А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


Жапонияда тоталитарлық жҥйенің қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет17/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

Жапонияда тоталитарлық жҥйенің қалыптасуы.
1930 жылы үкімет билігі үшін күрес нәтижесінде армияда бір-бі-
ріне қарсы екі топ пайда болды: 
«император жолындағы топ»
(«группа императорского пути») («Кодоха») және 
«бақылаушы 
топ»
(«группа контроля») («Тосейха»).
Біріншісі 
жаңа концендермен, радикалды ұйымдармен жә-
не офицерлермен, соның ішінде «Жас офицерлер» ұйымымен 
тығыз байланыс орнатты. 
Олар елдің ішкі әлсіздігін пайдаланып, ірі капиталға қар-
сы шықты, «алыпсатар-капиталистерге», «саясаткер-сымақтар-
ға» қарсы шықты. 30-шы жылдары оның ӛкілдері елдің маңызды 
орындарын иемденіп алды.
Билік үшін күресте радикалдар террорлық жолды таңда-
ды, саяси партиялардың офистерінде бомба жарып, қастандық 
ұйымдастырды. 1931 жылы 2 қастандық ашылды, оның бірінде 
елдің премьер-министрі Ханагути қаза болды.
1932 жылы 15 мамырда «Жас офицерлер» ұйымының бү-
лікшілері премьер-министр Инукайды ӛлтірді. Елде репрессия 


25 
жүріп, бірнеше террористер қамауға алынды, бірақ басшылары 
ӛз орындарын сақтап қалды. Тек 1932 жылы қазан айында 2250 
адам қамауға алынды.
Армияның 
екінші 
тобы «Тосэйха», олар бүлікшілерді жо-
йып, «Жас офицерлерге» ӛз бақылауларын орнатуды қолға ал-
ды. Олар дәстүрлі ұлттық тұжырым идеологиясын ұстанып, қар-
жы топтары және император әулетімен тығыз байланыс орнат-
ты. 1934 жылы «бақылау тобы» 
Сэйюкай
партиясымен байланыс 
орнатады. 
1931 жылы қыркүйек айында Жапония сыртқы саясатта 
басқыншылық тәсілге кӛшіп, Қытайдағы Маньчжурияны басып 
алды. Бұл тез арада АҚШ және Еуропаның басқа державалары-
мен ара-қатынасты нашарлатып жіберді. Ұлттар Лигасында тал-
қыға түсіп 1933 жылы ақпанда Жапония бұл ұйымнан шығарыл-
ды. Бұл дипломатиялық оқшаулануға әкелді.
Жапония үлкен соғысқа дайындық жолында тұрды:
1934 жылы шілдеден бастап мемлекеттің ірі әскери тапсырыста-
рын орындау үшін ауыр ӛнеркәсіпті дамыту қолға алынды. Осы 
кезде жалдамалы жұмыс ӛсіп, жалақы тӛмендеп, жұмыс күні
11 сағатқа ұзартылды. 
1935 жылы Жапонияның билеуші топтары арасында, аза-
маттар мен әскерилер арасында күрес жалғаса берді. 1935 жыл-
дың басында Лондон конференциясында әскери-теңіз құқығына 
сәйкес Жапония дипломатиялық оқшаулану нәтижесінен ӛзінің 
әскери теңіз күшін қысқартуына тура келді. Бұл әскери адамдар 
жағынан үлкен сынға ұшырады. 
Осы кезден бастап Жапонияда бюрократия рӛлі күшейе 
бастады. 
Жапония «үлкен соғысқа» дайындалып, жаңа үлгідегі қа-
ру-жарақ шығара бастады, әскери ӛнеркәсіптеріндегі кәсіподақ 
ұйымдарын таратып жіберді. 
1936 жылы қарашада Германия және Италия мемлекетте-
рімен одақтық байланыс орнатты («Антикоминтерндік келісім 
шарт»). 
1937 жылдан бастап Жапонияда оқытушыларды «мораль-
дық жағынан қайта тәрбиелеу» туралы үндеухаттар таратыла 


26 
бастады. Осындай үндеу хаттар барлық мектептер мен универ-
ситеттерге жіберілді. Онда әрбір оқу орнының басшысы «ұлт-
тық сезім мен сананы оятып, мәдениеттендіруге» ат салысуы 
керек болды.
Ол үндеу хат «Кокутайдың негізгі қағидалары» (1937) деп 
аталды. Оның 
бірінші
бӛлімінде: императорлық билік туралы 
аңыздар айтылды. Ал 
екінші
бӛлімінде: жапон тарихының әдет-
ғұрпы, ӛмір сүру дәстүрі, ұлттық ерекшелігі, салттық және мо-
ральдық принципі, мәдени дамуының ерекшелігі, экономикасы 
және әскери ісі туралы айтылады. Қорытынды бӛлімінде: 
Жапония Батыс мәдениетін бойына сіңіріп, яғни Батыстың тех-
никалық жетістігін Шығыстың рухани құндылығымен байла-
ныстырушы бірден-бір ел. Сонымен «Кокутай» Жапониядағы 
тоталитарлық режимнің арнайы идеологиясына айналды.
1937 жылы наурызда князь Коноэ басшылығындағы үкі-
мет және армиядағы әртүрлі топтар, Сэйюкай партиясы 
Жапонияны тоталитарлық мемлекетке айналдыру идеясын қол-
дады. Осы 1937 жылы ұлттық рухты мобилизациялау Лигасы 
құрылды. Бұл ұйым елде милитаризмді насихаттауға кең жол 
ашты. 1937 жылы 7 шілдеде Жапония Қытайға соғыс ашты. 
1938 жылы қарашада Коноэ үкіметі «Шығыс Азияда жаңа 
тәртіп» орнату тұжырымын ұсынды: Жапония «жаңа Шығыс 
мәдениетін орнату мақсатында» «туыстас халықтарды» «батыс-
тық отарлаудан азат ету» рӛлін ӛз қолына алды.
1939 жылы Коноэ кабинетінің ғалымдары «шығыстық қа-
уымдастық» теориясын ұсынды - мұнда Жапония басшылығы 
бойынша Шығыс Азия халықтарының біртұтас мәдениеті үшін 
паназиялық, ұлтаралық қауымдастық құру керек болды.
1939 жылдың басында Жапонияда үкімет басына Хиранум ке-
ліп, ол алдыңғыдан да қатал саясат ұстанды. Ал 1939 жылы қыр-
күйекте Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда Жапония соғыс-
қа «араласпау саясатын» ұстанды. Алайда, Жапония Еуропадағы 
соғыс қимылдарын мұқият қадағалап отырды. 1940 жылы бүкіл 
Еуропа Германия қолында қалды, Франция тізе бүккені туралы 
құжатқа қол қойды. Еуропада тек Англия фашистік мемлекет-


27 
терге қарсы жалғыз соғысты. Ал осыны пайдаланып, Жапония 
Францияның отары Үндіқытайға соғыс ашты.
1940 жылы шілдеде Коноэ үкіметі қайта билікке келіп, 
елдегі саяси жүйе толығымен соғысқа бұрылды. Жапония со-
ғысқа дайындала бастады. «Ұлы шығысазиялық бірге гүлдену» 
идеологиясына енді қол жеткізуге кірісті.Жапония басқыншы-
лығының ең басты аймақтары: Маньчжоу Го, сосын Қытайды
француздық Үндіқытайды, ағылшын отарлары Бирма және 
Малаяны, 
голландиялық 
Индонезияны, 
американдық 
Филиппиндерді басып алу болды. Жапония 1940 жылы қыркү-
йекте Германия және Италиямен «үштік келісімшартқа» қол 
қойды. Сонымен, Жапония қай жаққа бет бұратынын нақты шешті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет