А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


Бірінші дҥниежҥзілік соғыс кезінде



Pdf көрінісі
бет73/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   134
Бірінші дҥниежҥзілік соғыс кезінде
, 1915 жылы наурыз-
да Иранды бӛліп алу туралы орыс-ағылшын келісімі бекітілді. 
Ағылшындар ӛз әскерін Иранның оңтүстігіне, ал орыстар сол-
түстігіне кіргізді. 
Алайда Иранда беделді үстемдік етіп тұрған Германия мен 
Түркия болды. Керманшахтағы түріктер жаулап алған террито-
рияда 1916 жылы нағыз германдық үкімет құрылды, ал осы кез-
де Тегеранда Ресей және Англия кабинеті құрылды. Дегенмен
екі үкіметтің де билігі нашар болды.
1917 жылы Ресейдегі ақпан революциясынан кейін Иран-
дағы орыс әскерлерінен солдат комитеттері, сосын жұмысшы 
және солдат депутаттар Кеңесі құрылды. 1917 жылы 24 қараша-
да совнаркомның «Шығыс пен Ресейдің барлық еңбекші мұсыл-
мандарына» деген үндеуінен кейін Парсына бӛлу келісімдері 
күшін жойды. 1917 жылы желтоқсанда Ираннан орыс әскерле-
рін тез арада кӛшіру туралы хабарланды. 
1918 жылдың басында солтүстікке ағылшын армиясы 
енгізіліп, Решт және Энзели порттарын ӛз бақылауларына алды. 
Сосын ағылшындар солтүстік шығысқа қарай жылжып Закаспий 
облысын ӛздеріне қаратты. 1918 жылы тамызда бүкіл елге ӛз 
бақылауын орнатты. 
1918 жылы күзде ағылшын-иран келіссӛзі болып, ол
1919 жылы 9 тамызда келісімге қол қоюмен аяқталды. Оның нә-
тижесі бүкіл Иранда Англияның протектараты ету болатын.
Бұл халықтың наразылығын тудырды. Елде кӛтерілістер 
басталды, ал Ахмед-шах Каджар осы кезде шетелде болатын. 
Орталық билік болмады десе де болады. Мұның барлығы 1919-
1920 жылдарда болды. Иранның ұлттық аудандарында 
(Әзірбайжан, Хоросан, Глилин, Күртстан) жергілікті сепаратис-
тік үкіметтер құрылды. 
1920 жылы маусымда нағыз ағылшындықүкіметі Восуг 
эд-Доуле отставкаға кетті. Ал жаңа үкімет ағылшын-иран келісі-
мін мойындаудан бас тартты, оның үстіне оны мәжіліс бекіткен 
жоқ болатын. 1920 жылы қыркүйекте Англия Ираннан тез арада 
келісімді мойындауды талап етті, алайда ирандық үкімет ӛз 


116 
делегациясын Мәскеуге жіберді, екі жақты қарсыластық кезінде 
мүмкіндікке ие болам деп үміттенді. 
Осы кезде саясатқа армия араласты. Бригада базасынан 
жаңа құрылған девизия командирі подполковник 
Реза-хан
1921 жылы 21 ақпанда
ӛз бӛлімшесін 
Тегеранға кіргізіп
, мемле-
кеттік тӛңкеріс жасады. Ол ӛзі әскери министр орнын иемденіп, 
үкіметті ауыстырды. 
1921 жылы 26 ақпанда
Мәскеуде кеңес-иран келісіміне 
қол қойылды. Кеңестік Ресей Каспий теңізіндегі бірнеше аралды 
Иранға берді. Ал 5-6 бапта Иран территориясына орыс әскерін 
кіргізу туралы айтылды.
1921 жылы
мамырдан бастап елдегі нақты билік әскери 
министр 
Реза-ханның 
қолына кӛшеді. 1921 жылдың күзінен 
1922 жылдың кӛктеміне дейін ол Ирандағы сепаратистік кӛтері-
лістерді басты. Оның талабы бойынша ағылшын әскері, қаржы-
гер кеңесшілері Иранды тастап кетті. 
Орталық билік бекіді: ел 6 облысқа бӛлініп, оның әрқай-
сысында әскери жағдай енгізіп, билік әскери губернаторлар қо-
лына кӛшті. Барлық түрдегі әскери бӛлімшелер әскери министр, 
яғни олар тікелей Реза-ханға бағынды.
1923 жылы Реза хан
елдің батысындағы күрдтер мен лур-
лардың сепаратистік бас кӛтерулерін толық басып жаншыды. 
Сӛйтіп ӛзінің - 
«Жаңару»партиясын құрды.
1923 жылы қазан 
айынан бастап 
Реза-хан премьер-министр болды
. Ол Ахмед-
шахты біржолата шетелде қалдырды. Оның жеке беделі тез ӛсе 
бастады.
1925 жылы ақпанда мәжіліс оған Жоғарғы қолбасшы титу-
лын берді (Иранда ол шах). Осы кезде Реза-хан құрған «Жаңа-
ру» партиясы - алыпсатарлықты жою, Иранның ұлттық беделін 
күшейту туралы реформа жүргізу үшін насихат жұмысын жүр-
гізді.
Реза-хан шейт дініне қолдау кӛрсетеді. Спирт ӛніміне 
тыйым салады т.б. діни мораль. Ол үкімет құрамына кӛрнекті 
діни ӛкілдерді кіргізеді. Осы уақыт ішінде Каджарлар әулеті 
біржолата жойылды.


117 
1925 жылы 31 қазанда шах орнын мәжіліс Реза-хан қолы-
на береді. Ал 1925 жылы 12 желтоқсанда шақырылған Құрылтай 
жиналыс Реза-ханды жаңа династия Пехвелидің шахы деп та-
ғайындады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет