А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


Реза-шахтың экономикалық саясаты



Pdf көрінісі
бет75/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   134
Реза-шахтың экономикалық саясаты.
Сепаратистерді 
жою барысында тайпа кӛсемдері мен басқа да жериеленуші-
лердің жері тәркіленді. Аудандарда 80% жер тәркіленді. Бұл 
жерлер Реза-шахтың жақындары мен оның офицерлеріне беріл-
ді. Осындай тәсіл бойынша 2,5 млн. га жер қайта бӛлінді. Ал 
оны пайдалануда ештеңе ӛзгерген жоқ: жаңа қожайындар да, 
бұрынғылар секілді шаруалардан тӛлем ақы алып отырды. 
Тек 1928 жылы ғана жерге жеке меншік туралы заң қа-
былданды. Жеке адамдарға мемлекеттік қор арқылы жерді сату 
басталды. 1930 жылы бір уақытта жеке меншіктегі жерге тиіс-
пеу туралы заң қабылданды, яғни жерді күштеп тартып алуға 
қарсы. Осы жылы мемлекеттік Ауылшаруашылық банкі құры-
лып, ол ауыл шаруашылық ӛндірісін дамытуға несие бере бас-
тады.
Техникалық мәдениетті дамыту үшін мемлекет осы бағыт-
та жеңілдік несие және салықты қысқартып отырды. Алайда, 
Иранда ауыл шаруашылығында дәстүрлі қатынас сақталып қал-
ды. Шаруалар жерді жалға алды, ал оны түскен ӛнімнің жарты-
сымен ӛтеп отырды; су, мал, құрал-сайман үшін де тӛлеуге тура 
келді. Жалға тӛлем түскен ӛнімнің 1/2-нен 4/5-не дейін барды. 
Тек 1939 жылы ғана арендалық тӛлем ақыны реттейтін заң қа-
былданды. 


119 
Экономикалық саясатты жүргізу нәтижесінен ұлттық еге-
мендікті бекіте түсті, шетелдік капиталдан тәуелсіз болды.
1928 жылы-ақ Иранның ұлттық банкі құрылды, оған біртіндеп 
Ағышын банкінің ӛкілеттілігі беріле бастады.
Үкімет ӛнеркәсіп саласын дамытуды қолға алды.
1930 жылдан бастап машина мен құрал жабдықты лицензиясыз 
кіргізе бастады, импорт пен кедендік баж салығына жеңілдік бе-
рілді, яғни егер ол ӛнеркісіпті дамытуға жұмсалатын болса. Қай-
та құрылып жатқан ӛнеркәсіп орындары 5 жылға дейін әртүрлі 
салықтан босатылды. 
Химия, целинит, қант шығару секілді ірі ӛнеркәсіптердің 
құрылыстары салынды. Тау-кен, жеңіл ӛнеркәсіп саласы дамы-
ды, әскери техника ӛндірісі ӛсіп, ауыл шаруашылық шикізатын 
ӛңдеу ӛсті. Иранның барлық ӛнеркәсібіне мемлекеттік қордан 
инвестиция бӛлінді. 
Ағылшын ықпалын жою үшін Реза-шах Германияның эко-
номикалық кӛмегін қабылдады. Елге кӛптеген неміс техникалық 
мамандары шақырылды, немістің құрал-жабдықтары тасымал-
данды. 1931 жылы Иранда сыртқы сауданы дамыту үшін мемле-
кеттік монополия құрылды, ол арқылы импортты қысқартып, 
кез келген жолмен экспортты дамыту қолға алынды. Тіпті ағыл-
шын-иран мұнай компаниясы арасындағы келісімді қайта қарау 
қолға алынды. 
Ондағы келісімде Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін-ақ, 
60 жыл мерзімге ағылшындар иемденіп алған болатын. Келісім 
бойынша Иран үкіметі кірістің белгілі мӛлшерін ғана иемденіп 
отырды. Бұл Иран үшін тиімсіз болды. 1932 жылы Иран келі-
сімді жойып, Англиямен қайта келіссӛз бастады, ол жаңа келісім 
жасаумен аяқталды. 
Жаңа концессия тағы да 60 жыл мерзімге жасалды
(1933 ж. басталды), бірақ пайдалану ауданы және оның ауқымы 
қысқартылды. Мұнда табыс кӛлемі Иран пайдасына шешілді. 
Ирандағы ағылшындардың экономикалық жеңілдіктері 
кӛп қысқарды. Ал Иранның шетелдіктерге тәуелділігі біршама 
азайды. 


120 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет