А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


М.Зия уль-Хактың әскери режимі



Pdf көрінісі
бет62/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   134
М.Зия уль-Хактың әскери режимі.
1977 жылы 5 шілде-
дегі аяқ асты болған саяси тұрақсыздық салдарынан әскери тӛң-
керіс басталып, елде үшінші рет әскери режим орнап, үкімет ба-
сына 
Мұхаммед Зия уль-Хак
келді. ПХП-сы мүшелеріне қуғын-
сүргін болып оның басшылары түрмеге жабылды, ал партия 
басшысы 
З.А.Бхутто
1979 жылы 4 сәуірде мемлекетке қарсы 
саясат жүргізді деген айыппен ӛлімжазасына кесілді. 
Пәкістандағы 
М.Зия уль-Хактың
әскери режимі елдің ішкі 
және сыртқы саяси бағытын түбегейлі ӛзгертті. Азаматтық үкі-
мет биліктен аластатылып, оны әскери әкімшілік ауыстырды. 
Олар буржуазиялық-демократиялық институттардың қызметін 
шектеп, экономикалық және әлеуметтік саясатта ӛзгерістер ор-
натты. Бұрын мемлекет қарамағына ӛткен ӛндіріс орындары же-
ке меншікке қайта берілді. 
Елге тӛтенше жағдай енгізілді, территория 5 зонаға бӛ-
лінді, ал оларды жоғары шендегі армия офицерлері басқарды. 
Трибунал құрылды. 


99 
М.Зия уль-Хак біртіндеп барлық билікті ӛз қолына алды: 
1978 жылы 13 қыркүйекте ол елдің президенті болды. Бас әске-
ри әкімшіліктің орнын да ӛзіне қалдырды.
Әскери режимнің ең басты кӛздеген мақсаты Пәкістанда 
нақты ислам тәртібін орнату - «Низам-и ислам», ал З.А.Бхутто 
саясатын исламға қарсы деп айыптады. Сонымен бірге елде 
қоғамды толықтай исламдандыру және ислам саяси құрылымын 
орнату саясаты жүрді. Пәкістанда жалпыға бірдей теңдік қоға-
мын орнату үшін әскерилер діни-қауымдық партиялар және дін-
дарлармен бірге жұмыс жүргізді. Дәстүрлі жазалау түрлері енгі-
зілді (кӛпшілік алдына шығарып жазалау, саусағын кесу т.б.), 
федеральды шариғат соты енгізілді, онда жазалау Құран мен 
Сунна заңдары арқылы жүргізілді, исламды насихаттау үшін оқу 
жоспарлары ӛзгертілді, экономиканы исламдауға байланысты да 
шаралар жүргізілді-пайызсыз несие беру, дәстүрлі исламдық 
салық жүйесі т.б. 
1981 жылы 24 наурызда Уақытша конституциялық заң ен-
гізілді, ол 1973 жылғы конституцияны түбегейлі ӛзгертті. Бұл 
заң бойынша президентке шексіз билік берілді. Федеральды 
консультативті кеңес және Министрлер Кеңесінің қызметтеріне 
шектеу жасалды.
Әскери режим мұсылман фундаментальдық партиясы 
ӛкілдерімен жақсы байланыс орнатып, 1982 жылы олар Мұсыл-
ман Лигасымен бірігіп, барлығын М.Зия уль-Хак ӛзі басқарды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет