Жоғары оқу орындарында ағылшын тілін оқытуда сыни ойлауды қалыптастыру
А.М. Мухтарханова
п.ғ.к., шетел тілдері кафедрасы,
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Астана қаласы
ainagul_mukhtark@mail.ru
«Қазақстанның тәуелсіздігіне 20жыл»Республикалық ғылыми –практикалық конференция
материалдары, Қаржы академиясы АҚ, УДК 94 (574)Қ18
Аннотация. В статье рассматриваются пути формирования критического мышления
студентов вуза в обучении анлийскому языку.
Abstract. In this paper the formation of critical thinking of students of high schools by teaching the
English Language is considered.
Түйін сөздер: Б.Блум таксономиясы, когнитивті іскерліктер, әлеуметтік ойлау, ӛнімді пікір
алмасу.
Мақаланы PDF форматынан жүктей аласыз.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа
кезеңге ӛту жағдайында кәсіптік білікті болашақ маман даярлауда, олардың
жоғары білім сапасының деңгейін қамтамасыз ету күн тәртібінде тұрған
мәселелердің бірі болып табылады. Болашақ маман үшін маңызды арнайы
қабілеттерді дамыту ағылшын тілін оқыту үдерісінде кешенді жүзеге
асырылады.
Ағылшын тілін оқытуда студенттердің кәсіптік даярлығын тиімді
қалыптастырудағы міндеттердің бірі олардың сыни, шығармашылық тұрғыдан
ойлау
дағдыларын
қалыптастыру
болып
табылады.
«Қазақстан
Республикасында жоғары білімді дамыту стратегиясында» «Қазақстанда
жоғары білімнің міндеттері» бӛлімінде (2.1.): « - сынай ойлау мен
шығармашылық – жоғары білімге инновациялық тұрғыдан қараудың мәні» деп
кӛрсетілген. Студенттің ӛзін-ӛзі бағалай алуы, тәуелсіз пікір бере білуі оның
білімінің сапасын ғана емес, жеке тұлға ретінде қабілеті мен білгірлігін,
қоршаған ортаға икемділігін айғақтайды [1].
Е.С. Полат «постиндустриалды қоғам студенті «ӛздігінен сыни ойлай
алатын, қиындықты жеңе алатын, ӛздігінен шешім қабылдайтын» тұлға болуы
керек дейді [2]. Студенттің шетел тілі арқылы айналаны тану, ӛзіне қажеттіні
таңдай алу, ӛз бетінше іздену, кәсіптік деңгейін арттыра білу шеберліктерін
дамытуда сыни ойлау шеберліктерін қалыптастырудың маңызы үлкен.
Американдық профессор Д.Клустер [3] сыни ойлаудың бес түрлі сипатын
ұсынған: біріншіден, сыни ойлау дербес, тәуелсіз пікір, баға, сенім, жеке ойлау
болып табылады. Мысалы, белгілі бір кітап немесе құбылыс туралы мәтіннен
ақпарат алу мен ол еңбектің ӛзін түпнұсқада оқу екітүрлі нәрсе, ӛйткені
еңбекті түпнұсқада оқыған соң студенттің ӛзінің жеке, дербес пікірі
қалыптасуы мүмкін.
Екіншіден, сыни ойлау шешілетін мәселені қоюдан басталады. Студент
танымдық әрекеттің субъектісі ретінде мәселе тӛңірегінде пайда болған
қызығушылық пен қажеттіліктерді ӛтеу үшін ӛзін қоршаған шексіз мәселелерді
кӛре білуі керек.
Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет
ететін мәселені анықтаудан басталады. Бұл жерде таным үдерісі ӛзінің кез-
келген кезеңінде мәселелерді шешу мен ӛзінің жеке қызығушылығы мен
қажеттіліктерінен пайда болатын сұрақтарға жауап беруге деген талпыныспен
сипатталады.
Тӛртіншілен, сыни ойлау басқаларды сендіретін аргументациядан тұруы
керек.
Аргументацияның
негізі
пайымдау
болады,
ол
бірнеше
дәлелдемелермен, олар нақты дәлелдермен және соңында негіздемемен
бекітіледі.
Бесіншіден, сыни ойлау әлеуметтік ойлау болып табылады. Ӛйткені, сыни
ойлау жұппен, топпен жұмыс арқылы орындалады және оның ішінде талқылау,
түрлі жазбаша жұмыстар барысында мәселенің шешімі ұсынылады. Д.Клустер
ӛнімді пікір алмасуға қажетті бірнеше қасиеттерді атайды: шыдамдылық,
басқаны тыңдай білу дағдысы, ӛз пікіріне жауапкершілік. Оқытушы оқу
үдерісін осылайша, шынайылыққа жақындатады.
Э.В. Ильенков бойынша, рефлексия – адамның ӛз іс-әрекеттеріне
толығымен есеп бере алуы. Рефлексиянің мәні – ерекше танымдық әрекет
ретінде адамның ӛз білімін нақтылап, негіздеме жасауы және оның қандай
жолмен келгендігін анықтауы. Студенттердің сыни ойлау шеберліктерін
қалыптастыру шарттарының бірі студенттің жеке ерекшеліктерін сақтау болса,
оны шешу жолдары: жеке тапсырмалар беру; жұптық, топтық жұмыстар
ұйымдастыру; әр студентке жеке ерекшеліктерін ашатын тапсырмалар беру [4].
Б.З. Вульфов пен В.Н. Харькиннің анықтауынша [5], «рефлексия – адамның
рухани әлеуетін ашатын және анықтайтын тәсілдердің бірі, адамның ӛзін-ӛзі
рухани бағалайтын ерекше адами әрекет». В.И. Данильчук, кәсіптік бағытта
студенттердің сыни-рефлексивтік шеберліктеріне:
- ӛз кӛзқарасын, басқалардың түрлі пікірлеріне қарамастан сақтап қалу
қабілеті, бірақ нақты дәлел келтірілген жағдайда кӛзқарасының дұрыс еместігін
мойындау, оқытушымен және топтастарымен тіл табысу қабілеті;
- түрлі дағдылар мен шеберліктердің қалыптасу деңгейін бағалауға
ұмтылысы;
- дәстүрлі емес міндеттер мен шешімдер қабылдауда ашық болуы;
- мәселеге немесе ақпаратқа үстіртін емес, терең бойлау, жан-жақты
талдауға ұмтылуын жатқызады [6].
Б.С. Гершунский сыни ойлауды дамыту әдістері ретінде:
- оқытуда білімді ӛз бетінше іздену;
- білімді тереңнен ұғыну;
- ӛз пікірін жақтау;
- теория мен тәжірибені біріктіру;
- жеке, топта жұмыс істеу;
- топ мүшелерінің ӛзара мәдениетті, құрметті қарым-қатынаста болуын
қарастырады [7]. Сонымен ағылшын тілін оқытуда студенттердің сыни ойлау
мүмкіндігі арқылы кәсіптік даярлығын қалыптастыру жолдарына:
а) сабақтарда студенттерге жеке тапсырмалар ұйымдастыру;
ә) жұптық және топтық жұмыс түрлерін ұйымдастыру;
б) оқытудың когнитивті тәсілдерін (дәлелдеу, қорыту, болжау, талдау т.б.)
ұйымдастыруды жатқызамыз.
Американдық профессорлар Р.Дюрон, Б.Лимбах және У.Уофтың
айтуынша сыни ойлау теориясы Бенджамин Блум (1956 ж.) таксономиясынан
бастау алады [8]. Тӛменгі деңгейлер ойлау қабілетін кӛп қажет етпесе,
керісінше жоғары деңгейлері кӛбірек ойлауды қажет етеді. Б.Блум анықтаған
когнитивтік саладағы алты деңгей әр түрлі танымдық қабілеттерге 1-кестеге
сәйкес келеді (кесте 1).
Кесте 4 – Ағылшын тілі сабақтарында Б.Блумның таксономиясына сәйкес сыни
ойлау әрекеттерін ұйымдастыру.
Деңгейлер
Талап
етілетін
студенттің
қабілеті
Орындалатын жұмыс
түрлері
Білім
жалпы ақпаратты есте сақтау
және қайталап айтып беру
қабілеті
Мұнда
студенттен
суреттеу,
анықтау,
атау кім?, не? арқылы
анықталады.
Түсіну
деңгейінде студенттің ақпаратты
жете,
терең
түсінгендігі
тексеріледі.
Бұл
жинақтау,
түсіндіру, перифраз,
салыстыру
және
ақпаратты, кейіпкерді
қарама-қарсы
қою
арқылы тексеріледі.
Қолдану
студенттің
ақпаратты,
ойды
белгілі бір ситуацияда қолдана
алу қабілеті талап етіледі.
Бұл
деңгейде
студенттер қолдану,
құрау,
мәселені
шешу, қандай-да бір
ақпаратты
ашу,
айқындау,
кӛрсету
тапсырмаларын
орындайды.
Анализ
сыни
ойлаудың
ақпарат
бӛліктеріне
және
олардың
функционалдығына
негізделу
арқылы
анықталады.
Мұнда
студенттердің
ақпараттың
құрылымын анықтау, ақпаратты
негізгі бӛліктерге бӛлу.
қабілеті
тексеру,
классификациялау,
категорияларға бӛлу,
айырмашылығын
табу, талдау арқылы
тексеріледі.
Синтез
студенттің жаңаша, тың ойды ақпаратты біріктіру,
тудыру үшін әр саладан білімін
қолдана алу қабілеті.
құрау, ойдан шығару,
рӛлдік ойын, болжау
арқылы тексеріледі.
Бағалау
сыни ойлау ақпаратты бағалау,
пікір
білдіру
қабілетіне
негізделеді.
Мұнда
бағалау,
сынау, комментарий
жасау,
болжау
тапсырмалары
орындалады.
Р.Дюрон, Б.Лимбах және У.Уоф, Б.Блум таксономиясының тӛменгі
деңгейлерінде (білу, түсіну, қолдану) тілді оқытуда конвергентті
(сonvergent)
сұрақтарды, жоғары деңгейлерінде (анализ, синтез, бағалау) дивергентті
(divergent) сұрақтарды қоюды ұсынады. Конвергентті сұрақтар бір немесе екі
нақты жауапты талап етеді (анықтау,айту), дивергентті сұрақтар ашық-
жауапты, студенттің талқылауын, сыни тұрғыдан келуін қажет етеді (суреттеу,
ойдан шығару, түсіндіру) [8, 35 б.].
П.А. Фасион [9] ағылшын тілі сабақтарында сыни ойлауды алты
когнитивті шеберліктер арқылы анықтайды: интерпретация, анализ, бағалау,
қорытынды, түсіндіру және ӛзін-ӛзі реттеу. Интерпретациялық шеберлік
ақпарат, ситуация т.б. жұмыс түрлері бойынша түсіну мен пікір білдіру, негізгі
элементтерді анықтау, оларды кейіпкерлермен салыстыра талқылау арқылы
кӛрінеді. Қорытындылау шеберліктері сәйкес ақпаратты болжау және мүмкін
болатын нәтижені мәліметтерден, ақпараттардан, ұсынылымдардан анықтау
болып табылады. Ӛзін-ӛзі реттеу шеберліктері сыни ойлау шеберліктерінің
ішіндегі ең маңыздысы, себебі сыни ойлаушының дербес ойлауын жетілдіреді.
Ӛзін-ӛзі реттеу студент сұраққа жауап бергенде, пайымдау жасағанда,
дәлелдеуде саналы түрде ӛзін-ӛзі қадағалауы, бағалауы болып табылады.
Олай болса, сыни ойлау дегеніміз студенттің ақпаратты қорыта және
бағалай алу қабілеті. Сыни ойлаушы мәселе кӛтере алатын, қажетті ақпаратты
жинақтап, бағалай алатын, нақты сұрыптай алатын, түрлі пікірлерді қолдана,
басқалармен қатынас жасай алатын болашақ маман. Ағылшын тілі
сабақтарында сыни ойлау тапсырмаларын қолдану арқылы ӛз пікірі бар,
басқаның пікірін есепке алатын, ӛздігінен шешім қабылдауға және жаңа ой-
пікір ұсынуға қабілетті студенттің сенімділігін, ӛзіндік сана-сезімін,
дербестігін, қалыптастыруға ықпал етеміз.
Қолданылған әдебиет тізімі:
1
Кӛшербаев Қ.Е., Ахметов Ә.Қ., Әбілқасымова А.Е., Рахымбек Х.М.
Қазақстан Республикасында жоғары білімді дамыту стратегиясы. – Алматы,
1998. – 232 б.
2 Новые педагогические и информационные технологии в системе
образования /Е.С. Полат, М.Ю. Бухаркина и др.; под.ред. Е.С.Полат. – М.:
Академия, 2003. – 272 с.
3 Клустер Д. Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не? Әрекеттегі RWCT
философиясы мен әдістері. – Редакциялаған С.Мирсеитова, Ә.Іргебаева. –
Алматы: ТОО Верена, 2009. – Б.106-116.
4 Ильенков Э.В. Философия и культура. – М.: Политиздат, 1991. – 221 с.
5 Вульфов Б.З., Харькин В.Н. Основы педагогики в лекциях, ситуациях,
первоисточниках. – М.: УРАО, 1997. – 288 с.
6 Данильчук, Е.В. Информационные технологии в образовании. –
Волгоград: Перемена, 2002. – 183 с.
7 Гершунский Б.С. Философия образования. – М.: Знание, 1998. – 109 с.
8 Duron R., Limbach B., and Waugh W.Critical Thinking Framework //Journal
of Developmental Education. – 2004. – Vol.18, № 1. – Р. 34-35.
9 Facione P.A. Critical thinking: what it is and why it counts. – Millbrae CA:
California Academic Press, 2007. – 125 р.
Жоғары оқу орындарында ағылшын тілін оқыту арқылы
студенттердің кәсіптік даярлығын қалыптастыру мүмкіндіктері
А.М. Мухтарханова
п.ғ.к., шетел тілдері кафедрасы,
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Астана қаласы
ainagul_mukhtark@mail.ru
№ 2 (34), 2011 Білімдегі жаңалықтар(Ақпаратты-әдістемелік журнал)
Аннотация. В статье рассматриваются возможности формирования профессиональной
готовности студентов при обучении английскому языку в вузе.
Аbstract. In this paper possibilities of forming the professional readiness of students by teaching
the English language in higher educational institutions are reviewed.
Түйін сөздер: кәсіптік даярлық, мотив, кәсіптік мәндегі ақпарат.
Мақаланы PDF форматынан жүктей аласыз.
Жоғары оқу орындарында белгілі бір уақыт аралығында шетел тілін жалпы
білім беру пәні ретінде оқытуда, студенттің жеке тұлға ретінде дамуы мен
белгілі деңгейде білім, дағдыларды игеруімен қатар, тілдің шынайы
мүмкіндіктерін пайдалана отырып, студенттердің кәсіптік даярлығын
қалыптастыру үдерісі кешенді жүзеге асырылады.
Даярлық дегеніміз, «Қысқаша психологиялық сӛздікке» сүйенсек,
тұлғаның белсенді-әрекетті қалыбы, белгілі іс-әрекетке бағдар, міндетті
орындау үшін ӛз күшін ұйымдастыруы. Белгілі бір әрекетке даярлық үшін
білім, дағдылар, қайраттылық, рухтың болуы. [1].
Ю.В. Богачева даярлық ұғымын кӛпсатылы ұғым ретінде функционалды
(студенттің психологиялық даярлығы, ӛзінің әрекетті жүзеге асыруға
қабілеттілігін сезінуі, ұмтылуы), тұлғалық (даярлық туа біткен қасиет емес,
кәсіптік даярлықтың мақсаты және нәтижесі) және функционалды-тұлғалық
(даярлық интегративті білім, яғни әрекетті жүзеге асыру үшін қажетті
қалыптасқан білім, дағдылар жиынтығы) тұрғыдан қарастырады [2].
А.В. Сластениннің айтуы бойынша, адамның кез-келген әрекетке
даярлығы – бұл « ... қажетті сыртқы жағдайлардың қатысуымен және қажет
болғанда ӛзінің де қойылған міндетті шешу үшін ұмтылуымен белгілі әрекетті
сәтті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін адамның ерекше күйі» [3].
Ал кәсіптік даярлық ұғымына келетін болсақ, О.Б. Дмитриева болашақ
мамандардың кәсіптік әрекетіне психологиялық даярлығын қалыптастыру
мәселесін зерттеген. О.Б. Дмитриева студенттің кәсіптік даярлығы ұғымына
келесі анықтаманы берген, «... кәсіптік даярлық тұлғаның жеке қасиеті мен
болашақ қызметінің негізгі алғышарты. Студенттің кәсіптік даярлығы ӛз
міндеттерін табысты орындауға, меңгерген білім, дағдыларын дұрыс пайдалана
білуге және кез-келген кездейсоқ жағдайларда ӛзіне-ӛзі есеп бере алуы мен
бағалай білуіне ықпал етеді». Автор жеке тұлғаның мүмкіндіктерін пайдалану
арқылы шығармашыл, ӛз мүмкіндіктерін адекватты бағалай және барынша
жүзеге асыра алатын жоғары білікті мамандарды оқыту мен тәрбиелеуді қатар
ала отырып, даярлауды ұсынған [4].
Әлеуметтік сұраныс бойынша жоғары оқу орындарында болашақ маман
даярлау деңгейіне талаптардың күшейтілуімен қатар, болашақ маманның ӛзіне
де жеке тұлға ретінде талаптар ӛте жоғары. Е.Г. Гализина жоғары оқу
орындары студенттерінің мотивациялық кәсіптік даярлығын қалыптастыруды
тұрақты бағдар мен мотивтер жүйесі тұрғысынан қарастырған. Студенттің
белсенді мотивациялық кәсіптік даярлығын қалыптастыруға бағытталған
психологиялық күйі мен мүмкіндіктерін қарастырған. Автор студенттің кәсіптік
даярлығын жеке тұлғаның сипаттамасы, қасиеті ретінде қарастырады. « ...
кәсіптік даярлық ұғымы, жеке тұлғаның еңбек нарығында бейімделу, ӛзін-ӛзі
жетілдіру, ӛзін-ӛзі бағалау қасиеттерін қалыптастыруы. Кәсіптік даярлық
барысында тұлғаның дамуы жүзеге асады. Кәсіптік тұлғаның қалыптасуы оның
мамандықты таңдаған сәтінен бастап, бүкіл ғұмыры бойы жалғасады [5] дейді.
И.М. Попов бойынша, студенттің кәсіптік даярлығы «ӛз мамандығы
аясында міндеттерді шеше алатын, алған білім, дағдыларын одан әрі
жетілдіруге қабілетті тұлға» [6].
Р.Х. Манасян студенттің кәсіптік даярлығы ұғымын тӛмендегідей
анықтаған: « ... жаңаша талаптарға жауап бере алатын, ӛзін-ӛзі бағалауға
қабілетті, үнемі ӛзгеріп отыратын жағдайларға даяр, болашақ кәсібіне
рефлексивті бағыты бар тұлға» [7].
А.К. Фридзон болашақ маманның кәсіптік даярлығын қалыптастырудың
бірнеше шарттарын айқындаған: кәсіптік міндеттерді тиімді шешудің негізі,
шығармашылдық және қатысымдық құзіретті қалыптастыру; болашақ
мамандығын қадірлеу және кәсіптік мүмкіндіктері мен даму перспективасын
бағалау; жоғары оқу орындарының оқыту жүйесінде белсенді әдістерді
қолдану. Автордың айтуынша, оқыту үдерісінде аталған мүмкіндіктерді туғызу
студенттердің кәсіптік даярлығының деңгейін кӛтеруге ықпал етеді [8].
И.А. Шапочникова студенттің кәсіптік даярлығы – мотивациялық,
бағыттаушылық, операциялық-әрекеттілік, бағалаушылық компоненттерінің
интеграциясы деп түсінеді. Мұнда студенттің кәсіптік даярлығының
компоненттері кәсіптік міндеттерді ойдағыдай шешу қажеттілігі, міндеттерді
шешу үдерісіне қызығушылығы, ұмтылуы, кәсіптік міндеттерді түсінуі,
шешу жолдарын білуі, маңыздылығын бағалай білуі, кәсіптік қызметіне
сәйкес қабілеттіліктері, ӛзін-ӛзі бағалай алуы т.б. қарастырылған [9].
В.Оконьнің [10] «Жалпы дидактикаға кіріспе» атты еңбегінде кәсіптік
даярлық мақсаттары:
- кәсіпке байланысты жалпы кәсіптік білімді меңгеру;
- шығармашылық жұмысқа дайындық, белгілі мамандыққа байланысты
әрекеттің әдіс, тәсілдерін, түрлерін практикалық меңгеру;
- кәсіптік даярлық үшін маңызды арнайы қабілеттерді дамыту;
-жоғары кәсіптік деңгейге қол жеткізу мақсатында мамандыққа
байланысты қажеттіліктері, мотив пен қызығушылықтарын дамыту;
- ӛз білімін кӛтеру арқылы кәсіптік шеберлікті дамыту дағдыларын сіңіру
делінген.
Тұлғаның кәсіптік даярлығын қалыптастыру үдерісі оның болашақ
мамандығын таңдаған сәтінен, яғни студенттің жоғары оқу орнына түскен
күнінен басталады. Сондықтан, жоғары оқу орындарында ағылшын тілін
оқытуда студенттердің кәсіптік даярлығын қалыптастыруды ұйымдастыруда
студенттердің жас ерекшеліктерін ескеру қажет.
Интегралды жас ерекшеліктері кезеңдерінен ӛтуде адамның тек
психикалық функциялары (ойлау, қабылдау, ес, зейін) ғана емес, сондай-ақ
олардың арақатынасы мен құрылымы да ӛзгереді. Әрбір жас кезеңінде бұл
функциялардың тиімді даму кезеңі болады. «Студенттік шақ білімдер мен
кәсіби іскерліктерді мақсатты, жүйелі игеруші, табанды оқу еңбегімен
айналысатын адамдарды қамтиды. Әлеуметтік топ ретінде кәсіптік
бағыттылығымен,
болашақ
мамандыққа
тұрақты
қатынастың
қалыптасқандығымен сипатталады» [11].
Б.Г. Ананьев студенттік шақты әсіресе ойлау-сӛйлеу функцияларының
белсенді дамитын және мамандыққа байланысты арнайы қабілеттері
қалыптасатын нағыз кезеңі деп есептеген [12]. Студенттік шақта естің, зейін
мен кӛрудің дамуының тағы бір ерекшелігі оның мамандануы, ол дегеніміз
студенттің болашақ мамандығына байланысты әрекеттерге қызығушылықтың
пайда болуы.
Кӛптеген байқаулар кӛрсеткендей, жоғары оқу орындарында ағылшын
тілін оқытуда студенттердің кәсіптік даярлығын қалыптастыру мотивтер,
қажеттіліктер мен қызығушылықтарсыз тиімді болмайды. Мотивтер,
қажеттіліктер
мен
қызығушылықтар
мотивацияның
құрылымдық
компоненттері ретінде қарастырылады.
С.Л. Рубинштейн бойынша, қоғамдық ӛмірде қалыптасатын адам іс-
әрекеттерінің мотивтері әр-түрлі болады, ӛйткені олар түрлі қажеттіліктер мен
қызығушылықтардан туындайды. Ол «...мотив белгілі бір әрекетке саналы
ұмтылу және ол адамның әрекетті бағалауына, мән беруіне, түсінуіне
байланысты қалыптасады; содан барып белгілі мазмұндағы шынайы ӛмір
әрекеттеріне қажетті мотив пайда болады» дейді [13]. Р.М. Васильева ішкі
мотив ретінде жаңаны тануға, шығармашылық тұрғыдан дамуға, білімін
молайтуға ұмтылуды, сыртқы мотив ретінде оның әлеуметтік мәнін атайды.
Ішкі мотив кӛзі – саналы танымдық қажеттілік болып табылады [14].
Д.А.
Осбель
студентерді
кәсіптік
даярлауда
пайда
болатын
қажеттіліктерінің алты түрін ұсынған:
1) оқуға қажеттілік, білмегенді білуге ұмтылу;
2) ортаға ықпал ету, оны ӛзгертуге қажеттілік;
3) әрекетке қажеттілік, қабілетті дамыту және кӛрсету;
4) ой-пікірмен, идея, сезіммен ынталандыруға (стимуляцияға) қажеттілік;
5) білімге қажеттілік, оны ӛңдеуге, нәтижесін, әсерін интернализациялауға,
қарама-қайшылықтарды шешуге, мәселенің шешімін іздеуге қажеттілік;
6) ӛзінің «менінің» маңыздылығын ұлғайтуға және басқалардың оны
құптауына қажеттілік [15].
А.Х. Маслоу бойынша, қажеттілік иерархиясына сәйкес негізгі
материалдық: ауаға, суға, тағамға қажеттіліктен бастап, ең жоғарғы
қажеттіліктерге дейін: сенімділік, ӛзін-ӛзі сыйлау т.б. қанағаттандырылса ӛзін-
ӛзі ӛзектендіруге әкеледі [16]. Студенттің кәсіптік даярлығын ағылшын тілін
оқыту арқылы қалыптастыруда қатысымдық-танымдық қажеттілігі пайда
болады: жаңаны нақтылау, анықтау, таныс материалды толықтыру, түсіндіру
т.б. Студенттің саналы қажеттіліктері негізінде қызығушылық пайда болады.
Танып-білуге қажеттіліктің туындауы адамның танымдық іс-әрекетінің
қозғаушы күші болады. М.В. Соболева « ... білімге қажеттілік, қоршаған ортаны
тану «білімге құштарлық» деп аталатын рухани және мәдени қажеттіліктердің
бірі және таным қажеттілігі әр түрде: білуге құмарлық, қызығу түрінде кӛрінеді
дейді [17]. Студенттің жеке, кәсіптік тұрғыдан қалыптасуында таным
қажеттілігін дамытудың орны үлкен. Оқу-танымдық әрекетті белсендіруге
студенттердің танымдық қызығушылықтары ықпал етеді. Студенттің шетел
тілін меңгеру мотиві кешенінде танымдық қызығушылық болмаса, тілді үйрену
тиімділігі тӛмен болады.
Олай болса, ағылшын тілі арқылы кәсіптік даярлықты қалыптастыруда
студенттің қажетті, қызықты ақпаратты қабылдауға танымдық қажеттілігі
пайда болады. Егер кәсіптік мәндегі ақпарат студент үшін жаңа болса, оны
нақтылау, анықтау қажеттілігі пайда болады, егер ақпарат студентке таныс
болса, оны толықтыру, түсіндіру ынтасы пайда болады. Студенттің саналы
қажеттілігі қызығушылыққа ұласады. Студенттің мақсатқа ұмтылуы арқылы
танымдық қажеттілігі пайда болады. Сондықтан ағылшын тілі арқылы
студенттің кәсіптік даярлығын қалыптастыруда студенттің танымдық
әрекетінің мотиві ретінде жоғары білікті маман болуға ұмтылу, жоғары тӛлемді
жұмыс табу, түрлі кәсіптік бағыттағы бағдарламаларға қатысып шетелде
білімін ұштау, ӛзін-ӛзі жетілдіру, бағалау т.б. шығады.
Кәсіптік
даярлықты
қалыптастыруға
әсер
ететін
шарттарға:
шығармашылдық және қатысымдық құзіретті қалыптастыру; болашақ
мамандығын қадірлеу және кәсіптік мүмкіндіктері мен даму перспективасын
бағалау жатады. Авторлардың кәсіптік даярлық жайлы ұғымдарын, кәсіптік
даярлықты
қалыптастырудағы
индивидтің
мотивтері,
қажеттіліктері,
қызығушылықтарын қорыта айтсақ, кәсіптік даярлық-меңгерген білім,
дағдыларын жүзеге асыра және жетілдіре алатын, қатысымдық тұрғыда
құзіретті, түрлі жағдайда шешім қабылдауға қабілетті, ӛзіне-ӛзі баға бере және
еңбек нарығына бейімделе алатын, шығармашылық және жеке тұрғыдан дамуға
қабілетті, танымдық қажеттілігі жоғары тұлғаны қалыптастыруды жатқызуға
болады.
Жоғары оқу орындарында студенттің кәсіптік даярлығына, тұлғаның жеке
және әлеуметтік қалыптасуына қосатын ағылшын тілінің әлеуеті мен пән
ретіндегі құндылығына қатысты бірнеше мүмкіндіктерді Е.И.Пассов,
В.И.Кузовлев, В.С.Коростылев ұсынған:
біріншіден, шетел тілін оқудың қоғамға пайдасы;
екіншіден, шетел тілінің жеке адамға берер пайдасы;
үшіншіден, тұлғаның қалыптасуы барысында шет тілінің рӛлі, «шетел тілі»
пәнінің білімдік, тәрбиелік, дамытушы қасиеттерін атайды [18].
Қазақстан Республикасында білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің
бірі, студенттерді кәсіптік даярлаумен қатар, азаматтық пен патриотизмге
тәрбиелеу, Отанына сүйіспеншілік, мемлекеттік рәміздерге құрмет, ұлттық
дәстүрді қадірлеу болып табылады. Білімді адам дегеніміз, ең бірінші ӛз тілін,
салт-дәстүрін қадір тұтатын, одан кейін жоғары білімді, бірнеше шетел тілдерін
жақсы меңгерген білікті маман.
Олай болса, ағылшын тілін оқытуда студенттердің кәсіптік даярлығын
қалыптастырудағы мүмкіндіктерінің бірі оқу материалына кәсіптік бағыттағы
мәтіндер мен жергілікті, ұлттық мәндегі ақпаратты қамтитын аутентикалық
материалдар негізінде студенттің патриоттық, азаматтық қасиеттерін дамыту
мүмкіндігі. Ағылшын тілі халықаралық тіл болғандықтан болашақ маманның
халықаралық аренада, мемлекетаралық жиындарда ағылшын тілінде ӛз
ұлтының ӛмірі, тарихы, қоғамдық және саяси ӛмірі, ӛнері және мәдениеті,
экономикасы жайлы ақпаратты ауызекі тілде қолдану шеберліктерін
қалыптастыру үшін оқу материалдары ӛз еліміздің ұлы адамдарының ӛмірі мен
еңбектері, салт-дәстүр, мәдениет тақырыптарын қамтуы керек. Сол арқылы
студентке тіл үйретумен қатар, оның патриоттық, азаматтық қасиеттерін
дамытуға үлес қосамыз.
Қазақстан
Республикасында
«Болашақ»
бағдарламасы,
шетелде
мемлекеттік бағдарламалармен оқу мүмкіндігі, кӛптеген халықаралық семинар,
конференцияларға қатысу, халықаралық аренаға шығу мүмкіндіктері бар.
Жоғары оқу орындарында ағылшын тілін оқыту студенттерді ағылшын тілін
меңгертумен қатар, тіл үйренушінің интеллектуалды дамуын да кӛздейді.
Ағылшын тілін жалпы білім беру пәні ретінде оқытуда арнайы кәсіптік
бағыттағы аутентикалық материалдар негізінде студенттің шығармашылық,
сыни ойлау, ұйымдастырушылық, іздену қабілеттерін дамыта отырып және
оның қатысымдық құзіретін қалыптастырылады.
Ағылшын тілі арқылы студенттердің кәсіптік даярлығын қалыптастыру
мүмкіндіктеріне: студенттің ағылшын тілі арқылы кәсіптік білімін толықтыру;
кәсіптік даярлығын жалғастыру үшін түрлі бағдарламаларға қатысу; шетел тілі
арқылы кәсіптік әдебиет кӛзін түпнұсқада оқу, сынау, салыстыру,
шығармашылық тұрғыдан ойлау белсенділігін арттыру; ӛз кәсібі саласындағы
ұлттық жетістіктерді шетел тілі арқылы ӛзгелерге таныстыру мүмкіндігі
жатады.
Қорыта айтсақ, жоғары оқу орындарында ағылшын тілін оқыту арқылы
студенттердің кәсіптік даярлығын қалыптастыру мүмкіндіктеріне қол жеткізу
үшін, - тілді кәсіптік бағытта меңгеру мүмкіндігі жасалуы (сағат саны,
материалдық база т.б.); -студенттер жоғары оқу орындарында ағылшын тілін
оқуды (мектептен кейін) жалғастыратындықтан, олардың пәнге қызығушылығы
мен мотивациясы болады, егер оқу материалы кәсіптік бағытта тың, жаңа
ақпараттарға толы болса; -ағылшын тілін оқытуда студенттің шығармашылық
ойлау белсенділігін және сыни ойлау қабілетін дамыту, интеллектуалдық және
патриоттық дамуы үшін қазақстандық-отандық, тӛл оқу құралдарын күшейту
қажет.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1 Краткий психологический словарь /сост. Л.А. Карпенко. – М.:
Политиздат, 1985. – 431 с.
2 Богачева Ю.В. Формирование профессиональной готовности к
практической деятельности педагогов-хореогрофов в вузах культуры и
искусств: автореф. ... канд. пед. наук. – М., 2007. – 25 с.
3 Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н. Педагогика: учебное пособие
для студентов высших педагогических учебных заведений. –М.: Академия,
2002. – 576 с.
4 Дмитриева О.Б. Формирование готовности к иноязычной коммуникации
будущего преподавателя иностранного языка в условиях поликультурной
среды: автореф. ... канд. пед. наук. – Чита, 2006. – 25 с.
5 Гализина Е.Г. Лингводидактические особенности формирования навыков
профессионально ориентированного чтения на английском языке: автореф. ...
канд. пед.наук. – Воронеж, 1998. – 28 с.
6 Попов И.М. Оптимизация обучения иностранному языку в процессе
профессиональной подготовки студентов технических вузов: на материале
обучения говорению: автореф. ... канд. пед. наук. – Санкт-Петербург, 2001. –
28 с.
7 Манасян Р.Х. Профессиональная готовность преподавателя английского
языка к обучению студентов неязыкового вуза (На примере учебно-
тренировочного комплекса лексико-грамматических упражнений): дис. ... канд.
пед. наук. – Калуга, 2001. – 273 c.
8 Фридзон А.К. Организационно-педагогические условия формирования
готовности будущих инженеров к использованию иностранного языка в
профессиональной деятельности: автореф. ... канд. пед.наук. – Калуга, 2005.
– 28 с.
9 Шапочникова И.А. Формирование готовности студентов колледжа к
иноязычному общению: автореф. ... канд. пед.наук. – Магнитогорск, 2005.
– 28 с.
10 Оконь В. Введение в общую дидактику. – М.: Высшая школа, 1990.
– 381 с.
11 Кулюткин Ю.Н. Психология обучения взрослых. – М., 1985. – 128 с.
12 Ананьев Б.Г. Развитие психических функций взрослых людей /под. ред.
Б.Г. Ананьева, Е.И. Степановой. – М., 1972. – 242 с.
13 Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. – СПб.:Питер, 2004. –
465 с.
14 Васильева М.М. Возрастные особенности личности студента и их учет в
обучении иностранному языку //Иностранные языки в высшей школе. – 1987. –
15 Ausubel D.A. Educational Psycology: A cognitive view. – New York:Holt,
Rinehart and Winston, 1968. – Р.368-379.
16 Маслоу А. Мотивация и личность. – Евразия: СПб, 1999. – С.77-105.
17 Соболева М.В. Имитационное поведение в раннем онтогенезе: опыт
исследования //Вопр. психол. – 1995. – № 4. – С. 108-115.
18 Пассов Е.И., Кузовлев В.И., Коростылев В.С. Цель обучения
иностранному языку на современном этапе развития общества //Иностранные
языки в школе. – 1987. – № 6. – C. 29-36.
Жоғары білім сатысында ағылшын тілін оқыту ерекшеліктері
А.М. Мухтарханова
п.ғ.к., шетел тілдері кафедрасы,
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Астана қаласы
ainagul_mukhtark@mail.ru
«Преподавание иностранного языка в высшей школе: проблемы и перспективы» Материалы
межвузовской научно-практической конференции.- Сборник.-Алматы: Военный институт
КНБ РК, 2009.
Достарыңызбен бөлісу: |