А. М. Наурызбаева СӨйлеуді дамыту әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет22/73
Дата15.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#83043
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   73
Байланысты:
httpswww.edulife.kzsabaq-kzattachmentsyleud-damytu-dstemelk-nsau.pdf

Дидактикалық ойын:«Көжекпен ойналық» 
Мақсаты: балалардың ойлау қабілетін дамыту және жылдамдылыққа үйрету. 
Ойын шартыСөйлеуді дамыту дәптерімен орындалады, 
Көжектің сәбізге дейінгі жолын сызып көрсет. 
– Қоян жүзеді ме? Әлде ұшады ма? (Секіріп жүгіреді). 
– Ол қандай жабайы аңдардан қорқады? 
– Жабайы аңдарға нелер жатады? 
Мақалдың мағынасын түсіндіру. 
Мал жуасы – қой, 
Аң жуасы – қоян. (Жуас, момын, ешкімге зияны жоқ). 
Мақал-мәтелді «Үш дауыс» әдісімен жаттату. 
Әдістің қолданылуы
• бірінші жоғары дауыспен; 
екінші ортаңғы дауыспен
• үшінші төмен дауыспен қайталанылады. 
3 Қорытынды кезең (рефлексия) 
Дыбыстарды анық айтуға ұсыныс білдіру, қорытындылап мадақтау. 
№ 7
Білім беру саласы: Коммуникация, Таным 
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту 
Тақырыбы: Қуыршақ Әйгерімнің туған күні 
Мақсаты
Туған күн де мереке түріне жататындығын түсіндіру.
Міндеттері: 
а) Балаларға әңгіме құрауды үйрету, әңгіме құрауды үйрету арқылы шығармашылықпен 
жұмыс істеуге баулу.
ә) Ойыншықтар туралы әңгімелеу; өз ойларын еркін қарым-қатынас жасау арқылы 
дамыту. 
б) Ойыншықты ұқыпты ұстауға тәрбиелеу. Эстетикалық талғамын арттыру.
Күтілетін нәтижелер


29 
біледі: ойыншықтардың неден жасалғанын; 
түсінеді: толық сөйлем құрауды; 
қолданады: өз ойларын сөйлемдер арқылы жеткізуді, ұқыптылықты 
Қолданылатын көрнекі құралдар: сөйлеуді дамыту дәптері, қуыршақ ойыншық, жұмсақ 
ойыншық-аю, резеңкелі ойыншықтар, пластмассалы мәшине. 
Сөздік жұмыс: резеңке, пластмасса 
Билингвалды компонент: қуыршақ – кукла – doll. 
ҰОҚ барысы:: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет