20
Осындай дәмді, тәтті, тілі бал үйіретін жемістер мен көгөністерді
сыйға тартқан асыл
өлкемізге, Отанымызға арналған тақпақты оқып, бірге қайталауды ұсыну.
Тақпақ:«Отаным менің кең-байтақ»
Жайнаған сансыз қаласы,
Жайқалған жомарт даласы.
Ел-Отан біздің кең-байтақ,
Отанның біздер баласы.
(Қ. Шаңғытбаев)
Жұмбақ: Аспай піскен, қайнамай түскен. (Жеміс)
(Түсіндіру жұмысын жүргізу: неге ол аспай және қайнамай піседі? )
Педагог балаларға жемістер мен көгөністердің мол өнім беруі мен үлкен болып өсуінің
себебін сұрай отырып,
оның еңбекке байланысты екенін, күтіп-баптап өсірген бағбан
еңбегінің зор екенін жеткізеді. Жемістер мен көгөністерді
жемес бұрын қажетті
қолданылатын тазалық кеңестерін дәріптейді.
Жаңылтпаш (алма туралы)
Бес түп алма,
Бестік алғандікі,
Төрт түп алма,
Төрттік алғандікі.,
Бестік алған,
Төрт түп алмайды.
Төрттік алған,
Бес түп алмайды.
(Сандарды көрсете отырып айтады).
Достарыңызбен бөлісу: