А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


ХХ ғасырдың соңы, ХХІ ғасырдың басындағы Иран



Pdf көрінісі
бет83/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

ХХ ғасырдың соңы, ХХІ ғасырдың басындағы Иран.
Хомейни қаза болған соң оның орнын 
Әли Сайед Хаменеи
ием-
денді, премьер-министр орны жойылды, ал президент болып 
Хашеми-Рафсанджани
тағайындалды; ол барлық атқарушы би-
лікті ӛз қолына алды. Оның позициясы 1992 жылғы мәжіліске 
сайлаудан кейін күшейе түсті.
Ирактың жеңілісімен аяқталған Парсы шығанағындағы со-
ғыстан соң Иран ӛзін осы аймақтағы алдыңғы қатарлы держава 
секілді сезінді. Ол Батыс елдерімен де қарым-қатынасты жақсар-
та бастады. 1990 жылдардың ортасында Ираның ішкі кірісі 
6,5%-ды құрады, ал соңында 10%-ға ӛсті. Бірақ экономикалық 


131 
жағдай нашар күйінде қалды. Ӛнеркәсіп орындарының кӛбі жа-
бық болды, сыртқы қарыз ӛсті, ақша құнсызданды, шетелдік ин-
вестиция да ӛте аз күйінде қала берді.
Біртіндеп елдегі исламдық батыл әрекеттерді қолдаушы-
лар әлсірей бастады. Қоғамдағы кӛшбасшылық үшін үш саяси 
күш ерекшелене бастады:
1) Центристер - президент Рафсанджанидің жақтастары; 
2) Консерваторлар - бұрынғы діни ӛкіл Әли Сайед-
Хаменеидің жақтастары; 
3) Мұхаммед Хатами тӛңірегіндегі реформаторлар. 
1997 жылы 69,7% дауыспен М.Хатами президент болып 
сайланды. Бұл мәжіліс басшысы 
Натек Нури
мен дінбасылары-
на соққы болып тиді. М.Хатами бұрын ӛзі де исламдық батыл 
әрекеттерді қолдаушы болған: 1980 жылдары аятолла Хомейни-
дің халық алдында айтатын сӛздерін даярлаған, 1979 жылы 
Тегерандағы американдық елшілікті басып алуға қатысты, ис-
ламды дәріптеді. Билікке келісімен М.Хатами сыртқы істер, ішкі 
істер, мәдени т.б. министрлік орындардың барлығына ӛзінің 
жақтастарын қойды; елдің бірінші вице-министрі әйел болды. 
1998 жылы Хатами АҚШ-пен қарым-қатынасты жақсарту мақ-
сатында 1979 жылғы оқиға үшін кешірім сұрады. 
1998 жылы маусымда Иранның әлемдік футбол чемпиона-
тына қатысуы зор жеңіспен жүрді; 1999 жылы Ирандық «Тәңір 
балалары» фильмі АҚШ-ғы «Оскар» сыйлығына ұсынылды. 
1998 жылы елде поп музыка, спутникті телевидениеге, галстук 
тағуға рұқсат берілді. 1999 жылы иранда интернетке деген қы-
зығушылық етек алды. Тегеранның ӛзінде 400-ден астам Интер-
нет-кафелер жұмыс істеді. 
Коммуникацияның жаңа үлгісінің дамуы елдің оқшаула-
нуын шектей бастады. Реформаторлардың қолдауымен елде 
«жаңа ирандықтар», әйелдер, білімді жастар кӛбейді. Қазірдің 
ӛзінде студенттердің 40% әйелдер құрайды. Жоғарғы оқу орын-
дарына және мәжіліс депутаттарының ⅓ бӛлігі әйелдер. Иран-
ның беделді қызметкерлерінің әйелдері мен әйел туыстары қазір 
елдің әйелдер қозғалысының кӛшбасшылары. 


132 
2000 жылы ақпанда Иранда парламенттік мәжіліс сайлауы 
болды. 290 орынның 163-ін 
М.Хатамидің
Исламдық майдан 
партиясы иемденді; имам Хомейнидің ізбасарлары тек 44 орын-
ға ие болды. Бұдан Иранда реформалар саясаты күшейіп, алдың-
ғы қатарлы ӛкілдердің парламентке бақылауын жоғалтқанын 
кӛруге болады. 
Алайда, Иранда бұрынғы іргелі адамдардың билігі түбе-
гейлі жойылған жоқ. Мысалы факих орындағы 
А.С.Хаменеи
күшті тетікті иемденуде және Бақылаушы Кеңес, яғни елде бо-
лып жатқан оқиғаны 12 дінбасы мұқият бақылап отырды. 
Танымал реформатор, жас молда Мохсед Кадиварды 18 
айға қамауға алды. Ол елдегі саяси билік шеиттік идеологтарға 
емес халыққа тиесілі болу керек деген болатын. 
Иранның Ресеймен қарым-қатынасы табысты дамыды: екі 
елдің сауда байланысы 1990 жылмен салыстырғанда 2000 жылы 
20% ӛсті. 1995 жылдан бастап Ресейдің қатысуымен Ирандағы 
Бушир қаласында атом электростанциясының құрылысы бастал-
ды. 2001 жылы наурызда Иранның президенті М.Хатами 
Мәскеуге ресми сапармен келіп, ресейлік президент В.В.Путин-
мен кездесті. Ресейдің басшылығымен екі жақ ұзақтығы 7 мың 
км
«Шахиб-3» зымыран ұшағын сынақтан ӛткізді.
2001 жылы сәуірден бастап Ирандағы реформистердің 
беделі әлсірей бастады: 36 либералды баспахана жабылды, мың-
даған адамдар, олардың ішінде М.Хатамидің кӛрнекті жақтаста-
ры тұтқындалды. Бірақ 2001 жылы маусымда сайлау М.Хатами-
ға тағы да жеңіс алып келді, ол 88% дауысқа ие болды, ал оның 
бәсекелесі тек 61% ие болды. Алайда «жауына ӛте жұмсақ қаты-
насы» үшін президент аятолла жағынан үлкен сынға ұшырады.
2001 жылдан кейін Иран «халықаралық лаңкестікті тара-
тушы» деген айыптан арыла бастады. «Хесболла» ұйымының 
қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы елден қуылды. Ливан, 
Судан және Боснядан 700 ирандық кеңесшілер елге шақырылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет