А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б



Pdf көрінісі
бет64/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   134
Сҧрақтар мен тапсырмалар 
 
1.
Мұхаммед Әли Джинна қандай саясат жүргізді? 
2.
Үндістан мен Пәкістан тәуелсіз мемлекеттері қашан 
құрылды?
3.
Пәкістан мемлекетінің бірінші премьер-министрі кім 
болды? 
4.
Пәкістан мен Үндістан арасында қандай территория 
талас тудырды? 
5.
Пәкістанда «бархыт тӛңкерісі» қай жылы болды? 
6.
Мемлекетте әскерилер қандай саясат жүргізді? 
7.
Пәкістан Федеративті парламенттік Республика болып 
қай жылы жарияланды? 
8.
1979 ж. премьер-министр З.А.Бхуттоны не үшін ӛлтір-
ді? 
9.
Пәкістанда М.Зия уль-Хак қандай тәртіп орнауды кӛз-
деді? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


102 
5-тарау 
 
ТАЯУ ЖӘНЕ ОРТА ШЫҒЫС АЗИЯ ЕЛДЕРІ 
 
§ 13. Тҥркия 
 
Осман империясының қҧлауы.
1914 жылы Бірінші дү-
ниежүзілік соғыс қарсаңында Осман империясында 
үштік-нұс-
қа
диктатурасы орнады: Энвер, Талаат және Джемал - олар бү-
кіл соғыс бойына елді басқарып отырды. Осман империясы мұ-
сылман ӛркениетіне жатты; ол ХІҮ-ХҮІ ғасырларда басқыншы-
лық соғыстар нәтижесінен пайда болды. Сосын дағдарыс про-
цессі басталды, яғни ол ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың ба-
сында империяның құлауына түрткі болды. Мұсылман ментали-
тетінің ерекшелігі сол, барлық жақсының бәрі мұсылмандарда 
бар, басқа ӛркениеттен алудың еш керегі жоқ деген ұғым
ХҮІІІ ғасырдың соңында олар Батыстың кейбір жетістік эле-
менттерін игере бастады, бірақ дәстүрлі құрылым тарапынан қа-
тал сынға ұшырап отырды.
1879 жылдан бастап елде «зұлым» деспоттық билігі орна-
ды. Онда еуропалық ӛркениеттің барлық тармақтарына қатысты 
қарсылық күшейе түсті; барлық еуропалық білім алғандарға се-
німсіздікпен қарады. Панисламизм тез арада тарап кетті. 
Ел халықаралық банкротдеп жарияланды. 1908 жылы жал-
пы дағдарыс салдарынан жас түріктер революциясы басталды. 
Олар бірнеше реформаларды іске асыруға қол жеткізді, бірақ 
1912 жылы үкімет басына басқа топ келді - «Бостандық және 
келісім». Алайда олар билікте ұзақ бола алған жоқ. Ӛйткені 
Балкан соғыстарындағы сәтсіздік 1914 жылы жас түріктердің 
үкімет басына келіп, ӛз диктатурасын орнатуына түрткі болды.
Осман империясы бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде
Германия және оның одақтастары Австрия-Венгрия және 
Болгария жағында соғысты. Түрік армиясы соғысқа белсене ара-
ласып, жақсы соғысты, бірақ олар жеңіліп, империя территория-
сы басып алынды. 1918 жылы 30 қазанда Мудросс бейбіт келі-
сіміне қол қойып, жеңген елдердің ӛкілдері елді тастап шықты, 
ал жастүріктер тарап кетті.


103 
Антанта елдері империяны бӛлшектеу жоспарын жасауға 
кірісті: сыртқы иеліктердің барлығы тартып алынды, ал олардың 
тағдырын 1919 жылы Париж бейбіт конференциясында қарау 
алға қойылды. Империяның түріктерге тиесілі емес иеліктерінің 
барлығы Ұлттар Лигасының мандатына берілді.
Тіпті түріктердің ӛз иеліктерін бӛлу жоспары да жасалды. 
Онда Түркияның құрамынан екі автономия шығаруды қолға 
алды - Армения және Күрдістан; ал Қара теңіз жағалауындағы 
Трапезунда жерінде гректердің Понтий мемлекетін құру жос-
парланды. 
1919 жылы 15 мамырда грек әскерлері Измирді басып ал-
ды, ал оған Италия да үміттенген болатын. Сонымен бұл ӛткел-
де халықаралық бақылау орнатылды. Антанта державалары ӛз 
флоттарын енгізіп және комиссарлар сайлады. 1919 жылы билік 
басына «Бостандық және келісім» ұйымының либералды топ-
тары келді, бірақ нағыз билік Антанта қолында болды. Түрік ар-
миясы таратылды, әскери базалар жеңген елдер қолына кӛшті. 
Осы кезде ел толығымен Батыс билеушілері қолына кӛшті десе 
де болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет