А. М. Наурызбаева СӨйлеуді дамыту әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет69/73
Дата15.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#83043
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Байланысты:
httpswww.edulife.kzsabaq-kzattachmentsyleud-damytu-dstemelk-nsau.pdf

Дидактикалық ойын:«Кім зейінді?»
Ойын шарты: дәптердегі «Суреттерге мұқият қарап, жетпей тұрған затты және 
жабыстыр» тапсырмасын орындату. 
 
Өлең оқылады: 
Гүл өсірсең, терлеп, 
Мұның аты – еңбек. 
Кесте тіксең, зерлеп, 
Мұның аты – еңбек. 
Қиындықтың бәрін, 
Еңбек қана жеңбек. 
(Н.Жанаев) 
3.Қорытынды кезең (рефлексия) 


76 
Еңбек ету мен жаттығудан ешуақытта қашпай, жалқаулыққа бой алдырмай, жарқын 
болашақты серуеннің дұрыс ұйымдастырылуы мен еңбек екенін айтып, «Бақыт кілті –
еңбекте» деген халқымыздың дана сөзімен қорытындылау. 
№35 
Білім беру салалары: Коммуникация, Таным
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту 
Тақырыбы: Арыстан күшігін асыраған мысық (ертегі) 
Мақсаты
Ертегі мазмұнын дұрыс мазмұндау дағдыларын дамыту.
Міндеттері: 
а) Ертегіні тыңдай білуге, оны мазмұндауды үйретуді жалғастыру.  
ә) Кейіпкерлердің өзара сөйлесуін көркем түрде қолдану арқылы ертегінің ішкі сырын, 
айтылу керек ой-түйсігін, мән-мағынасын бұзбай байланыстыра баяндай білуге үйретуді 
дамытуды жалғастыру, ертегіге деген қызығушылығын арттыру. 
бБір-біріне деген бауырмалдық, жанашырлық сезімдерін ояту, жақсылық жасауға 
тәрбиелеу. 
Күтілетін нәтижелер: 
біледі: ертегі желісін бұзбай баяндауды; 
түсінеді: өз ойын ашып жеткізуді; 
қолданады: жақсы нәрсені үйреніп, жамандыққа жақындамау керектігін. 
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық құрал, тіл дамыту дәптері. 
Сөздік жұмыс: арыстан. 
Билингвалды компонент: мысық – кошка – cat. 
 
ҰОҚ барысы: 
1. Ұйымдастыру кезеңі 
 
Балаларға бүгін ертегі тыңдайтынын, ертегі аң патшасы арыстанның күшігі мен өздері 
жақсы білетін мысық туралы екенін айтып, арыстан күшігі мен мысықтың қандай 
жануарлар екендігі жайлы әңгімелесу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет