78
2.Негізгі кезең
Демонстрациялық құралмен жұмыс
Жабайы жануарлардың қоянның туған күнінде отырған сәті. Балалардың назарын суретке
аударып, жануарлар қандай мерекені тойлап отырғанын сұрау. Балалардан өздерінің туған
күндері жылдың қай мезгілде болатынын, туған күн мерекесі не себепті
ұнайтынын/ұнамайтынын сұрау.
Сергіту жаттығуы:
Сұр қоян
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбырды,
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің,
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
(Т. Бердияров)
Достарыңызбен бөлісу: