А. М. Наурызбаева СӨйлеуді дамыту әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет70/73
Дата15.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#83043
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Байланысты:
httpswww.edulife.kzsabaq-kzattachmentsyleud-damytu-dstemelk-nsau.pdf

2.Негізгі кезең 
Ертегі оқылады: «Арыстан күшігін асыраған Мысық». Бір Мысық қаңғырып жүріп, 
анасы өліп қалған Арыстанның күшігіне кез болады. Мысық күшікті бауырына басып, 
емізіп асырайды. Арыстан өсіп, азулы жыртқыш аң болып, өз азығын өзі табатын халге 
жетеді. Бір күні ашыққан Арыстан өзін асыраған Мысықты жемек болады. Мысық оның 
бұл ойын сезіп, өрмелеп ағашқа шығып кетеді. Сонда Арыстан тұрып: 
– О, менің ақ сүтін емізген асыраушым. Маған сен туған анамдай ыстықсың. Бүкіл 
қылықтарды үйреткенде ағашқа өрмелеуді неге үйретпегенсің? – дейді.
– Қысылғанда керек болар дегенім еді, – депті сонда Мысық. 
Дамытушы сұрақтар: 
– Мысық ненің күшігін кездестірді? 
– Арыстан күшігінің анасы жоқ болғандықтан, Мысық оған қандай көмек көрсетеді? 
– Арыстан күшігі үлкен болып өскеннен кейін қандай іс-әрекетін, мінезін көрсетеді. 
– Оны біліп қойған Мысық не істейді? 
– Сол кезде Арыстан Мысыққа не дейді? 
– Сонда Мысық не деп жауап береді? 
Жақсылықты жақсылықпен қайтару керектігін балалар санасына құю. 
– Арыстанның жасаған іс-әрекеті дұрыс деп ойлайсыңдар ма? 


77 
Сендер Арыстан күшігінің орнына болғанда не істеуші едіңдер? 
Арыстан мен мысықтың қандай дауыс шығаратынын сұрай отырып, мысық туралы 
сергіту жаттығуын жасату. 
Сергіту жаттығуы: 
Мысығым 
Құйрығын қуып ойнайды, 
Қума десем қоймайды. 
Шыр көбелек айналсам
Жетемін деп ойлайды. 
Піш-піш десем келе ғой
Айтқаныма көне ғой, 
Шақырғанда «піш-піш» деп, 
«Мияу», – деп дыбыс бере ғой. 
(А. Меңжанова) 
Дәптермен жұмыс. Дәптердегі «Бүгінгі ертегі кейіпкерлерін қорша» тапсырмасын 
орындау. 
3.Қорытынды кезең (рефлексия) 
Балалардан қандай ертегі тыңдағандарын, ертегідегі кейіпкерлердің қайсысы ұнағанын, 
несімен ұнағанын және жағымсыз кейіпкердің қай қылығы ұнамағанын сұрап, «Жақсыдан 
үйрен, жаманнан жирен» мақалымен қорытындылау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет