Жаңа экспорттық дақылдардың пайда болуы.
Отар-
шылдар ӛздерінің экспорттық талаптарын қанағаттандыру үшін
ауыл шаруашылығымен ғана күн кӛріп отырған жергілікті ха-
лықты қанауды күшейте түсті. Дегенмен тәуелді елдер сол кез-
ден бастап-ақ бұрын ӛздерінде болмаған дақылдарды кӛп мӛл-
шерде экспортқа шығара бастады - Үндістанда шәй, Индонезия-
да кофе, ал Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияның барлық ел-
дерінде каучук ӛндірілді. Сонымен, бірге отарларда мақта, кен-
дір, қант, темекі, какос және пальма майлары, жүзім, цитрус се-
кілді ӛздерінің бұрыннан бері ӛндіріп келе жатқан дәстүрлі шар-
уашылығының ауқымы кеңейіп, оларды да экспортқа шығара
бастады.
Шығыстың кейбір елдерінде (мысалы Египетте) жеміс-
жидек және мақта ӛсіру бойынша жер танабы компаниялары
шаруашылықтың әртүрлі салаларын ұйымдастырды және оған
қосымша дәнді дақылдар, малдың жем-шӛбін, ірі мал ӛсіру фер-
малары құрылып, ӛз ӛнімдерін ӛңдеп шығару үшін заводтар са-
лу құрылысы да қолға алынды. Мұндай шаруашылықтың капи-
талистік құрылысы Алжирде де қолға алынды. Сонымен ауыл
шаруашылығында бәсекелестік кӛрсетіп отырған державалар
біртіндеп жоғарғы кірісті шаруашылықты халықаралық нарыққа
шығарды.
15
Плантациялық шаруашылықтың жергілікті экономи-
камен байланысы.
Плантациялық шаруашылықтар құрылған-
нан кейін акционерлік қоғамдар мен жекеменшік қожалықта-
рында жалдамалы жұмысшылар мәселесіне қатысты қиындық-
тар пайда болды. Шығыс елдерінде жалдамалы еңбек және жұ-
мыс күшінің жаппай нарығы енді ғана құрылып жатқан бола-
тын, сондықтан плантацияларда кӛбінесе келісім бойынша жұ-
мысқа келген жұмысшылар, мерзімдік жұмысшылар, яғни бір-
шама дамыған аудандардан уақытша келген мигранттар (мыса-
лы, Қытайдан, Үндістаннан және Оңтүстік-Шығыс Азияның бір-
қатар елдерінен).
Акционерлік қоғам негізінде құрылған ірі шаруашылық-
тар немесе орташа және ұсақ плантация иелерінің әкімшілік жұ-
мысшыларымен емес тек басты жұмыс берушілермен келісім-
шарт жасап отырды. Шартқа қол қойып, алдын-ала келісілген
ақшаны алғаннан кейін, келісім мерзімі аяқталғанша жанама
түрде тәуелді болды. Мұндай шарт жүйесі немқұрайлы түрде
1920-шы жылы жойылғанмен, бірақ кейінгі жылдары да жалғаса
берді.
Даму жолының келесі баспалдағы жергілікті экономика-
ның айырбас және қолданыс түрінің қауымдасу ағымы болды.
Дегенмен, отарлардың шетелдік (заманауи) және жергілікті
(дәстүрлі) секторлары арасындағы байланыс тек Екінші дүние-
жүзілік соғыстан кейін ғана басталды. Осы кездегі иммиграция-
лық жұмыс күші және акционерлік қоғам аясында құрылған ка-
питалистік отарлық шаруашылық кӛп уақытқа дейін, капиталис-
тік шаруашылыққа дейінгі құрылыммен бір-бірімен іргелес жұ-
мыс жүргізді.
Ірі плантациялық шаруашылық отаршылдықтың теріс әре-
кетінде болды: шетелдік капитал, шартты жұмысшы, шаруашы-
лықтың іргелес дамуы және т.б. Ең ауыры әлеуметтік-экономи-
калық зардап еді: аграрлық елді-мекендер құру, дәстүрлі сек-
тордан плантация үшін ірі пайдалы жерді алу. Алайда, ӛз кезін-
де бұл іс-шара отарларда капиталистік даму процесінің дамуына
үлкен үлес қосты.
|