А. М. Наурызбаева СӨйлеуді дамыту әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы


біледі: мақал-мәтелдерді көбірек білу



Pdf көрінісі
бет15/73
Дата15.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#83043
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   73
Байланысты:
httpswww.edulife.kzsabaq-kzattachmentsyleud-damytu-dstemelk-nsau.pdf

біледі: мақал-мәтелдерді көбірек білу; 
түсінеді:дыбыстарды дұрыс айтуды
қолданады: иттің дене мүшелерін біледі. 
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық құрал, сөйлеуді дамыту дәптері, 
қалташада ит суретінің қиындылары болу керек. 
Сөздік жұмыс: үреді, үлпілдек. 
Билингвалды компонент: ит – собака – dog, күшік – щенок – puppy 
 
1. ҰОҚ барысы: 
Педагог жұмбақ жасырады: 
Адамға серік, 
Күзетке берік. (Ит) 
Үнтаспадан иттің үрген дыбысын тыңдайды. 
2. Негізгі кезең 
Балалар назарын демонстрациялық құралдағы «Ит және оның кішкентай күшіктері» 
суретіне аудару. 
Суреттен не көріп тұрғандарын, иттің баласын не деп атайтынын сұрай отырып, иттің 
қалай дыбыстайтынын, яғни үретінін еске түсіріп, бірге үргізу. «Ф» дыбысының 
айтылуын қадағалау (орысша айтқанда «аф-аф, аф-аф, аф-аф» дейтінін айтып кетеді). 
Педагог балалардан иттің қандай жануарға жататынын сұрап, оның үй жануарына 
жататынын нақтылайды. 
Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?» 
Мақсаты: иттің дене мүшесімен таныс болу және оны сипаттай білуге үйрету. 
Шарты: хатқалтадағы (конверт) қиындыларды жылдам біріктіру арқылы ит бейнесін 
шығару және оған сипаттама беру. 
Педагог балалармен бірлесіп, құрған бейнеге сипаттама береді (балалар қол қимылымен 
көрсету керек). 
Мысалы: тікірейген екі құлағы, екі көзі, арыстандай айбатты, тістері бар, олар тез 
жүгіреді. Суреттегі иттің және күшіктерінің жүндерінің жұмсақ, үлпілдек екенін жеткізе 
отырып, «үлпілдек» сөзін қайталату (үл-піл-дек). 
Сурет бойынша әңгіме құрау: 
Демонстрациялық құрал: «Ит және оның кішкентай күшіктері». 
Балалар суретке көңіл бөліп, шағын сөйлемдер құрауға тырысады. Мысалы: ит – үлкен, ал 
күшіктер кішкентай.
Педагог ит және күшіктерін санап, оларға ат қоюға ұсыныс тастайды.  
Неліктен итті « адамның досы» деп атайды? (Себебі иттер адамдардың үйін күзетеді, 
адамдарға көмектеседі). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет