25
Педагог балалардан сұрақ-жауап әдісі арқылы ертегі мазмұнын нақтылап, еңбекқорлыққа
шақырады. Бәліш жасау үшін қаншама еңбек керектігін нақтылайды.
Оқу қызметін
«жалқаудың жаны тәтті, еңбектің наны тәтті» мәтелімен қорытындылайды.
№ 5
Білім беру саласы: Коммуникация,
Әлеумет
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «З» және «с» дыбыстары
Мақсаты:
Дыбыс жайлы түсінік беру.
Міндеттері:
а)
Балаларға «З» және «с» дыбыстарының дұрыс жазылуын көрсету және түсіндіру.
ә) Барлық дауысты жане дауыссыз дыбыстардың анық, таза, әрі түсінікті дыбыстап айта
білу біліктерін дамыту; ізгі сөздерді күнделікті айта білуге дағдыландыру.
б) Үнемділікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
біледі: жыл
мезгілдерінің ерекшелігін;
түсінеді: З және С дыбыстарын дұрыс айтуды;
қолданады: суду үнемдеу керектігін, ізгі сөздерді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық құрал, сөйлеуді дамыту дәптері.
Сөздік жұмыс: күз, су.
Билингвалды компонент: күз – осень – autumn, су – вода – water
ҰОҚ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Демонстрациялық құралмен жұмыс:
Балалардың назарын жыл мезгілдерінің суреттеріне аудару. (Қыс, көктем, жаз, күз).
Қазіргі жыл мезгілін және ай атауларын сұрау.
Достарыңызбен бөлісу: