144
денгендердің иеліктері тәркіленді. Алайда бұл шара іске асқан
жоқ, ӛйткені Ауғанстанда жер иеленудің дәстүрлі түрі сақталып
келе жатқан болатын.
1925 жылға дейін орталықтандыруды күшейту туралы заң
қабылданды.
1923 жылы 10 сәуірде Ауғанстанда Негізгі заң қабылдан-
ды. Онда заң жобаларын, бюджетті және шетелдік келісімдерді
талқылап және бекіту үшін Мемлекеттік кеңес құру керектігі қа-
ралды. Бірінші рет елде жергілікті басқарудағы Кеңесші жина-
лысқа сайлау ұйымы құрылды.
Ауғанстанда білім беру жүйесі дамыды. Жаңа мектептер
салынды, соның ішінде Кабулда еуропалық үлгідегі мектептер
салынды, жастар шетелге оқуға жіберіліп отырды. Күнделікті
ӛмірде де ӛзгерістер байқалды. Аманулла-хан күнделікті қоғам-
дық ӛмірде діннің
әсерін шектеуді қолға алды, мемлекеттік за-
йырлы сот енгізілді, үкімет жергілікті молданы мемлекеттік ше-
неунік жағдайына кӛтеріп, оған жалақы тӛлеуді қолға алды.
Мұндай қайта құрулар қоғамның әртүрлі ӛкілдері ішінен
күшті оппозицияға алып келді; 1923 жылдың ӛзінде елде кӛте-
ріліс басталды, алайда үкімет бұған аса мән берген жоқ. Сауда-
герлерге қолдау кӛрсете отырып Аманулла ірі сауда компания-
сын құруды қарастырды, яғни үкімет атынан сыртқы сауда мо-
нополиясына құқық алды.
Дегенмен, елде мұндай саясатқа на-
разы болғандар ӛте кӛп болды.
Сонда да Аманулла ауған элитасы ішіндегі бірбеткей бас-
қарушы болды. Ол сыртқы кӛріністерге, халықаралық істерге
үлкен кӛңіл бӛлді. Ол белсенді түрде сыртқы саяси күштер жүр-
гізді. 1926 жылы «Ӛзара соғыс ашпау және бейтараптық» тура-
лы КСРО-мен Наманган келісіміне қол қойды, сосын Англиямен
сауда келісіміне қол қойып, елшілік шарт жасалды,
сонымен
бірге Германия, Франция, Италия және басқа еуропалық елдер-
мен келісімдер жасалды.
1927 жылдың соңында Аманулла ұзақ уақытқа (жеті ай)
шетелге сапарға шығады. Осының барысында ол кӛптеген ел-
дерде болды және Түркия мен КСРО-ға да ат табанын тіреді.
Оны Мұстафа Кемальдың Түркияда жүргізген реформалары таң
145
қалдырды. Мәскеуде Аманулла экономикалық байланыс туралы
келісім жасайды, кеңестік техника мамандары Ауғанстанға ша-
қырылды. Ол еліне бұрынғыдан да табанды шешіммен оралды.
Осы кезде бүкіл ел оның билігіне қарсы бас кӛтерулер жасап
жатқан болатын.
Аманулла Кабулға
лоя-джиргуды
(мәжіліс) шақырып, бо-
лашақ реформалардың толып жатқан нұсқасын ұсынды. Ірі фео-
далдар мен тайпа кӛсемдерінің билігін жою, шенеулік молдалар-
ды қайта аттестациядан ӛткізу, ер балалар мен қыздарды мек-
тепте
бірге оқыту, кӛп әйел алумен әйелдердің бетперде киіп
жүруіне тыйым салу. Сонымен бірге саяси реформа жасау да
ұсынылды: Ұлттық кеңес-парламент құру шешілді.
Дегенмен, Аманулланың мұндай ұсыныстарын лоя-джир-
гу мүшелері наразылықпен қабылдады, ал діндарлар оны ислам-
нан бас тартушы ретінде қарсы шықты. Дінге сенушілер
Амануллаға қарсы қасиетті соғыс-джихадқа шақырды.
Патшаға қарсы кӛтеріліс Джелалабадта басталды. Үкімет
әскері шығысқа аттанған кезде, солтүстікте тәжіктер кӛтеріліске
шықты оны Бачаи Сакао басқарды. Тәжіктер табанды түрде
Кабулға қарай жақындады. 1929 жылы 14
қаңтарда Аманулла
тақтан бас тартып, Кандагарға қашып кетті. Ал келесі күні
Бачаи Сакао Кабулды басып алып, ӛзін әмір деп жариялады.
Алайда, осы кезде Ауғанстанның шығысындағы Хост қа-
ласына
Надир-хан
келді. Ол Аманулла үкіметі кезінде қорғаныс
министрі болған. Үкімет әскерін басқарған Надир-хан Бачаи
Сакаоға соққы беріп, 1929 жылы 15
қазанда оны жазалап, ал
ӛзін патша деп жариялады.
Достарыңызбен бөлісу: