Сергіту жаттығуы: Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Қосып едім екеуін,
Болып шықты он саусақ.
Дидактикалық ойын:«Сыңарын тап»
Мақсаты: Оң-солды ажырата білу, қолғаптың сыңарын дұрыс табуға үйрету. Ойын шарты: дәптердегі «Қолғаптың сыңарын тап» тапсырмасын орындау. 3. Қорытынды кезең (рефлексия) Оқу қызметін «Досы көпті жау алмайды» мәтелімен қорытындылау. Достыққа,
бірлікке шақыру.
№33 Білім беру салалары: Коммуникация, Таным, Әлеумет
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: Жаңа үйді кім тұрғызды? (шығармашылық әңгіме құру)
Мақсаты:
Өз ойларын жеткізе білу дағдыларын дамыту.
Міндеттері: а) Балаларды шығармашылық жұмысқа ынталандыру, сюжетті дамыта келе, жай және
күрделі сөйлемдерді қолдана отырып, ойлау деңгейлерін арттыру, құрылыс құралдарын
ажыратуға үйрету.
ә) Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, сұрауға және
сұраққа жауап беру біліктерін дамытуды жалғастыру, ауызша сөйлеуін дамыту.
б) Бір-біріне көмектесе білуге, ауызбіршілікке, еңбектенуге тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: біледі: үйдің құрылысын білу;
түсінеді: сурет бойынша әңгімелеуді;
қолданады: үйді құрастырма ойыншықтардан үй құрауды
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық құрал, сөйлеуді дамыту дәптері.
Сөздік жұмыс: құрылысшы
Билингвалды компонент: құрылысшы – строитель.
ҰОҚ барысы:
74
1. Ұйымдастыру кезеңі Демонстрациялық құрал: (Үйшік ертегісінің кейіпкерлерінің суреті)
– Балалар, бұл қай ертегінің кейіпкерлері? (Үйшік)
– Кәне, суреттегі ертегі кейіпкерлерін атайықшы?