146
1931 жылы маусымда КСРО-мен «Бейтараптық және ӛзара шаб-
уыл жасаспау» келісіміне қол қойды. КСРО Ауғанстанның сырт-
қы саудасында бірінші орында болды.
Дүниежүзілік экономикалық
дағдарыс Ауғанстанға ауыр
тиген жоқ, ӛйткені ауған экспортының кӛп бӛлігі КСРО-ға шы-
ғарылып тұратын (каракуль). Ұлттық валюта - күміс рупий құн-
сыздана бастаған кезде ғана зардап сезіле бастады. Бұл британ-
дық Үндістан әлемдік нарыққа кӛп кӛлемде күмісті жіберген
кезде пайда болды, нәтижесінде күміс және оның бағасы түсіп,
ал басқа барлық тауар құны ӛсіп кетеді. Ел жеңіл займ алушыға
айналды - Англиядан, Германиядан, Швециядан,
тіпті
Чехословакия және Польшадан да алынды.
Осы кезде ішкі саяси жағдай тұрақтанды, армия барлық
сепаратистік күштерді жойды. Алайда Надир-шахпен күресті
Римдегі Аманулланың жақтастары бастайды. 1932 жылы
Берлинде шахтың бауыры Мұхаммед Азиз-хан ӛлтірілді;
бұған
жауап ретінде Надир-шах Кабулда Аманулланың бірнеше жақ-
тастарын жазаға тартады. 1933 жылы Аманулланың туысы
Надир-шахты ӛлтірді. Жаңа
патша болып оның баласы
Мұхаммед Закир-шах
тағайындалды. Ол ӛте білімді және модер-
низация жүргізу керектігін түсіне білген адам болды. Ол дәстүр-
лі ӛмір жағдайын жақсы білгендіктен модернизацияны абайлап
жүргізу керектігін түсінді. Сол үшін жаңаруды ірі қалалардың
бірі Кабулдан бастауды жӛн кӛрді. Ол әкесінің абайлап қимыл-
дау тәсілімен ел басқарды. Кӛсемдердің жынына тимеу үшін
олардың тайпасы мен территориясына мүлдем тиіскен жоқ.
Бұрын Надир-шах кезінде (1931 ж.) қабылданған Консти-
туцияға байланысты елде парламент енгізілді. Тӛменгі палатаға
сайлау тікелей корольдің бақылауымен жүргізілді.
Біртіндеп модернизация жүре бастады. Бірақ ол ірі қала-
ларда ғана байқалды. Жаңа мектептер ашылды, Кабулда универ-
ситет
жұмыс істей бастады, яғни Ауғанстандағы еуропалық бі-
лімнің кӛзіне айналды.
1936 жылы арнайы екі мемлекеттік тіл енгізілді,
пушту
және дари- (парсы тілінің тәжіктік нұсқасы), осы тілдерге бір-
тіндеп кітаптар аударыла бастады.
147
1939 жылы мемлекеттік фабрика-зауттарды жеке меншік-
ке сату туралы шешім қабылданды, бірақ экономиканың дамуы
онша байқала қойған жоқ. Әсіресе инфрақұрылым дамыған жоқ:
елде темір жол, трансауғандық тас жол магистралі т.б. болмады.
Экономикалық қызметтің бірден бір кӛрнекті түрі контра-
банда болды. яғни пушту тайпалары жыл сайын заңсыз мал са-
тумен айналысты. Сол үшін Ауғанстанда
мемлекеттік монопо-
лияны сыртқы саудаға жеткізу таза немқұрайлы түрде болды.
Екінші дүниежүзілік соғыс басталарда Ауғанстан арнайы
түрде бейтараптық жариялады, бірақ 1941 жылы КСРО-ның қы-
сым кӛрсетуімен елді герман ӛкілдері мен фашистік тыңшылар-
дан тазалау қолға алынды.
Достарыңызбен бөлісу: