А. М. Наурызбаева СӨйлеуді дамыту әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет19/73
Дата15.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#83043
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   73
Байланысты:
httpswww.edulife.kzsabaq-kzattachmentsyleud-damytu-dstemelk-nsau.pdf

2. Негізгі кезең 
Жыл мезгілдерін рет-ретімен атау. 
Қай сөзде «с», қай сөзде «з»дыбысы бар екенін айта отырып,сол дыбыстардың дұрыс, әрі 
таза айтылуын қадағалау, сөйлем құрауын ұсыну. 
– «Ыз-ыз-ыз» деп ызылдап дыбыс шығарайық.(ыз-ыз-ыз) 
– Ненің дыбысына ұқсайды? (Араның, масаның дыбысына ұқсайды). 
– «С», «з» дыбыстарын айтқанда ерін езу тартып, күлген кездегідей керіліп, тістер 
көрінеді. Тілдің ұшы төменгі тістердің түбіне тиеді, тіл ортасы сәл дөңестеніп, екі жағы 
тістерге жанасады. Деміміз тіл ортасынан шығады. 
– Күз (з). 
– Қыс (с). 
– Жаз (з). 
Осы сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрайды. 
«З» дыбысына дыбыстық жаттығу жасату. 
За-за-за – таза 
Зу-зу-зу – жазу 
Зы-зы-зы – қозы 
Зе-зе-зе – зерек 
Аз-аз-аз – жаз 
Ыз-ыз-ыз – қыз 
Үз-үз-үз – күз 
Із-із-із – сәбіз 


26 
Буын ішінде келген «с» дыбысын ажыратқызып үйрету. 
Са-са-са – сана 
Су-су-су – суық 
Се-се-се – кесе 
Ас-ас-ас – тас 
«С» және «З» дыбысының ауада жазылуын көрсету. «З» дыбысының 3 санына 
ұқсайтыны айтылады. 
Топтағы немесе басқа да «З»және «С» дыбысы бар заттарды атау. 
Тыныштық сақтап сағаттың дыбысын тыңдату. Оның қажеттілігі мен пішіндері туралы
әңгіме өрбіту. 
– Бәріміз сағат болайық: сырт-сырт, сырт-сырт. (Сағаттың дыбысын салып оңға-солға 
сыртылдайды, сағат туралы әңгімелейді). 
Сергіту жаттығуы. 
Күзім-ау, күзім-ау, 
Мінезің бұзық-ау, 
Жаңбырың сіркіреп 
Келгенің қызық-ау. 
(Қ.Ыдырысов) 
Балалар буындар мен сөздерді педагогпен бірге қайталап, дұрыс дыбыстап сөйлеуге 
тырысады. Педагогпен бірге ауада жазуға талпынады. «З» дыбысының 3 санына 
ұқсайтынын біледі. Өздері білетін сөздерді атауға атсалысады. Мысалы: терезе, есік, 
сандық, сиыр, сағат, сағыз, сан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет