А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


Отарлық жҥйедегі саяси ӛзгерістер



Pdf көрінісі
бет6/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134
Отарлық жҥйедегі саяси ӛзгерістер.
Отаршыл – қоныс-
танушылар бастапқы кезде жат жерге біртіндеп орналаса баста-
ды, осыдан кейін жергілікті халық шеткері және нашар жер-
лерге кӛшіп кетеді, ал қалғаны кӛп жағдайда бір-біріне сіңісіп 
кетеді (ассимиляция). Мұндай жағдай кӛбіне Солтүстік 
Америка, Австралия және Жаңа Зеландия жерлерінде болды, 
сонымен бірге бурлардың Оңтүстік-Африкалық республика-
сында кездеседі. Бұл жерлерде уақыт ӛте келе еуропалық үлгі-
дегі мемлекеттер пайда болды.
Ал кейбір отар жерлер еуропалықтар үшін ӛте тиімсіз 
болды. Осындай жерлерде еуропалықтар аз ғана болды, тұтас 
Африкада, Индонезия және Океанияда. Бұл аймақтар үнемі әл-
сіздігімен ерекшеленді, саяси-әкімшілік және мемлекеттік мүл-
дем болмады. Бұл жерлер отаршылдар үшін шығынсыз табыс 
кӛзіне айналды. 
Отарлық жҥйедегі алғашқы шиеленістер.
Шығыс қоға-
мының тәуелділігі ерте кезден-ақ басталды. Бастапқы кезеңіне 


10 
Испания мен Португалияны алар болсақ, ал кейін келе кӛшбас-
шылық орынға - Нидерланды, Англия, Франция кӛтерілді. Со-
нымен бірге ӛз мемлекетінің атымен сӛйлеп және қолдануына 
ие болған монополиялық-компаниялар да (Вест-Инд, Ост-Инд, 
Левантия т.б.) болды. Осының артынша (ХҮІІІ ғ. ортасынан 
бастап) ағылшын-француз бақталастығы алдыңғы орынға шы-
ғып, ол ХІХ ғасыр бойы жалғасты. Тап осы бақталас держава-
лар арасында екі үрдіс пайда болды: саяси және әскери шиеле-
ніс. Африка жерінде Англия, Франция, Португалия, Бельгия жә-
не Германия белсенді отарлық саясат жүргізді. Франция 
Египетке табан тіреп тұрып алған кезде, Англия құпия келісім 
арқылы Тунисті басып алып, артынша Мароккоға жорыққа да-
йындық бастады. Ал кейбір жағдайда отаршылдар ӛз ықпалда-
рына қарай бӛліп алу әдісін де пайдаланды. Осындай «ықпал 
аймағы» ретінде бӛліске түскен Қытайды бірнеше еуропалық 
державалар иемденіп, кейін бұл (ХІХ ғ. соңы) оларға «ортақ 
клубқа» АҚШ пен Жапония да қосылды. 
ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың басында империалис-
тік державалар арасында алдағы дүниежүзілік соғыстың іргесін 
қалаған алғашқы ірі шиеленістер басталды. Бұл 1898 жылғы 
испан-американ соғысы, 1899-1902 жылдардағы ағылшын-бур 
соғысы, 1904-1905 жылдардағы орыс-жапон соғысы болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет