А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б



Pdf көрінісі
бет109/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

Сҧрақтар мен тапсырмалар 
 
1.
Африкадағы ең басты отарлық державаларды атаңыз. 
2.
Франция ӛз отарлық иеліктерінде қандай саясат 
жүргізді? 
3.
Португалия ӛз отарлық иеліктерінде қандай саясат 
жүргізді? 
4.
Африкада ӛндірілетің басты шикізат кӛзін анықтап 
беріңіз. 


182 
§ 20. Африканың отарсыздануы 
Отарлық жҥйені жоюдың алғышарттары.
1945 жылы 
Африканың тек тӛрт мемлекеті ғана тәуелсіздік алды: Египет, 
Эфиопия, Либерия және Оңтүстік Африкалық одақ. Ал Африка-
ның қалған территориясы еуропалық державалар арасында қай-
та бӛліске түсті, олардың ішінде ең ірі территорияны Франция, 
Англия, Бельгия, Португалия иемденді, сонымен бірге Италия 
және Испанияның да біраз отары болды. Кӛптеген отарларда 
партиялар, ұйымдар, кәсіподақтар және баспаханалар жұмыс 
істеді, бірақ олар ескі әлеуметтік негізде құрылды, онда тайпа 
мен олардың кӛсемдері, діни топтар мен этникалық қауымдар 
арасындағы ӛзара бақталастық ӛрши түсті. 
Квам Нкрум «Әлемнің отар елдеріне үндеу», және «жал-
пыафрикалықтардың әкесі» 
Уильям Дюбуа
«Отарлық держа-
валарға арыз» атты құжаттар жасап шығарды, онда еуропалық 
державалар ӛздерінің африкалық отарларына тәуелсіздік беру 
туралы айтылған. Державалар отарларына демократиялық ре-
форма жүргізуге уәде берді. Францияда 1946 жылы жаңа Конс-
титуция қабылданып, онда Африкадағы Француз одағы туралы 
айтылады. Мәселен, отар азаматтары "тең азаматтық құқыққа ие 
болып және нәсілдік дискриминация жойылады" деп атап 
кӛрсетілген. 
Англия болса әрбір отарларымен екі жақты келісімге қол 
қойды, онда отарлардың ӛзін-ӛзі басқаруға дайындық деңгейін 
кӛрсететін ерекше Конституция жасалды. Ал, 1947 жылы 
Үндістан мен Пәкістанның тәуелсіздік алуы Африкадағы отар-
сыздану үрдісіне үлкен әсер етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет