138
яғни 1930 жылдардағы Ирактың Кувейтке деген талабы болды,
бірақ нақты себеп ауыр қаржылық жағдайдан шығу жолы бола-
тын. Ӛйткені Иранмен болған
соғыс Ирактың әскери шығыны-
ның ӛсуіне алып келді, ол 100 млрд. долларға жетті (тек араб
емес несие берушілерге қарызы 35 млрд. долл. болды), ал
Кувейт ӛте бай ел болатын.
Ирактың бұл соғысы еш негізсіз болғандықтан тез арада
жергілікті сынға ұшырады. 1990 жылы 2 тамызда БҰҰ-ның Қа-
уіпсіздік Кеңесі №660 шешімі бойынша Кувейттен тез арада
Ирак әскерін шығаруды талап етті. Ал 6 тамыз күні Иракқа қар-
сы экономикалық жазалау шаралары енгізілді. Ирактың бұл әре-
кетін Египет, Сауд Аравиясы, Сирия, Біріккен Араб әмірлігі, со-
нымен бірге АҚШ, Англия және Франция шексіз сынға алды.
Халықаралық қарулы күшті құру үшін
бұл аймаққа шетелдік
әскерлер түсіріле бастады.
Бірнеше айға созылған нәтижесіз дипломатиялық байла-
ныс арқылы бұл дағдарыстың алдын алу үшін жүргізілген нәти-
жесіз күштен соң, 1991 жылы 17 қаңтарда Халықаралық әскери
күш
«Шӛлдегі дауыл» операциясын
бастады, яғни бұл 42 күннен
кейін ирактық әскердің толық талқандалуымен аяқталды. Ирак
әскері үлкен шығынға ұшырады: тек қаза болған адам саны 100
мыңға жетті. Соғыс Иракқа 60 млн. долл. шығын алып келді.
1991 жылы ақпан айының соңында Саддам Хусейн БҰҰ-ның
барлық талаптарын орындауға дайын екенін хабарлады. Алайда
ел халықаралық қауымдастықтың қатал бақылауына алынды.
Соғыс аяқталғаннан кейін де Ирак ісіне халықаралық қа-
уымдастықтың араласуы аяқталған жоқ. 1991 жылдан 1999 жыл
аралығында БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Ирак туралы 13 резо-
люция қабылдады. Бірақ БҰҰ-ның инспекторлары ядролық қару
жасау бағдарламасы туралы ешқандай құжат таба алған жоқ.
Сонымен бірге БҰҰ екі мәселемен айналысты: 1) күрдтер-
ді қорғау және 2) Ирак территориясындағы ядролық қаруды
жою. Халықаралық сарапшылардың
арнайы тобы зымыран
ұшыратын, ядро орнататын алаңды және химиялық немесе ядро-
лық қару жасайды немесе сақтайды деген барлық мекемелерді
бақылауға алды. 1992 жылы ирактық ұшақтардың ұшуына
139
тыйым салынған аймақтар пайда болды. Бұл ауданды Батыс әуе
армиясы қарауылға алып Ирак ұшақтарын еш негізсіз атып түсі-
ріп отырды. 1993 жылы Бағдад маңындағы зымыран жасайтын
заводты американдық және ағылшын ұшақтары талқандап тас-
тады, сонымен бірге Ирак барлаушылары
орналысқан ғимарат-
ты да талқандады.
1994 жылы қарашада Ирак арнайы Кувейттің егемендігін
мойындады және Кувейтке келтірген шығынын ӛтеу үшін ко-
миссия құруға келісімін берді. Алайда 1995 жылы Ирактың яд-
ролық бағдарламасының басшысы Хусейн Кемель әл-Меджид
Иорданияға қашып кетті; бұл американдықтардың ашу-ызасына
тиді. 1996 жылы қыркүйекте Солтүстіктегі күрдтер мен ирактық
армия арасындағы шиеленіс кезіде АҚШ Ирак территория-
сындағы әскери бекіністерге соққы берді. 1997-1998 жылдары
Ирак елдегі барлық халықаралық инспекторларды шығарды.
Ирак пен Халықаралық әскери күш арасы 1998 жылы на-
шарлай бастады (жаппай қырып-жоятын қаруды жою туралы
Ирактың уәдесіне күмән келтіре бастаған кезде).
1998 жылдың басында тіпті АҚШ президенті Б.Клинтон
қол қойған «Иракты азат ету» туралы Заң қабылданды. 1998 жы-
лы желтоқсанда ағылшын-американ әскери әуе күштері Иракта-
ғы бекіністерге соққы берді. Сӛйтіп,
«Шӛлдегі түлкі
»
операция-
сы
басталды. 1999-2000 жылдары Ирактың әскери әуе күштері
АҚШ және Англия ұшақтарын
атқылауын тоқтатқан жоқ, ал
олар да соққы беріп отырды.
2000 жылы Ирак мұнай ӛндірісін толықтай тоқтатты: Ха-
лықаралық экономикалық жазалау шаралары салдарынан болған
шығын 150 млрд. долларға жетті. Мұнайды сатуға тыйым са-
лынғаннан кейін Ирактың азық-түлік және дәрі-дәрмек сатып
алуға қаражаты болмады. Бұл халықтың зардап шегуіне алып
келді, 1990 жылдары елдегі балалар ӛлімі үш есеге дейін ӛсті,
бірақ С.Хусейн режимін жоюға шамалары келмеді. Ол елде бұ-
рынғыдай толыққанды билеуші болып қала берді,
алайда ішкі
тәртіпте қиындықтарға тап болды: 1995 жылы Ирактан Саддам
Хусейннің екі күйеу баласы қашып кетті; 1998-1999 жылдар
аралығында 33 генерал жазаға тартылды.
140
2001 жылдары да Иракта соғыс тоқтаған жоқ. Америка
және БҰҰ-ның комиссиясы жаппай қырып-жоятын қаруды із-
деумен болды. Ирак армиясы Солтүстіктегі күрдтердің ауданда-
рын талқандауларын әлі тоқтатқан жоқ. 2001
жылы ақпанның
17-нен 18-не қараған түнде АҚШ пен Ұлыбритания ұшақтары
Бағдадтан 10-30 шақырым жердегі әскери бекіністерді бомбалап
тастады.
2001 жылы 11 қыркүйектегі АҚШ-та болған лаңкестік
оқиғадан кейін лаңкестердің Иракпен байланысы бар деп тапты.
АҚШ, Ұлыбритания және олардың одақтастары Иракқа қайта
соққы беруге дайындық бастады. Ирак халықаралық лаңкестер-
дің ұйымдары бар деген 7 мемлекеттің құрамына кірді. Нәтиже-
сінде Ирак тез арада қырып-жоятын қару жасап жатыр деп,
АҚШ қайтадан халықаралық инспекторларды
Иракқа жіберуді
БҰҰ-нан талап етті.
Достарыңызбен бөлісу: