73
1963 жылы Нго Динь Дьемнің буддистермен шиеленісі
басталды. Тхит Чи Куанг және басқа монахтар репрессияға қар-
сы шығып, ӛздерін-ӛздері ӛртеп жіберді; Нго Динь Дьем үкіме-
тіне АҚШ кӛмек кӛрсетуден бас тартты; 1963 жылы қарашада
тӛңкеріс салдарынан ол қайтыс болды.
Одан кейін елдегі билікті генералдар бірінен кейін бірі
ауыстырып әскери тӛңкерістер басталды. 1965 жылдың екінші
жартысында екі генерал - Нгуен Као Ки және Нгуен Ван Тхиу
билікті ӛзара екіге бӛліп алды.
Тап осы жылдары АҚШ-тың бұл аймақ ісіне араласуы
басталды. 1961 жылдың ӛзінде-ақ АҚШ президенті Дж.
Кеннеди Оңтүстік Вьетнамға американдық кӛмекті кӛбейту
туралы шешім қабылдаған. Американдық әскери әуе күштері
партизандарға қарсы күрес жүргізді, АҚШ-тың Орталық барлау
басқармасы Вьетнамда құпия әрекеттер жасады, ӛздерінің әске-
ри кеңесшілерін жіберіп отырды. 1964 жылы мұндағы
американдық әскердің саны 390 мың адамға жетті.
1964 жылы тамызда Тонкин қақтығысы
басталды, яғни
американың әскери кемелері Тонкин шығанақ Солтүстік
Вьетнамның әскери қайықтарына шабуыл жасады.
АҚШ пре-
зиденті Л.Джонсон Конгрестен Солтүстік Вьетнамға қарсы әс-
кери-теңіз күші операциясын бастауға ӛкілеттілік алды.
1965 жылы ақпанда Солтүстік Вьетнам территориясын амери-
кандықтар жаппай бомбалай бастады, ал 1965 жылдан бастап
американдық әскер Оңтүстік Вьетнамдағы әскери қозғалысқа
кең түрде араласа бастады.
Бұл соғысқа басқа мемлекеттердің де кӛңілі бұрыла бас-
тады: Оңтүстік Вьетнамға Австралия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік
Корея, Филиппиндер және Таиланд қолдау кӛрсетті, ал Солтүс-
тік Вьетнамға КСРО кӛмек кӛрсетем
деп уәде берді, сонымен
бірге Вьетнамға Қытай 50 мың солдат кӛмекке жіберді.
АҚШ-тың ӛзінде бұл соғысқа қарсы наразылық басталды,
журналистер, студенттер т.б. бомбалауды тоқтатуды талап етті.
1966 жылы жазда Ханой және Хайфонды бомбалау басталды.
Осы жылдары Вьетнамдағы АҚШ әскерінің саны 550 мың
адамға жетті. 1967 жылы Солтүстік Вьетнамда американдық
74
бомбалау жаңа күшіне енді. Кӛп ұзамай Вьетконгтің - «Тет»
операциясы басталды, үлкен қалаларды басып алу. Ондаған
Оңтүстік Вьетнамның қалаларына Вьетконг әскери күштері
шабуыл жасады, американдықтар 6 мың адамынан айырылды.
1968 жылы 31 наурызда президент Л.Джонсон Солтүстік
Вьетнамды бомбалауды тоқтату туралы хабарлады, ал 1968 жы-
лы мамырда Парижде АҚШ пен Солтүстік Вьетнам арасында
алдын ала бейбіт келіссӛз басталды. 1968
жылы қарашада
Республикандық партиядан кандидат Ричард Никсон демократ
Губерт Хэмфриден басым түсіп, АҚШ-тың президенті болып
сайланды. Ол соғысты тоқтатуға уәде берді. 1969 жылдың шіл-
десінен бастап американдық әскерді Вьетнамнан шығара баста-
ды, бірақ Никсон соғысты «ветнамдау» туралы жариялады, яғ-
ни соғыстың негізгі ауыр жүгі вьетнамдық армия мойнына түс-
ті. 1969 жылғы
Хо Ши Миннің
қазасы соғысқа еш әсер еткен
жоқ.
1969 жылы Камбоджияны
территориясын бомбалау бас-
талды, яғни ол «Хо Ши Миннің соқпақ жолы» деп аталды, ол
Солтүстіктен кӛмек алып отырған жол болатын. 1971 жылы
американдық әскери әуе күшінен қолдау тапқан Оңтүстік
Вьетнам әскері Лаосқа басып кірді, олардың да мақсаты - «Хо
Ши Миннің соқпақ жолын» басып ӛту болатын. Дегенмен,
Вьетнамның айналасында соғыс ӛртін тарату ешқандай әскери
табыс әкелген жоқ.
1972 жылдан бастап АҚШ пен Солтүстік Вьетнам ара-
сында байланыс орнай бастады. Ал 1973 жылы қаңтарда АҚШ,
Солтүстік және Оңтүстік Вьетнам сонымен бірге Вьетконг бас-
шыларының Парижде кездесулері болды. Онда Вьетнам же-
рінде соғысты тоқтату және сайлауға дайындық туралы мәселе
қаралды. 1973 жылы сәуірде американдық әскери бӛлімше
Оңтүстік Вьетнамнан кетті, ал осы жылы тамызда АҚШ Конг-
ресі Оңтүстік Вьетнам мен Камбоджияға қаржылай кӛмек кӛр-
сетуді тоқтату туралы заң қабылдады. Сонымен 1973-1974 жыл-
дары Оңтүстіктегі Нгуен Ван Тхиеудің миллиондаған армиясы
200 мыңдық Солтүстік Вьетнамның және 100 мыңдық Вьетконг
армиясынан жеңіле бастады. Нәтижесінде 1975 жылдың басын-
75
да американдықтарды
сатқындар деп айыптаған
Нгуен Ван
Тхиеу
отставкаға кетті. Үкіметті генерал
Зыонг Ван Минь
бас-
қарды. 1975 жылы 30 сәуірде Солтүстік Вьетнам әскері Сайгон-
ға басып кірді. Оңтүстік Вьетнамдағы Нгуен Ван Тхиеу режимі
құлады.
Достарыңызбен бөлісу: