100
Пенджаб провинциясындағы билікте ӛздерінің күшті оппози-
циясын сақтап қалды. Олардың
қол шоқпарлары президент
Гулам Исхак-хан
болды. Осындай жағдаймен Б.Бхутто үкіметі
ешқандай еркін әрекетке бара алған жоқ, олар үнемі армия бас-
шылығының позициясымен санасуына тура келді,
әскери арна-
йы қызметтің ерекше жағдайы сақталып қалды. Үндістандағы
Кашмир мәселесіне қатысты ішкі жағдайдың шиеленісуін пай-
далана отырып, Пәкістан президенті 1990 жылы тамызда пар-
ламентті таратып жіберді. "Б.Бхуттоның үкіметін" қабілетсіз, па-
рақор және бас пайдасын ойлаушы деп айыптады.
Осы жылдары конституцияға жаңа ӛзгертулер
енгізілді,
онда президенттің кейбір құқықтары шектелді, әсіресе премьер-
министрдің ісіне қатысты тұстары. Саяси істерге қатысты ар-
мияның рӛлі шектелді.
1996 жылы қарашада президент
Сардар Фарук Ахмед
Ұлт-
тық ассамблеяны таратып және Б.Бхуттоның үкіметін отставкаға
жіберді. 1997 жылғы сайлауда
Пәкістандық Мұсылман лигасы
партиясы жеңіске жетті. Үкіметті
Наваз Шариф
басқарды.
Оның кабинетінің билікке келуі тұрақсыз болды. Әлеуметтік-
экономикалық және саяси проблемалар шешілмеді. Саяси пар-
тиялардың арасындағы шиеленістер ұлтаралық және діни-қауым
негізіндегі қақтығыстарға алып келді.
1999 жылы күзде Пәкістанда тағы да әскери тӛңкеріс
болып, үкіметті генерал
Первез Мушарраф
басқарған армия қол
астына ӛтті.
2001 жылы 11 қыркүйекте
Пәкістан лаңкестікке қарсы
әлемдік коалицияға кірді. Бірақ кӛптеген пәкістандықтарға
Америка тек лаңкестерге ғана емес бүкіл мұсылмандарға қарсы
тұрғандай болып кӛрінді. Осындай сыртқы саяси бағыт ұстанған
Первез Мушаррафқа
қастандық жасалды. Ол
бұл қылмысқа
террористерді айыптап, елде «тазалау» жұмыстарын жүргізді.
2003 жылдан 2005 жылға дейін пәкістандық армия АҚШ-пен
бірігіп, әскери операция жүргізді.
Мұндағы қарсыластары Пәкістанның шекаралық ауданда-
рында қоныстанған «Талибан» әскери ұйымының қалған мүше-
лері болды.