейне были собраны и рассчитаны по гидрологическим ежегодникам данные наблюдений
по 10 действующим гидрометрическим постам в пределах бассейна. По исследуемому бассейну
установлены лимитирующие и нелимитирующие периоды, включающие период преобладания
талых вод стока, период преобладания дождевого источника питания и период проявления ледовых
явлений. Построены эмпирические и аналитические кривые по суммарным значениям расходов
воды по каждому установленному периоду. По данным кривым определены три градации водности:
многоводные годы (р<33,3%), годы средней водности (33,3%
≤
р
≤
66,7%), маловодные годы (Р>33,3%)
и классифицированы по водности в группу трех лет. Оценивалось внутригодовое распределение
стока за последние десятилетия, а результаты исследований сравнивались и анализировались с
результатами, приведенными в «Ресурсах поверхностных вод СССР» по рассматриваемому бассейну.
Проведенные расчеты позволяют определить различные водохозяйственные параметры по бассейну,
обеспечить безопасность населенных пунктов в пределах бассейна.
Ключевые слова:
внутригодовое распределение, среднемесячный расход воды, изменение
климата, половодье, лимитирующий период, нелимитирующий период, эмпирическая кривая,
аналитическая кривая.
Кіріспе
Өзен ағындысының жылішілік үлестірілуін
зерттеу су пайдалануды экономикалық тұрғы-
дан тиімді, ал экологиялық тұрғыдан қауіпсіз
ұйымдастырудағы маңызды ғылыми және
практикалық міндет. Түрлі су шаруашылық
міндеттерді шешу кезінде, сондай-ақ мүдделі
мекемелерді
гидрологиялық
ақпаратпен
қамтамасыз ету үшін ағындының жылішілік
және маусымдар бойынша үлес тірілуіндегі
өзгерістері жөнінде мәліметтер қажет. Өзен
ағындысы су режимінің бірдей фазалары
кезіндегі су өтімдерінің әртүрлі болуына бай
-
ланысты және түрлі жылдардағы су режимінің
бірдей фазаларының басталу уақытының
әртүрлі бо-луына қатысты ағындының
жылішілік үлестірілуі жылдан жылға өзгеріп
отырады. Ағындының жылішілік үлестірілуі
өзендердің гидрологиялық режимінің негізгі
сипаттамасы және негізінен климаттық
жағдайлар, атап айтқанда алаптағы жауын-
шашын мөлшері, көктемгі-жазғы кезеңдегі
таулы мұздықтар мен қар жамылғысының
еруін айқындайтын ауа температурасы, сұйық
күйдегі жауын-шашынның түсуі булану
арқылы, су жинау алаптарының биіктік бо-
йынша таралуы арқылы, адамның шаруашылық
іс-әрекеті арқылы анықталады (Достай Ж.Д.,
2012: 330),(Медеу А.Р., 2012: 94).
Өткен және осы жүзжылдықта Жер ша
-
рында және зерттеліп отырған ауданда
бақыланған климаттық өзгерістер 1970 жылдың
ортасынан басталған орташа жылдық ауа
температурасының
арту
тенденциясы
-
на ие (Arnell N. W., 1999:31), (Siegfried. T.,
2012:112), (
Chen, Y.N
., 2007:7). Климат өзгерісі
қарқындылығының сипаттамасы ретінде 1970-
2020 жылдар аралығын қамтитын кезеңнің
сызықтық тренд еңкіштігі шамасының мәні алы
-
нып, ауа температурасының нормадан ауытқуы
анықталды (1-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: